205
НГАЭиУ, 2013.- 321 с.
2. Азоев Г. Л., Баранчеев В. П. И др. Управление организацией: Учебник для студ.
Вузов / А. Г. Поршнев (ред.). – 3 изд., перераб. И доп.- М.: ИНФРА- М, 2003.-715с.
3. Котлер Ф. Теория и практика менеджмента / пер.с англ. Под ред. Л.А. Волковой.
- СПб: Питер, 2012г. - 844с.
4. Мескон М.Х. Основы менеджмента: пер.с англ. - Москва.: «Бизнескнига», 2013г.
- 800с.
5. Музыченко В.В. Управление персоналом. М., ИЦ «Академия», 2013г.- 361 с.
6.Отчетные годовые материалы АО РД «КазМунайГаз» за 2016-18 год
ӘОЖ 33.338
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫ
Шекеров Н., магистрант, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Ғылыми жетекшісі: Конысбаева А.А.
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Аңдатпа: Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму жағдайы
ел экономикасы үшін аса маңызды бағыттарды қамтиды, оның негізінде өндіріс
орындарының қарқыны артып, ел экономикасы дамиды.
Түйінді сөздер: инновация,
индустриалды-инновациялық даму, экономиканың
инновациялық дамушылығы.
Қазіргі кезде инновациялық типті экономикалық даму бағытын дүние жүзінің
көптеген елдері қолдануда. Көптеген аса дамыған елдер инновацияны дамытуды
ертеректе бастап кеткен. Соның біріне бүгінде экономикасы қарыштап дамып, әлемдік
экономикада көш бастап келетін АҚШ-ты атап өтуге де болады. Қазақстанның да
басымды мақсаттарының ең негізгісі – инновациялық жағдайды дамыту
арқылы әлемдік
экономикалық жүйеге Қазақстанның интеграциялануының нәтижелі жүйесін құру.
Негізінен индустриалы-инновациялық бағыт дағдарыстан кейінгі Қазақстанның даму
моделінің негізі болып табылады [1].
Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру
мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген.
Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш – оның экономикасы.
Экономиканың бәсекеге қабілетті болуының басты бағыты – индустриалды-инновациялық
экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық
процесстерге бет бұру.
Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан,
кадрлар
даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ
өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасы аясындағы 12 негізгі индикатордың 10-ында жоспарлы өсім көрсеткіші
тіркеліпті. Мәселен, 2008 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы
қосылған құн салығының нақты өсімі 2013 жылы 24,5 пайызға артқан. Ел
кәсіпорындарының инновациялық белсенділік көрсеткіші де екі есеге өскен. Бұл
бәсекелестікке қарай бетбұрысты білдіреді. Машина жасау, құрылыс индустриясы мен
химиялық өнеркәсіп салалары өңдеуші өнеркәсіптегі өсімнің негізгі драйверлері
саналады. Бұл ретте машина жасау 75 пайызға, металл
емес өндіріс пен минералды
өнімдер 47 пайыз, химиялық өнеркәсіп 28 пайызға өскен. Қазақстан Республикасын
206
индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламаның көрсеткіштері қарастыратын болсақ:
1-кесте- Индустриалдық дамудың жалпы көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы
2016
2017
2018
Өңдеуші өнеркәсіптің ЖҚҚ*,
номиналды мәнде, млн. теңге
5 321 896,9
5 944 890,9
7 057 977,6
Ақмола
258 480,1
287 083,7
334 371,8
Ақтөбе
223 689,7
261 995,4
335 687,8
Алматы
400 809,7
506 916,7
599 284,5
Атырау
256 473,5
257 640,4
597 037,0
Батыс Қазақстан
74 199,2
90 900,9
117 045,7
Жамбыл
146 887,1
148 807,5
175 511,1
Қарағанды
1 176 434,4
1 310 359,6
1 414 850,4
Қостанай
181 630,9
237 972,1
269 170,5
Қызылорда
87 738,0
67 460,3
72 933,3
Маңғыстау
96 648,4
92 780,7
148 369,0
Оңтүстік Қазақстан
499 050,5
587 213,9
Түркістан
-
-
173 528,0
Павлодар
536 615,6
661 929,1
750 813,4
Солтүстік Қазақстан
94 805,0
112 469,5
122 103,5
Шығыс Қазақстан
686 056,2
633 887,3
716 910,5
Нұр-Сұлтан
қаласы
185 946,3
238 590,7
292 918,2
Алматы қаласы
416 432,3
448 883,1
437 700,3
Шымкент қаласы
-
-
499 742,6
2018 жылдың қорытындысы бойынша республиканың 30501 кәсіпорындарының
инновациялық қызметіне статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 3230
кәсіпорындар инновацияларға ие болды (2017 жылы – 2974 кәсіпорын). 2017 жылмен
салыстырғанда инновациясы бар кәсіпорындардың саны 256 кәсіпорынға өсті [2].
Өнімдік, процестік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар бойынша
кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 10,6%, соның ішінде өнімдік және процестік
инновациялар бойынша 6,6% құрады. Инновацияның барлық түрі бойынша инновация
саласындағы белсенділік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіш
ірі кәсіпорындар арасында
байқалып (есеп тапсырған 1764 ірі кәсіпорын арасынан 735 кәсіпорын инновациялық
қызметке ие болды) және 41,7% құрады. 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда
инновациялық өнім көлемі 39,6% өсті және 1179150,2 млн. теңгені құрады, өткізілген
инновациялық өнім 1134952,6 млн. теңге болды, эспортталатын
инновациялық өнім
көлемі 161671,9 млн. теңгені құрады. Кезең бойынша өнімдік және үдерістік
инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,8%
азайып, 856449,5 млн. теңгені (2017 жылы – 899681,8 млн.теңге) құрады. Сонымен қатар,
кәсіпорындардың меншікті қаражатынан өнімдік және процестік инновацияларға
жұмсалған шығындар көлемі 392226,1 млн. теңгені құрады, бұл өнімдік және процестік
инновацияларға кеткен жалпы шығындардың 45,8% құрайды[3].
Ақпараттық
көрсеткіштер бойынша инновацияның төрт түрі бар кәсіпорындардың көпшілігі Нұр-
Сұлтан қаласында (32,4%), Алматы қаласында (21,6%), Шығыс Қазақстан (18,9%),
Қарағанды және Қостанай облыстарында (5,4%-дан) қызмет етуде.