«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


 Жерді қайта құнарландыру



Pdf көрінісі
бет31/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
9.3. Жерді қайта құнарландыру 
Адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған
топырағы ластанған, гидрологиялық режимі және жер бедері өзгерген жерлерді 
бұзылған деп атайды. 
Бұл жерлерді шаруашылық мақсатында қайта пайдалану үшін оларды 
қалпына келтіру қажет. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру үрдісін 
рекультивация деп атайды. 
Рекультивация екі кезеңге бөлінеді: таутехникалық және биологиялық. 
Таутехникалық кезеңде аймақты дайындау жүргізіледі: оны пайдалануға 
қолайлы түрге келтіріп, құнарлы топырақ төселеді. Биологиялық кезең 
ауылшаруашылық дақылдарын егу, ағаш отырғызу арқылы бұзылған жерлерді 
қалпына келтіруге негізделген. 
Қазіргі кезде жерді қалпына келтіру үшін орман отырғызу жиі 
қолданылады. 
Бұзылған жерлердегі қалпына келтіру жұмыстары таутехникалық, 
мелиоративті, орман шаруашылықты, ауыл шаруашылықты кешенді шараларды 
қамтиды. 
9.4. Ауыл шаруашылығын химияландыру 
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар мен улы 
химикаттарды қолдану жылдан жылға артып келеді. Ауыл шаруашылығында 
тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы 
қолданылатын химиялық заттар топыраққа айтарлықтай әсер етеді.


40 
Өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, экопаразиттерге 
қарсы қолданылатын химиялық заттарды пестицидтер (латын тілінен pestis – 
жұқпалы ауыру, cido - өлтіремін) деп атайды. 
Химиялық табиғатына және патогендік қасиетіне байланысты 
пестицидтер келесі түрде жіктеледі: гигиеналық, химиялық, өнеркәсіптік. 
Пестицидтер улылық дәрежесі әртүрлі болуымен ерекшеленеді. 
Улылығына байланысты пестицидтерді: күшті әсер ететін улы заттар, улылығы 
жоғары, улылығы орташа және улылығы төмен деп бөледі. 
Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 
екі жылдан астам), тұрақты (ыдырау уақыты жарты жылдан бір жылға дейін), 
орташа тұрақты (ыдырау уақыты бір айдан алты айға дейін) және тұрақтылығы 
төмен (ыдырау уақыты бір ай) деп бөледі. 
Құрамына 
байланысты 
пестицидтер: 
хлорорганикалық, 
фосфорорганикалық және сынапорганикалық болып бөлінеді. 
Әсер ету объектісіне және табиғатына байланысты пестицидтер келесі 
топтарға бөлінеді: 

акарецидтер – кенелермен күресу үшін; 

альгицидтер – балдырлар мен су өсімдіктерін жою үшін; 

антисептиктер – бейметал материалдарды микроағзалардан қорғау 
үшін; 

бактерицидтер - өсімдіктердің бактериалды ауруларымен күресу үшін; 

зооцидтер – кемірушілермен күресу үшін; 

нематоцидтер – жұмыр құрттармен күресу үшін; 

инсектицидтер – зиянкес жәндіктермен күресу үшін; 

фунгицидтер – топырақтағы саңыруқұлақтармен күресу үшін; 

гербицидтер – арамшөптерді жою үшін. 
Пестицидтері 
пайдалану 
ауыл 
шаруашылығының 
өнімдерін 
арттырғанмен 
топыраққа 
өте 
зиянды. 
Пестицидтердің 
ішінде 
дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ) жиі қолданылатын. Кезінде дүние жүзінде 
жыл сайын осы пестицидтің 100 мың тонна мөлшері шығарылып отыратын. 
Соңғы жылдары шығарылу тоқталылды. Себебі ауыл шаруашылығына 
тигізетін пайдасынан зияндылығы асып түсті. Жартылай ыдырау мерзімі 50 
жылдан артық болғандықтан, қоршаған орта объектілерінде жинақталған ДДТ 
қоректік тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осының 
салдарынан балалар өлімі мен ауру түрлері көбейген. 
Сондықтан қоршаған ортаның пестицидтермен ластануын төмендету 
үшін өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістері кеңінен қолдану керек. 


41 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет