«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет113/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
1. https://alashainasy.kz/economica 
2. Ғылым және инновациялар. http://stat.gov.kz 
3.Қазақстан 
Республикасын индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі 
мемлекеттік бағдарламаның көрсеткіштері. http://stat.gov.kz 
 
ӘОЖ 321 
 
ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТӨЛЕМДЕРІ 
Сәдірбаева А., студент, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Ғылыми жетекшісі: Утебалиева Д.Б. 
 Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
 
Аңдатпа: Табиғатты пайдалану төлемдерi-табиғатты қорғауға,оның ресурстарын 
тиiмдi пайдалануға жұмылдыратын экономикалық механизм. Табиғатты пайдалану 
төлемдерiнiң түрлерi, оларды топтастыру және сұрыптау.Төлемдердiң танымдық және 
құқықтық негiздерi. Төлемдердi анықтау принциптерi, мөлшерлемелерiн белгiлеу, төлеу 
тәртiптерi мақалада көрсетілді. 
Түйінді сөздер: дифференциалдық рента, экономикалық бағалану, табиғат 
ресурстары. 
Табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғат қорғауға оның 
байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі 
деп қарастырамыз. Соған қарамастан, төлемдердің қызметін түрлі мағынада түсінушілік 
кездеседі: 
1) табиғат пайдалану арендалық (жалақы), дифференциалдық төлем; 
2) табиғат ресурстарының орнын толтыру шығындары; 
3) айып төлемдер
4) табиғат ресурстарын қалпына келтіру шығындары және дифференциалдық 
рента; 
5) кендерді іріктеп өндіргенде, бос жыныстар араластырғанда төленетін айып; 
6) пайдалы компоненттерді толық өндірмегені, жоғалтқаны үшін штраф; 
7) кендерді өндіру, ұқсату технологиясын орындамағанда төленетін айып; 
8) табиғат қорғау шығындарын қайтару; 
9) табиғи ортаны ластағаны үшін төлем; 
10) табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру; 
11) табиғат ресурстарын пайдалану салығы деп атайды. 
Енді біреулер төлемдерді бюджетке қаржы жинау көзі деп ұғынады. Осындай әр 
түрлі көзқарастыњ болуына байланысты төлемдердің мағынасын, атќыратын қызметтерін 
қарастырып, сұрыптау қажет болады. 
Табиғат ресурстарының түріне байланысты әмбебап пайдаланатын, арнайы 
пайдаланатын ресурстарға төлемдер ерекшеленеді. Әмбебап пайдаланатын ресурстарға 
жер, су, ауа, т.б. ресурстар жатады, арнайы пайдаланатындар - орман, биоресурстар, 
минералдық шикізаттар. 
2. Экономикалық мағынасына, атқаратын қызметіне қарап төлемдерді: 
1. табиғат ресурстарын пайдалану құқығы
2. табиғат ресурстарын пайдалану; 
3. табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру; 
4. табиғат ресурстарын пайдалануды шектегені үшін; 
5. табиғи ортаны қорғау; 
6. табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төлемдер деп сұрыптауға болады. 


208 
Экономикалыќ бағытына қарап табиѓат пайдалану төлемдерін: орнын толтыру
қайтару, алмастыру, компенсациялық, ренталық, айып, сыйлық тµлемдер деп бөлуге 
болады.
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің мөлшері оның құндылығына
экономикалық бағалану шамасына байланысты болады. Ал экономикалық бағалану 
шамасы дифференциалдық рентаға тікелей тәуелді екенін білеміз. 
1 - кесте - Табиғат пайдалану төлемдерін топтастыру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет