332
соғым басында, ел орынға отырарда, құс қайта, қансонарға шығарда;
ал кейбір мезеттік
сәттерді: ат ерттегенше, сүт пісірім, шай қайнатым, бие сауым, көз шырымын алғанша, ет
асым сияқты межелермен мөлшерленген. Немесе үркер көтеріле, сүмбіле туа, жұлдыз
сөне, т.б. деп келетін межелерді – тек қана экологиялық уақыт өлшемі емес, экожүймен
байланысты ситуациялық уақыт өлшемдері деп те қарастыруға болады...
Немесе, көшпелі қазақтың экологиялық мәдениетінде жер қазбаларының да үлкен
орын алатынын біз біле береміз бе? Егер жер астында қазына немесе байлық болса, сол
жерде қар тоқтамай еріп кетеді. Жер асты байлықтарының бір нышаны-ұрығы себілмеген
жерден райхан гүлі өсіп шығады. Тау баурайында, жұрт тұратын жерден аулақта күнжіт
немесе
бақлажан өссе, сортаң жердің ортасында бұқа терісіндей ғана жақсы жер немесе
домбаз, кірпіш құюға жарайтын топырақ болса; жемтік, өлімтік жоқ жерде құзғындар
айналып ұшып жүрсе, ол жерлерде де қазына-байлық бар болғаны.
Жаңбыр жауып
тұрғанда шұңқырсыз тегіс жерге судан қақ тұрса; қыстыгүні қайсыбір жерде қар тез еріп
кетіп, айналасында қар қалса; тас бейне бір майланғандай жалтырап көрінсе және оған
жаңбыр мен су жұқпаса; таудан бірге ойнап, құрылдасып түсіп келе жатқан қырғауыл мен
кекілік көзге шалынса,
немесе кенет, күтпеген жағдайда бал аралар бір жерге топтана
қонса, яки қайсыбір ағаштың бірер бұтағы басқаларына қарағанда жуандау, қуаттырақ
болып өссе, бұл жерлерде бабалар болжамы бойынша қазына бар дей беріңіз.
Зейінді, білгір, сезімтал бабалар мен аға ұрпақтар кен-байлықты табу мақсатында
осының бәрін назарға алып отырған. Осы ата-баба тәмсілдерін біз де санамызға сіңіруіміз
керек. Табиғатты сүю, қоршаған ортаны қорғау осыдан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: