ӘДЕБИЕТТЕР
1. Виноградов В.М., Винокуров В.А. Образование, свойства и методы
разрушениянефтяных эмульсий. -М.: РГУ нефти и газа им. И.М. Губкина, 2007, -31 с.
2. Маркин А.Н., Низамов Р.Э., Суховерхов С.В. Нефтепромысловая химия:
практическое руководство. Дальнаука, Владивосток, 2011, -288 с.
3. Дунюшкин И.И. Сбор и подготовка скважинной продукции нефтяных
месторождений: Учебное пособие. - М.: ФГУП Изд-во «Нефть и газ» РГУ нефти и газа им.
И.М. Губкина, 2006, -320 с.
ӘОЖ 504.75
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
Қалабай Д.М., студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ., Ақтау
Ғылыми жетекшісі: Сырлыбекқызы С.
Ш. Есенов атындағы КМТИУ., Ақтау қ.
Аңдатпа.
Бұл мақалада Маңғыстау облысының бүгінгі экологиялық жағдайын
оның бүкіл тіршілік иелеріне әсерін бандаймын.
Түйінді сөздер: экологиялық мәселе, ластану, табиғат, қоршаған орта.
Мен сөзімді Ф. Энгельстің өткен ғасырдың соңғы ширегінде айтқан сөзінен
бастағым келіп түр.
«Табиғаттағы билеп-төстеп алдық деп мақтанбай-ақ қоялық. Бастапқы кезде біздің
осы жеңістеріміздің әрқайсысынан көздеген мақсатымызға жеткенімізді алдымен
көрерміз. Бірақ екінші және үшінші кезеңдеріне келгенде өзіміз нүкте қоймаған
нәтижелерді байқармыз. Сөйтіп көрген зиянымыз, пайдамыз асып түсер» деген екен.
Иә, адам өзінің ғасырлар бойы табиғаттың қожасы, билеушісі ретінде сезініп, өзіне
бар қажетті алып, бірақ оған келтірілген зиянының орнын толтыруға, дер кезінде
28
қамқорлық жасауға әдеттенбеді. Табиғат ресурстарын барынша пайдалану, оның
қорларын азайтумен қатар, сапалық күйін нашарлата түсті. Бұл жеор шарының кейбір
аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттарының болуы көрсетеді.
Маңғыстау облысы, сонымен бірге Каспий теңізінің қазақстандық секторы бағалы
биологиялық ресурстармен минерал – шикізат потенциалына бай: еліміздің эканомикасын
көтеруде стратегиялықелеулі орында. Каспий теңізінің 1350 км-ге жететін жағалауына
ерекше көңіл бөлуі керек.
Табиғи климаттық жағдайы бойынша толығымен Маңғыстау экологиялық тұрғыда
жайсыз күннің радиациясы аса қатты қыздыруы, қатты жел, температураның көп ауытқуы
жауын-шашынның аз мөлшері.
Қазіргі кезде облыс экологиялық ахуал шиеленісіп тұрғылықты халықтың өмір
сүруі мен демография жағдайы денсаулығына әсер етуде.
Маңғыстау экологиясы әлі күнге мақтанарлық жағдайда емес. Біз өз туған
өлкеміздің экологиясына өз деңгейінде көңіл бөлуіміз керек.
Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан.
Жерінің жалпы көлемі 16,7 млн га., оның 12,7 млн га-ы жайылымдық жер болып
есептелінеді.
Маңғыстау облысы үш жағынан дерлік теңізбен қоршалып, қалған бөлігінде
табиғаты қатаң, елсіз немесе сирек қоныстанған шөлді аймақ шектеп жатыр. [1]
Каспий теңізі – Маңғыстаудағы бірден-бір су айдыны. Оның көлемі 380 мың км.
Каспий теңізі Еуропа ман Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий
қайраңы – өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы
ортасы. Каспий өзімен құятын өзендермен бірге Еуразиядағы маңызды кәсіптік су көзі,
мұнда жыл сайын 0.3 млн тоннаға жуық балық ауланады. Оны аулау үлесі әлемдік
деңгеймен алғанда 85%-дан асады. Жалпы Каспийлік кәсіпшілікте итбалық аулау да
елеулі орын алады. Екінші жағынан алғанда Каспийдің суын тұшытып, пайдаланып
отырған Ақтау тұрғындары үшін оның суының тазалығы керек. Қазақстан Каспий
теңізінің бөлігінің мұнай ресурстарын игеруге кірісті, бірақ бірқатар кезек күттірмейтін
мәселелерді шешкен жоқ. Ол мәселелер: теңіздің биологиялық әлемін қорғау; мұнай
операцияларын жүргізгенде ластануды шектеу стандарттарын жасамаған.
Жайсыз табиғи және антропогендік факторлар Каспий теңізі деңгейінің бірде
көтеріліп, бірде төмендеуіне әкелді, оның айдыны улы қалдықтармен ластануда, мұнай-газ
кешендерінің толассыз әсерінен қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын қолға алу керек.
Өте ауқымды мәселе Каспий жағалауындағы жаңа және бұрынғы кәсіпорындар,
сонымен бірге теңіз мұнай игеру кезінде теңізді мұнаймен немесе оның қалдықтарымен
ластау қаупі сақталып отыр. Оған көп қаржы бөлінген деп айтып жатады. Қазірдің өзінде
суы тайыз айдында мұнай өнімдерінің концентрациясы белгіленген шектеулі рауалды
мөлшерден 15-20 есе асып кеткен.
Солтүстік Каспий мұнаймен ластану нормасы 10 есе артып, фенол концентрциясы
100 еседен де жоғары. Суда үнемі хлорорганикалық пестицид мөлшері болып тұрады.
Теңіздің ихтиологиялық фаунасы организмдер мұнаймен, ауыр металдармен, т.б. улы
заттармен зақымданған. Тастанды не суға батқан ұңғылар қаншама, сондай-ақ тасымал
кезінде төгілген мұнай Каспий экожүйесіне үлкен қатер төндіріп отыр [2].
Тағы бір тоқталары – озық технологиясы «Теңізшевройл» БК-сы қоршаған ортаға
тигізер зиянын жылдан-жылға ұлғайтып келеді. ТШО-ның өндірген мұнайының
құрамында улы зат жеткілікті.Каспий мәселесі бүгінгі таңда күрделі аймақтық
экологиялық проблемаға айналды.
Мұнай және мұнай өнімдерінің табиғи ортаға таралуы салдарынан жалпы
экологиялық жағдай қалыптасады:
топырақтың құрамы және оның беткі қабатының қасиеттері өзгереді;
жер бетіндегі және жер асты сулары ластанады,түбінде тұнбалар түзіледі;
өсімдіктердің химиялық құрамы және сыртқы түрі өзгереді;
29
ландшафтар жалпы деградацияға ұшырайды.
Маңғыстау мұнай өңдеу зауытының даму болашағына ықпал ететін іс-әрекеттер:
Мұнай өңдеу зауыттарына
инвестицияларды тарту
;
Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды арттыру;
Өнімнің жаңа түрлеріне арналған стандарттарды әзірлеуді бақылау;
Мұнай өңдеу зауыттарын пайдалану кезінде техникалық және экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Мұнай өңдеу саласына жетік меңгерген мамандарды тарту [3].
Басқарма ақпаратына сүйенсек, тек 2017 жылдың өзінде облыста 1835,4 тонна
радиоактивті қалдық жиналған. Оның ішінде, активтілігі төмені - 1835,2 тонна. Сұйық
радиоактивті қалдық 3 мың текше метрден асады. Оның 101 текші метрі 2017 жылы
жиналған.
Қоршаған ортаны қорғау басқармасынан хабарлағандай, сұйық және қатты
радиоактивті қалдықтардың қоймасы "МАЭК-Қазатомпром" ЖШС БН-350 ректорлық
қондырғысында орналасқан. Экологтардың мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың 25-
желтоқсанындағы дерек бойынша, радиоактивті металл қалдығы 7197,4 тоннаны құраған.
Оның 7022 тоннасы 2007 жылы жинақталған. Қоймада сақталған сұйық радиоактивті
қалдық көлемі 3 мың куб метрден асады. Оның 101 куб метрі 2007 жылы жиналған.
Қалдықтар бассейнде қалың су қабатының астында сақталады.
Өндірістік радиоактивті қалдықтардан басқа облыс аумағында тарихи ластанған
жерлер бар. Олардың бірі - Қошқар ата қоймасы.
Пульпа түріндегі қайта өңдеу қалдықтары ағыны жоқ табиғи Қошқар-ата
шұңғымасына тасталып отырған. Мұнда уран өндіру өнеркәсібінің қалдықтары сақталады.
Жалпы көлемі - 51 млн 794,887 мың тонна. Жалпы активтілігі 11 242 Кюри. Қалдық
сақтау орны жұмыс жасап тұрған кезде құйылатын ағынды сулар мен пульпа көлемі
булану көлемінен асып кетуіне байланысты қалдық сақтау орнының ылғалды ауданы
кеңейе беріп, 1984 жылы барынша жоғары мәнге – 77, 18 км
2
жетті.
Кейінгі жылдары бұл қалдық сақтау орнындағы булану көлемі керісінше келіп
түсетін заттар көлемінен артып, 2003 жылы ылғалды ауданы 39,3 км
2
жетсе, 2009 жылы
27,8 км
2
болды, қазіргі таңда – 16,5 км
2
дейін (1-сурет).
Сурет 1. Қошқар Ата қалдық қоймасының су фазасының өзгеруі
Ауданның бұлай бұрынғы көлемнен азаюы салдарынан пульпа қалдықтарының
кеуіп қалған елеулі бөліктері жалаңашталып, жақын маңдағы елді мекен тұрғындарының
денсаулығы үшін ықтимал қауіп тудырғыш «шаңы көтерілген жағажайлар» түзген.
Ластанған жағажайлар уытты шаң-тозаң көзіне айналып, қалдық сақтау орнының оңтүстік
бөлігінде 20 км
2
-тан астам ауданды алып жатыр.
Сонымен
бірге,
Ақтау
қаласының
маңында
бұрынғы
химия-тау-кен
металлургиялық зауытының "Могильник" қоймасы бар. Мұнда 5 мың тонна радиоактивті
қалдық
бар.
30
Маңғыстау облысының территориясында 200 млн тонна өндірістен 105.1 млн тонна
улы қалдық, 8.6 млн кубометр пайдалы қазба қалдықтары жинақталған. Тек 2017 жылдың
өзінде жиналған 242 мың тонна өндірістік және тұрмыстық қалдықтың 162.8 тоннасы улы.
Ал қазіргі мәлімет бойынша 2018 жылы 260 мың тонна қалдық жиналып, оның 180.5 мың
тоннасы улы болды.
Жер бетінің 2 мың гектары жарамсыз, 170 мың кубометр мұнай массасы ашық жер
амбарларында орын алған. Жаздың ыстық кездерінде буланған мұнайдың иісіне уланып,
бұл жнрде мекендеген аң мен құстың түрі, саны азаюда. Жайсыз экологиялық ахуал мен
аяусыз қырып, жою өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түрлеріне әсер етеді. Әсіресе
Үстіртте мекен еткен дала тағылары елік, киік сияқты аңдардың саны жүз есе азайған.
Кейбірінің жойылып кету қауіпі бар.
Қалдықтардың жыл өткен сайын азаюы не көбеюі жеке кәсіпорындардың
қалдықтарына тікелей байланысты. 1998 жылдан бастап мұнайды көп алу мақсатында,
Жетібай кен орнындағы ескі ұңғылардың арасына су қысымын жіберіп, жара бастады. Су
қысымымен жарудың салдарынан қуыс көбейіп кетіп, «термит» деген құрттың аналығы
жер бетіне шығып кеткен. Оның күніне миллион есе жұмыртқалайтынын ескерсек,
қаншылықты денсаулыққа әсер ететіні анық [4].
Өз жұмысымды қортындылай келе: Күнделікті табиғатта сан мыңдаған құбылыстар
болып жатады. Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыз: «Барлық қызық табиғаттан таралыпты,
табиғат адам үшін жаралыпты» деген. Ойланып қарасам, табиғат бізге бәрін берді, киер
киім, ішер тамақ, ауа, үй және т.б. Ал біз табиғатқа не бере аламыз? – ештеңе де бере
алмаймыз. Біз тек қана алуды білеміз, ал оның арты не болатыны туралы ойланбаймыз.
Табиғат біздің бір бөлігіміз емес, керісінше, біз оның кішкене ғана бөлігіміз. Сондықтан
ол жоқ болса, адам да жоқ. Ал оны аялау тек қана біздің қолымызда.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасына тигізер әсерінің зор екендігін жақсы білеміз.
Ластанған ауаны тазартудың ең жеңіл жолы – көгалдандыру екенін де әрбір көзі ашық
жан мойындайды. Сондықтан жасыл желектерді өсіруден жалықпау керек деп ойлаймын.
Әсемдік үшін өсірілетін, көшеті қымбат тұратын пальма ағаштарынан көрі, газдың сіңіру
қасиеті ерекше; Қаражидек, шаңды ұстайтын: жөке, күміс үйеңкіні; күкіртті газды
сіңіретін: қаратерек, жасыл шаған, жұмсақ қараағаш, жөке, қайыңды; хлор мен оның
қосылыстарын сіңіретін: емен, қызылжиектерді көбірек отырғысса, қала экологиясын
жақсартуға үлкен пайдасы болады.
Өлкеміздің басқада экологиялық ахуалын болдырмау үшін келесідегідей
ұсыныстар ұсынылады:
ең бастысы экологиялық бағытта ақпараттарды көбейту;
аймақтарда, обылысымызда, республикамызда экологиялық көрмелер мен
байқауларды жиі-жиі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
өндірістерде табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік және сот
тәжірибесімен айыптар төлету;
айып төлемдерден түскен қаражаттарды экологиялық ұйымдарға жұмсау және сол
ұйымдарға жастарды тартып, қоршаған ортаны қорғау бағытында жұмыс жасауға бағыт
бағдар беру;
мұнай газ өндіру кезінде ауаны ластауды болдырмайтын қазіргі заманғы
техгологияларды көбірек пайдалану;
мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе газдарды өңдеу арқылы тұрған үйлерде
пайдалану;
бастысы мұнайға серік газдарды ауаға жағу процесін қолдануды тоқтату.
Ең негізгі – әр адам тек қана өз қара басын ойламай, қоршаған ортаға деген көз
қарасы дұрыс болса, бәрі де болар еді деп ойлаймын.
|