«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет114/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

 
Төлем 
тобы 
Төлем 
Қызметі 
Анықтау 
Көрсеткіші 
Төлем 
көзі 
Төлем негізгі 
түрлері 
Қаржы 
аудару 






Ал
м
аст
ыру
 
Табиғат ресурсына 
меншік (иелік) 
құқын іске асыру, 
пайдалануға 
ынталандыру 
Алмастыру 
шығындары капитал 
проценті 
монополиялық рента 
Өнімнің өзіндік 
құны 
Табиғат ресурстарының 
шектеулілігі үшін 
төлемдер 
Әр деңгейдегі 
бюджеттер 
Қа
йт
ару
 
 
 
 
 
Табиғат 
ресурстарын 
қалпына келтіру 
(өсіру) 
Өсіру қалпына 
келтіру шығындары 
Өнімнің өзіндік 
құны 
Геологиялық барлауға, 
жерді қалпына келтіру, 
орман өсіру, сумен 
қамтамасыз ету, табиғат 
қорғау төлемдері 
Табиғат қорғау 
қоры 
Р
ен
та
л
ық
 
 
 
Біркелкі 
бәсекелестік жағдай 
туғызу 
Дифференциал- 
дық рента I 
Қосымша табыс 
(пайда) 
Ерекше тиімді табиғат 
ресурстарын 
пайдаланғаны үшін төлем 
Бюджет немесе 
рента қоры 
О
рнын
 то
л
ты
ру
 
(ко
м
пе
нс
аци
я)
 
Зиянның орнын 
толтыру 
Халық
шаруашылық зиян, 
алынбаған табыспен 
қайтару шығындары 
Өнімнің өзіндік 
құны, табиғат 
пайдаланушы-
лардыњ пайдасы 
Табиғи ортаны ластағаны 
үшін төлемдер 
Табиғат қорғау 
қоры 
Ай
ып
 
 
 
 
 
Табиғи ортаны
ластаудың, табиғат 
ресурстарын 
ысыраптаудың
алдан алу 
Халық шаруашылық 
зияндарды еселеп 
қайтару 
Табиғат 
пайдаланушы-
лардың таза
пайдасы 
Табиғи ортаны ластағаны, 
табиғат ресурстарын 
нормадан артық ысырап 
еткені, табиғат қорғау 
заңдарын бұзғаны үшін 
төлемдер 
Табиғат қорғау 
қоры 
Дифференциалдық рента өз кезегінде табиғат ресурстарының табиғи 
«өнімділігінен», пайдалану тиімділігінен туындайды. Табиғат пайдалану төлемдерінің 
негізгі бөлігі болып табылатын ренталық табиғат ресурстарын пайдаланушылардың 
қосымша табысының есебінен төленеді. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н.Қ. Мамыров, М.С.Тонкопий, Е.М.Үпішев «Табиғатты пайдалану 
экономикасы» Алматы – 2005 жыл. 


209 
2. Каженбаев С. , Макмутов С. Табиғат қорғау.Алматы, 1992. 
ӘОЖ 331.43 
 
ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ БАСҚАРУ 
Алпанов Т., студент, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ. 
Ғылыми жетекшісі: Утебалиева Д.Б. 
 Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ. 
 
Андатпа. Табиғатты қорғауды және пайдалануды басқару жүйесiн жетiлдiру. 
Басқарудың заңдық негiздерi. Мемлекеттiк басқару органдары, олардың құрылымы, 
атқаратын мiндеттерi. Жергiлiктi басқару органдарының жауапкершiлiгi және ролiнiн 
артуы. Қоғамдық ұйымдардың ықпалын айқындау. 
Түйінді сөздер: Экология, экологиялық фактор, ресурстарды пайдалану, 
экономика. 
Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын әдістердің (тәсілдердің) мынандай 
түрлерін айтуға болады: 
Сурет 1 - Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын әдістер 
Табиғат пайдалануды басқаруда оптимизация, жүйелеу, сараптау әдістері кеңінен 
қолданылады. Табиғат пайдалану саласында қолданылатын техника мен технология, 
табиғат қорғау бағдарламалары, жоспары, табиғат пайдалану жобалары, шығарылатын 
өнімдер, іс-әрекеттердің табиғатқа сыйымдылыѓы, шығарылатын қалдықтар, табиғатқа 
келтірілетің єсерлер міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді. 
Табиғат қорғауды, пайдалануды басқару Қазаќстан Республикасының зањдарына, 
президент жарлықтарына, үкімет шешімдеріне сәйкес ±йымдастырылады. Қазақстан 


210 
Республикасында конституция, меншік және жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдардан 
басқа табиғат қорғау жөнінде мынандай заңдар (кодекстер) қабылданған: 
• Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң (1980); 
• Жер кодексі (1990); 
• Жер реформасы туралы заң (1991); 
• Қоршаған ортаны қорғау туралы заң (1991, 1997); 
• Халықтың денсаулығын сақтау туралы заң (1992); 
• Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы Кодекс (1992); 
• Орман кодексі (1993); 
• Су кодексі (1993); 
• Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заң (1993). 
Ұлттық аймақтың, жергілікті табиғат қорғау бағдарламаларында басты 
стратегиялық бағыттар айқындалады. Олардың қатарында: 
• денсаулыққа, экологияға зардапсыз ортаны сақтау, халықтың әлеуметтік
психологиялық амандығын қорғау; 
• бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық даму үшін табиғатты ұтымды, сарқылтпай 
пайдалану; 
• табиғаттың қалпына келу және оны пайдалану теңдестігін сақтау; 
• жеке аймақтардың және әлемдік деңгейде биосфералық теңдестіктерді сақтау; 
• табиѓатта кездесетін барлық тұқым түрлерін саќтау. 
Осы маќсаттарѓа жету үшін басты міндеттер белгіленеді. Олар: 
• табиғат қорғау шараларын ұдайы жүзеге асыру, табиғат ресурстарын үнемдеу, 
экологиялық талаптарды қатаң сақтау, өнеркәсіпті кешенді, қалдықсыз және аз қалдықты 
тохнологияға көшіру, қалдықтарды ұтымды пайдалану, қалпына келетін табиғат 
ресурстарын ұлғаймалы ұдайы қалпына келтіру (өсіру), т.б.; 
• бірыңғай табиғат қорғау заңдар жүйесін құрып, нормалар мен стандарттар 
жүйесін жетілдіру; 
• өндірісті орналастыруды, табиғат ппйдалануды, оның қорын молайтуды 
экологияяық негізде жүзеге асыру; 
• табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық механизмі мен тетіктерін 
жетілдіру; 
• табиғи ортаның жай-күйін бақылаудың бірыңғай автоматты жүйесін құру; 
• экологиялық білімдерді жетілдіріп, халықтың, қоғамдық ұйымдардың табиғат 
қорғау белсенділігін арттыру; 
• халықаралық келісімдер негізінде барлық мемлекеттермен, ұйымдармен
бірлесіп табиғат қорғау жұмыстарын дәйекті жүргізу. Табиғат қорғау және тиімді 
пайдалануды жоспарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаның теңдестігін сақтау, табиғат 
ресурстарының үнемделуін, молаюын, тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Жоспарлаудың басты нысандары: 
1) жоспардың ғылыми негізділігі; 
2) қоғамдық, ұжымдық және жеке табиғат пайдаланушылардың мүдделерінің 
үйлесімдіпігін қамтамасыз ету; 
3) аймақтың, өндіріс салаларының, жалпы ұлттық мүдделерді және халықаралык, 
талаптарды ескеру; 
4) жоспарлаудың үздіксіздігі. 
Табиғат пайдалануды басқаруда, әсіресе әкімшілік жолмен реттеуде нормативтер 
мен стандарттар ерекше орын алады. 
Технологиялық стандарттар - әрбір өндіріс процестеріне немесе тазалау 
қондырғыларына белгіленеді. Стандарт бойынша табиғат қорғау технологиясы үлгілік 
технологияға сай болуы керек. 
Өнімдердің сапасының стандарттары - азық-түлікте, суда, тұтыну тауарларында 
зиянды заттардың, қоспалардың болмауын реттейді. 


211 
Тыйым салу. Егер белгілі бір өндіріс, ресурстар, технология табиғи ортаға зиянды 
әсер ететін болса және оның зиянды әсерін жою шаралары тиімсіз болса, оларға тыйым 
салу шарасы қолданылады.
Табиғи ортаның тазалық нормативтері: санитарлық-гигиеналық; санитарлық 
қорғау; экологиялық; өндірістік шаруашылық жүйелеріне бөлінеді. 
Санитарлық-гигиеналық нормативтер - ластаушы заттардың ауада, суда, топырақта 
зиянды физикалық әсерлердің - тербеліс, шуыл, электромагниттік және радиоактивтік 
сәулелердің адам организміне қазіргі кезде және болашақта зиянды әсер етпейтін 
мөлшері, сондай-ақ улы заттардың (дәрінің) дозалық шамасы. 
Санитарлық қорғау нормативтері - адамның денсаулығын, ішетін судың, тағамның 
тазалығын зиянды заттардан қорғауға арналады. 
Экологиялық нормативтер - антропогендік әсерлердің табиғи ортаға залал 
келтірмейтін шегін белгілейді. Олардың құрамына экологиялық-гигиеналық және табиғи 
ортаға әсер ету нормалары кіреді. Кейбір тірі организмдер табиғи ортаның тазалығына 
адамнан да сезімтал келеді. Сондықтан нормалар олардың қалыпты жағдайда өмір сүру 
жағдайын ескеріп белгіленеді. 
Өндірістік шаруашылық нормативтері кәсіпорындардың өндірістік әрекеттерінің 
табиғи ортаға әсерінің шегін белгілейді. Оларға технологиялық, қала құрылысы, 
рекреациялық, т.б. шаруашылық нормативтері жатады. 
Технологиялық нормативтер - зиянды заттарды ауаға шығару, суға төгу, жер 
бетінде орналастыру, отын жағудың жол берілетін шекті шамалары. Нормативтер табиғи 
ортаға ластаушы әрбір көзге белгіленеді және өндіріс түрімен, ластаушы заттардың 
сипатымен, шамасымен байланысты болады. 
Рекреациялық нормативтер - табиғат кешендерін пайдалану шектерін белгілейді. 
Табиғат қорғау, пайдалану нормативтері тұрақты немесе уақытша белгіленеді. 
Кейбір объективті себептермен тұраќты нормативтер белгілеу мүмкін болмағанда, 
уақытша нормативтер тағайындалады.Ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйеніп 
нормативтер ұдайы қатањдату бағытында өзгертіліп отырады. Өзгерту мақсаты - табиғи 
ортаға зиянды әсерлерді неғұрлым азайту. 
Табиғат пайдалануды басқарудың тағы бір маңызды тетігі - экологиялық 
сараптама. Табиғат пайдалануға байланысты барлық болжамдар, түжырымдамалар, 
жобалар, жоспарлар, нақты шаруашылық жєне іс-әрекеттер, техника мен технология, 
өнімдер, пайдаланатын шикізат, материалдар, отын-энергия, шығарылатын қалдықтар
міндетті түрде Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді. Ішетін су, тағамдар, дәрі-
дәрмек, т.б. адамның денсаулығына тікелей әсер ететін өнімдер, процестер санитарлық-
экологиялыќ сараптамадан өтеді. Қажет болған жағдайда қоғамдық экологиялық
сараптамалар ұйымдастырылады. Сараптамалардың негізгі мақсаты табиғатқа, адамның
денсаулығына зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет