«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»


Мұнай шламдарын қайта өңдеудің химиялық әдісі



Pdf көрінісі
бет22/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

3. Мұнай шламдарын қайта өңдеудің химиялық әдісі. Мұнай шламдарын 
қайта өңдеудің химиялық әдісі еріткіштерді қолдануға негізделген. Еріткіштер ретінде 
төменгі темпертурада қайнайтын парафинді көмірсутектердің жеңіл көмірсутектердің 
фракциялары қолданады, мысалы, бензин, керосин, бензол және т.б.  
Әдістің ерекшелігі:өңдеу процесінің тиімділігіжоғары және өңдеуден алынған 
ұнтақ тәрізді гидрофобты материалды жол құрылысна ұолдануға болады. 


43 
Әдістің 
кемшілігі:арнайы 
құрал-жабдықтарды 
қолдануды, 
сондай-ақ 
еріткіштердің белгілі-бір мөлшерін талап етеді. 
4. Мұнай шламдарын қайта өңдеудің физика-химиялық әдісі. Мұнай 
шламдарын физика-химиялық қайта өңдеу процестерінде әдетте алдымен мұнай 
шламын қыздырады, содан соң құрам бөліктерге: мұнай, су және механикалық 
қоспаларға бөліп алып, әрбір компонентті жеке-жеке қайта өңдейді. Мұнай және су 
фазаларына бөлу кезінде мұнай шламын деэмульгатормен өңдеп алады.
Әдістің ерекшелігі: әдісті пайдалануда үлкен және күрделі шығындарды талап 
етпейді және экологиялық қауіпсіз. 
Әдістің кемшілігі: әдісте пайдаланылатын реагенттерқұнының қымбаттылығы 
және қиын ыдырайтын тұтқырлығы жоғары мұнай шламдарына қолданылмайтындығы. 
5. Мұнай шламдарын центрифугалау арқылы өңдеу.Мұнай шламдары 
құрамының басым бөлігі мұнай өнімдерінен, су және минералды бөліктерден тұратын 
қиын бөлінетін эмульсиядан тұратындығы белгілі. Тұрақты эмульсиялық мұнай 
шламдарын бөлу қиын және ол кешенді тәсілді талап етеді. 
Шет елдерде эмульсиялық мұнай шламдарын декантаторлар мен сепараторларда 
центрифугалау әдісімен бөлу кеңінен таралған. Мұнай шламдарын центрифугалау 
арқылы өңдеу екі сатыда жүргізіледі. Бірінші сатыда қатты бөлшектерінің негізгі бөлігі 
декантаторлық центрифугада бөлінеді, ал дөрекі механикалық қоспалары құрғақ 
қалдық түрінде бөлініп қалады. Содан соң мұнай мен судан тұратын сұйық бөлігі 
(механикалық қоспалардың ең аз мөлшері де болатын) бөлудің екінші сатысына келіп 
түседі. Екінші сатыда үш фазалы дискілі фентрифугада қоспаны мынадай бөліктерге 
бөледі: мұнай, су және механикалық қоспа. Егер сапасы жоғары су қажет болса 
центрифугалаудың үшінші сатысын қолдану керек. Жоғарыда келтірілген талаптардың 
барлығы мұнай шламдарының қасиеттеріне және тапсырыс берушінің талаптарына 
сәйкес жасалады. 
Әдістің ерекшелігі: центрифугалау әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы 
ерекшелігі жинақылығы және толық автоматтандыру мүмкіндігі; қолайлы санитарлық 
жағдай; 
Әдістің кемшілігі:соңғы өнімдерді қайта өңдеудің қиындығы; әдісте 
қолданылатын реагенттерге жоғарғы талаптар; шикізаттың тұрақты құрамын талап 
етеді;процестің күрделі аппараттармен безендірілуі. 
Қорытынды: Жүргізілген әдеби талдау нәтижелері бойынша, мұнай 
шламдарын қайта өңдеу әдістерінің перспективті әдісі өңдеудің кешенді әдістері болып 
табылады, бұл әдістер келесі сатыларда жүргізіледі: 

сусыздандыру (мұнай мен суды бөлу), тұзсыздандыру

мұнай бөлігін пиролиз, термолиз әдістерінің негізінде өңдеп, өнімдерді алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет