«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет120/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Еспаев С.С., Киреева А.А. Ұлттық кластерлерді қалыптастыру және дамыту 
тұжырымдамасы. – Алматы. 2013. – 234 б. 
2. Кайдарова 
С.Е. Кластерное развитие как инструмент повышения 
конкурентоспособности регионов Республики Казахстан // Вестник Инновационного 
Евразийского университета. 2012. № 4. С.70-73. 
3. Сейдахметов А.С., Тышқанбаева М.Б. Кластерлердің туындау және қалыптасу 
негіздері // http://portal.kazntu.kz 
 


223 
ОӘЖ:338.984
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ 
 
Дәуленбаева А.Б., студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ., Ақтау қаласы 
Ғылыми жетекшісі: Шайхиева К.М. 
 Ш. Есенов атындағы КМТИУ., Ақтау қаласы 
 
Аңдатпа. Бұл мақалада еліміздің инвестициялық саясатын жүзеге асыруға сыртқы 
экономикалық байланыстарының рөлі өте зор екені туралы, сыртқы экономикалық 
байланыстар шетел капиталын тарту есебінен болатындығын, капитал салымдары үшін 
қосымша қорларды ашудың мағыздылығын және бірлескен кәсіпорындар құрудың 
маңызды жолдары туралы айтылған. 
Түйінді сөздер: Қазақстан, әлеуметтік-экономикалық, табиғи, ресурс, өнеркәсіп, 
өндіріс, капиталь, шикізат. 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 
2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» және «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын 
басшылыққа ала отырып облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу 
басқармасы:орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, молықтыру мен орман өсіру; 
жануарлар дүниесін қорғау мен молайту; су ресурстарын реттеу, пайдалану; 
нысандарға экологиялық сараптама жүргізу, табиғатты қорғау жөніндегі өңірлік 
бағдарламаларды әзірлеп, оны іске асырып келеді. 
Адамзаттың әлеуметтік-экономикалык прогрестің шыңдарына шығуы оның 
табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын - табиғи (немесе жаратылыстық) ресурстарды 
пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресурстардың әр түрін 
кажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы - оттегінсіз адам 
бірнеше минутта тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын урансыз мыңдаған жыл өмір 
сүреді. Табиғи ресурстарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар 
болмашы, алайда көбіне табиғи ресурстарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: 
әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру 
кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресурстар 
материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады. Өз кезегінде 
қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары 
экономикалық ресурстарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбексінуі 
нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі 
заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Бар керегі- адамзат 
қоғамның ақыл-ойы және өндірістік қарекеті. Жер шары барлық адамдарының пайдасына 
қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана 
қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс. 
«Табиғи ресурстар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым 
кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте 
шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ 
осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс. 
Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін 
көрсетеді және адамзаттың тарихымен, онын қоныстануымен тығыз байланысты. Олар 
адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. 
Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы 
мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ, осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете 
алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы. 
Ресурстардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен камтамасыз етілуі. 
Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресурстардың минерал, су, 
өсімдік ресурстары түрінде болатынын білесіңдер. Мұның өзі оларды табиғат 


224 
құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса 
табиғи ресурстарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресурстар деп те 
саралайды. экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша 
(яғни, оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай 
(минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады. 
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте 
болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі 
аймақтарының арасында да олардың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуінің деңгейі 
мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдеріне мұнай мен 
газдың мол ресурстары бар.
Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір 
елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге 
келмейді. Өйткені, қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игіліктері мен 
табиғи ресурстары қорларының жнынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің 
адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерін 
пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды. 
Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, 
халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халыкаралық экономикалық байланыстардың 
дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір 
экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады. Табиғатты пайдалану процесінде табиғи 
ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрысынан бағалаудың маңызды мәні бар. 
Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарлау, 
сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел 
дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде 
бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал, анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке 
алмайынша, өміріміздің барлық сапаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз 
қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат 
осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды.Сонымен, адамзат қоғамы 
дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар онын әлеуметтік-экономикалық 
прогресінің маңызды алғы шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық 
ресурстарға айналуы түптен келгенде адамға, оның ыждағаты мен талантына байланысты. 
Әлеуметтік-экономикалық тиімділік кез- келген нысанда шетел инвестициясын 
тарту шарты. Бұл принцип келесілерді тұжырымдайды: 
- шетел компаниясының қатысуымен жобалардың жоғары пайдалылық пен 
рентабельділігі, қарыз бен несиені, инвестицияны басқа формада беру шартының 
пайдалылығы. Бұл көрсеткіштер елдегі, әлемдік тәжірибеде донор болатын 
мемлекеттерде, ұқсас жобалар мен ұсыныстарда орташа көрсеткіштерді салыстыра 
отырып бағаланады; 
- жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың жұмысбастылық деңгейін 
жоғарылату. 
Экономикалық, экологиялық қауіпсіздік, мемлекеттік тәуелсіздік қауіпсіздігі 
принципі келесі жобалар мең ұсыныстарды жүзеге асыруға тиым салуы қажет: 
1) 
республикалық табиғи ресурстарын заңсыз пайдалану; 
2) 
қоршаған ортаны ластау; 
3) 
ел сыртына капиталды заңсыз шығару; 
4) 
әлемдік деңгейге сәйкес технологияны қолдану; 
5) 
өндірістің шикізат бағыттылығын сақтай отырып, экономиканың қайта 
құрылған құрылымын күшейту; 
6) 
әлемдік нарықта өнімнің бәсеке қабілеттілігін төмендету; 
7) 
бәсекеге қарсы әрекеттермен нарықтан отандық тауар өндірушілерді шығару; 
8) 
өзара табысты достық елдермен, әсіресе, ТМД елдерімен бұрыннан 
қалыптасқан байланысты жою, келісімге зиян келтіру, үшінші мемлекетке қарсы 


225 
бағытталу; 
9) 
жемқорлықтың күшеюі, жергілікті қызметкерлерді, лауазым тұлға иелеріне 
жобаны итермелеу мақсатында пара беру. 
Шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесінің маңызы өте зор. Әр 
мемлекет өзіндік ерекшеліктерге ие: экономикалық, технологиялық, қаржылық, табиғи 
ресурстар потенциалы. 
Сондықтан, ол серіктес келісім бермейтін шарттар ұсынуы мүмкін. Шетел 
иивестицияларын тарту бойынша халықаралық келісім негізінде, мемлекеттің арнайы 
шарттары қарастырылған. Жалпы нормаларды, әлемдік тәжірибені обьективті талдау және 
бағалау жатады. 
Әлемдік тәжірибе – шетел инвестицияларын тартуға бағыттайтын инвестициялық 
саясаттың жүзеге асырылуының күрделі мәселелерін шешу үшін сенімді бағыт-бағдар. 
Республика экономикалық шетел инвестицияларына қажеттілігі өтпелі кезең 
ерекшеліктерімен түсіндірілетін, қазіргі тұрақсыз жағдай мен капитал салымдарының ішкі 
ресурстарының шектеулі болуы айтарлықтай жоғары. Бірақ, қойылған мақсатқа жету үшін 
инвестицияның қажет болуына қарамастан, шетел инвестицияларын тарту экономика 
өсуінің факторы ретінде жағымды мәнге ие болғанымен, жалпы мемлекет және жеке 
аймақ үшін жағымсыз нәтиже әкелуі мүмкін. 
Біріншіден, инвестицияны өтеу үшін республикада өндірілетін өтіммен, ең 
алдымен, мұнай, металл, сонымен қатар, карызды жабу шотына валютамен есеп 
айырысады. Осылардың барлығы ел экономикасына көлемді сыртқы қарыз ретінде 
ауыртпалық түсіреді. Шынында да, егер шетел инвестициялары ішкі салымға карағанда, 
үлкен табыс әкелетін болса, жаңа қарыздарды жабу мүмкіндігін бере отырып, өндірістің 
жедел дамуына септігін тигізеді. Бірақ, көптеген зерттеушілердің пікірінше, тәжірибе 
көрінісі керісінше. 
Екіншіден, инвестицияда шетел капиталы үлесінің жоғарылығы, яғни жалпы 
ұлттық өнімде жоғары болуы экономикалық түрде кауіпті, себебі ол республика 
егемендігіне зиян келтіруі мүмкін. Шетел капиталы көлеміне мемлекеттің экономикалық 
тәуелді болуы елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігіне жағымсыз әсер етеді. 
Сондықтан, шетел инвестицияларының көлемі және оларды тарту шарттары мемлекет, 
қоғам бақылауында болуы керек. 
Әлемде шетел инвестицияларын тартудың кең тараған нысаны-концепсия,
бағалы қағаздардағы үкіметтік және жеке тікелей инвестициялар, зайымдар мен несиелер, 
әлемдік жалға алу, еркін экономикалық аймақтар және басқалары. 
Табиғат ресурстарының иесі-мемлекет пен шетел компаниясы арасында 
жасалатын концепциялық келісімдер мәні - тәуелсіз мемлекеттің пайдалы қазбаларды 
игеруді дайындау және пайдалануда өз құқықтарын толық және жартылай беру. Олар 
қабылдайтын мемлекеттің ұлттық егемендігіне зиян келтіретіндіктен, шетел 
инвестицияларының қазіргі нысандары, дамушы мемлекеттер үшін дәстүрлі консепцияға 
қарағанда, ол өте табысты және қауіпсіз. 
Әлемдік тәжірибе қабылдаушы мемлекет үшін инвестицияның басқа 
нысандарымен салыстырғанда, тікелей шетел инвестицияларының тиімді екенін 
көрсетеді: 
1) 
инвестицияның кейбір нысандарын қабылдайтын мемлекетке ескірген 
технологияны әкелу мүмкіндігіне тиым салады; 
2) 
тікелей инвестициялар тауар өндірісі мен қызметке, өндіріс пен басқаруға 
маркетинг, ноу-хауға бағытталады. 
3) 
тікелей шетел инвестициялары мемлекеттің сыртқы қарызының болуымен 
байланыста емес. 
4) 
тікелей инвестициялар ұлттық экономикалық әлемдік дамыған халықаралық 
ғылыми-техникалық және экономикалық бірлестікке ықпалдасуына көмек береді. 


226 
Қазіргі таңда Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар кұру шетел инвесторларын 
тартудың бір нысаны. 
Бірлескен кәсіпорындар өндеуші, мұнай өнеркәсібінде, халық тұтынудағы 
тауарлар өндірісінде кең таралуда. Шетелдік кәсіпорын кұру негізінен, өндеуші 
өнеркәсіпте ауыл шаруашылық шикізат өңдеуде кұрылыс материалдары мен халық 
тұтынудағы тауарлар өндірісінде жол ашылған. 
Қазіргі келісімдерде әр түрлі шетел инвестицияларының шарттары кездеседі: 
концессиялық келісім, бірлескен кәсіпорындар құру туралы келісім және өңдеуші 
сектордағы өнімді бөлу. 
Қазіргі концессиялық келісімдер басқа нысандар белгілерімен сәйкестендіріліп, 
Қазақстанға Каспий теңізінде Батыс Қазақстаның, Қызылорда және басқа шалғай 
орналасқан аймақтарда көмірсулар мен химиялық шикізат орындарын. шельфтерді игеру 
және пайдалану үшін қолданылуы мүмкін. 
Өнімді бөлу туралы келісімдер экспорттық салаларда, әсіресе, мұнай газды игеру 
мұай өңдеуші өнеркәсіпте, металлургияда колданылады. 
Техникалық қызметтер туалы келісімдер, қазіргі танда, әлемдік нарыққа шығу 
үшін халыкаралық мәнге ие темір жолдары, республика териториясында мұнай мен газ 
құбырларын салу үшін қолдануы керек. 
Қазіргі кезде, Қазақстанның алдында тұрған мақсаттардың бірі- еліміздін әлемдік 
экономикалық қауымдастыққа жедел енуі. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қажетті 
шарттарға ие: маңызды шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, кадрлық потенциал мен 
республикадағы тұрақты қоғамдық — саяси жағдайдың болуы. 
Шетел инвесторларын тартудың негізгі басымдықтары өмір сүруді қамтамасыз 
ететін салалар мен экспортқа бағытталған өндіріс-мұнай-газ және мұнай-химиялық 
салалар, электр энергетика, металлургия, коммуникация және агроөнеркәсіп кешені, 
себебі Қазақстан бидай, жүн, мақтаның ірі өндірушісі. Мұнай- газ саласында мұнай және 
газды игеру мен экспорттауды көтеру, сыртқы мүнай құбырлары мен ірі газ құбырларын 
салуға назар аудару керек. 
Сөйтіп, шетел инвестициялары-дамыған тауарлық қатынастарға ұлттық 
шаруашылық субьектілердің бейімдеу деңгейін ірі коммерциялық инвестициялау 
негізінде көтеруге қабілетті, әлемдік ғылыми-технологияның жетістіктерді енгізудің 
маңызды жолы. Бұл мәселе Қазақстан үшін ішкі тауар-ақша өлшемдерін деформациялау 
жағдайында маңызды. Республикада жаңа өндірістік қуаттарды жедел құру үшін тікелей 
өндірістік капиталдың импорты қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет