ӘДЕБИЕТТЕР
1.ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы, 30 тамыз 1995 жыл
2.Лихачев Д.С. Экология культуры. Альманах Всеросс. Общ-ва охраны памятников
истории и культуры. – 1980. - №2. - С. 38-44.
3.Гирусов Э.В. Основы социальной экологии: Учебное пособие. - М.: Высшая
школа, 1998. – 312 с.
ӘOЖ 349.6 (045)
ҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ
Оразымбетова С., студент, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ.
Ғылыми жетекші: Қамарова Н.С.
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ.
Аңдатпа. Кейінгі жылдары әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрден бастау алатын
көпсалалы халық педагогикасын жан-жақты зерттеу, жинақтау, оны жұртшылыққа
жеткізу кең өріс алып келеді. Бұл мақалада халқымыздың туған табиғатқа деген
көзқарасы, оны түсініп-ұғынуы, аялауы мен орнын тауып пайдалануы, адамзат игілігіне
жаратуы, табиғатты қорғауға байланысты ұлтымыздың экологиялық мәдениеті туралы
айтылады.
Түйінді сөздер: «Экология» термині, қазақтың ұлттық экологиялық мәдениеті,
халықтық көзқарас.
329
«Экология» термині грек тілінен «үй туралы» (қоршаған табиғи орта) ілім деп
аударылады да, ол табиғатты қорғаумен байланыстырылады. Ғылыми әдебиеттерде оған
«табиғаттың тазалығын, сұлулығын сақтай, қорғай отырып, оны адам қажетіне ұқыпты
пайдалану» деген анықтама беріледі.
Ал экологиялық мәдениетке осы тұрғыдан жауап іздестірсек, онда: қоғам мен
табиғаттың талаптарына адамзаттың білікті берген жауабы арқылы қалыптасатын,
нәтижесінде адам мен табиғаттың арасындағы еркін (залал келтірмейтін) қатынастардан
туындайтын мәдениет – экологиялық мәдениет деп сенімді түрде қорытынды жасауға
болады.
Өйткені, «мәдениет дегеніміздің өзі – адамдардың өздерін қоршаған табиғи және
әлеуметтік аяны өзгертіп, сол екі ортада өздерін де өзгерте білу қабілеті. Ендеше, әрбір
мәдениет-дербестіктің ар жағында белгілі бір табиғи ортада тарихи қалыптасқан
қауымның күн көрісіндегі тұрақтанған дәстүрлі қарекеттер болып табылады» [1,
79] немесе «Мәдениет – тіршілік ету күресі жолындағы еңбекзейнеттен туған, табиғатпен,
адами ортамен үйлесімді өмір сүре білу өнері, адамның әдет-ғұрыптар мен заңдарға
сүйенген қоғамда қадірін түсірмей тұра білуі, қоғамның басқа қауымдармен қатар өмір
сүре білуі. Мәдениет – ол тарихи тәжірибе айтып берген дағдылы машықтардың, рұқсат
етулер мен тыйым салулардың тұтас бір жүйесі» [2, 3] Туған жердің табиғи болмыс-
бітімін танып-түсіну, қоршаған ортамен тіл табысу, тіптен сол ортамен үндес өмір салтын
қалыптастыру халқымыздың ғибрат тұтар экологиялық мәдениетін дамытып
қалыптастырды.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіне дейін қазақ халқының көшпелі өмір
салтында болғанын бәріміз білеміз. Сондықтан, «сахарада көшіп жүрген, күнделікті өмірі
жазда, күзде, тіпті жыл бойы дерлік кең далада, төңкерілген ашық аспан астында, өзен-
судың жағасында өтетін елдің өзін ұдайы табиғаттың аясында, құшағында отырғандай
сезінуі таңғаларлық нәрсе емес. Даланың сайы, белі, тау-тасы, өзен-көлі – қыр адамы
кезінде бір көріп қызықтайтын ғана көрініс емес, оның ғұмыр кешетін, ұдайы малын
бағып, орын теуіп отырған ортасы, мекен-жайы. Айналасындағы табиғаттың әр сипат-
белгісі оның ой-санасында ерекше орын алады» [3, 58]. Яғни, ұзақ ғасырлар бойы біздің
ата-бабаларымыз табиғат құшағында көшіп қонып жүріп, оның сырын жан-жақты білуге
дағдыланған. Осының арқасында халқымыз табиғатпен етене біртұтас болып кеткен.
Кейінгі отырықшы тұрмысқа көшкен кездің өзінде де қанға сіңген табиғатты сүю қасиеті
халқымызды өлкенің нағыз аялаушы қожасы ретінде сақтап келеді.
Адамзат цивилизациясы ғылыми-техникалық дамудың жолына түскенге дейінгі
жылдар бойында (алтын үзікті киіз үйді еуропалық тас сарайға ауыстырып) бұл далада
бірыңғай отырықшы болып ұшпаққа жету мүмкін емес еді. Сондықтан да, мыңдаған
жылдар бойы тірнектеп жинаған өмір тәжірибесі, әсіресе табиғаттың апталық, айлық,
маусымдық, жылдық құбылыстарын терең білудің нәтижесі ұлы дала тұрғындарының
арасында астрономиялық, географиялық, математикалық, гидрометеорологиялық зерденің
айрықша дамуына ықпал етіп, ешкімге ұқсамайтын көшпелілер мәдениетін дүниеге
әкелді.
Ол қандай мәдениет? Ол – тағы да қайталап айтсақ, нағыз табиғатты терең тануға,
табиғатпен мінсіз үндесуге негізделген қазақи экологиялық мәдениет! Жаңарса да,
жаңғырса да, олардың авторы данышпан қазақ халқының өзі, сол халық болып қала
бермек.
Ата-бабаларымыздың табиғатпен үндескен қағида-тұжырымдарын табиғатты
өмірлік қажетімізге пайдалануда міндетті түрде орындау – біздің баянды өмір сүруіміздің
негізгі болмақ. Біздің мақсатымыз да осы ата-бабаның асыл қасиетінің ұрпақтан-
ұрпаққа жетуіне көмектесу. Бұл бағытта әңгімені қалай өрістетсек те оған тарихи негіз
бар. Ал тарих дегеніміз – бұлтартпас шындық.
330
Мысалы, әрідегі қазақ фольклорын алайық. Онда жаратылыстың әртүрлі
көріністері туралы, неше түрлі формадағы тастар мен шың-құздар жайлы, сондай-ақ сырт
түрімен ерекшеленетін тау, шоқы, өзен-көлдер, жан-жануарлар, т.б. жайында ертегі-
ден бастап, небір әдемі аңыздар мен әңгімелер жан-жақты көрініс тапқан.
Айталық, найзағайдың жарқылы, күн күркіреуі, құйын секілді табиғат
құбылыстарына қазақтар ерекше қасиет берген. Көктемде алғаш рет күн күркіреп,
найзағай ойнағанда қазақтар қолындағы ожаумен киіз үйден жүгіріп шығып, үйді айнала
ожаумен ұрғылап: «Сүт көп, отын аз», - деп кейін үйге кіріп ожауын есік алдындағы
керегеге қадаған. Мұның бәрі сүттің көп болып, мал басының көбеюін тілеген жақсылық
тілектен пайда болған. Егер ұзақ мезгіл күн күркіреп, найзағай ойнап, жаңбыр жаумаса,
қазақтар тасаттық жасап, мал сойып, тәңірге құлшылық еткен, немесе олардың тәңірі –
көк аспан, құдіреті – көктегі күн болған (күнге киіз үй есігін қаратып тігу). Бұлар табиғат-
ты өмірдің тірегі ретінде түсінудің ашық көрінісі.
Қазақтардың отағасы деп үй иесін атауы, «отың өшсін» деп қарғауы, «отбасы»
деп Отанын, үйін атауы; отқа түкірмей, от жаққан жерді баспауы оттың зор қасиеттілігін
ұқтырады. Мал төлдеп жатқанда, сондай-ақ әйел босанып, баланың кіндігі түскенше
басқаларға от бермеген, үйден от алып шықпаған. Жаңа түскен келін босағадан аттарда
басынан от айналдырып, отқа май тастайды, «от ана» жарылқа деп жалбарынған. Бұлай
еткенде жаңа түскен келін әзәзілдің тіліне ермейді, сол босағаға шын беріледі деп
ұғынған.
Ата-бабаларымыз тіпті аң-құстар арқылы да айналадағы құбылыстардың сырын
аңғарып, құпиясын ұға білген. Бізге жеткен ата ұрпақтың пайымдауы бойынша мысалы,
шағалалар көл үстінде ұшып жүріп тоқтаса, артынша ауа райы бұзылады. Ал егер шабақ
балықтар су бетіне шығып қайта сүңгіп жүрсе, онда ізін суытпай жаңбыр болады. Ашық
күнде қарлығаштар ұшып, жүруін тоқтатса, онда көп ұзамай дауыл тұрады. Жазда шегірт-
келер шырылын тоқтатып, жым-жылас болып айналада тыныштық орнаса, онда
жеделғабыл жаңбыр жауады. Қыста ақбөкендер жайылымын тастап, басқа жаққа
жосылып кете бастаса, немесе сексеуіл тоғайы мен құм төбелерді паналаса, онда ол жерде
көп ұзамай боран соғады, көктемнің бірінші жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін
шығады, күн батарда аспанның солтүстігі қоңырқай тартса жел тұрады; күн бұлтқа батса,
келесі күні жауын-шашын болады, ашық батса – күн ашық болады.
«Жетіқарақшы жамбасқа ойысыпты» деп олардың орын ауысуларына сүйеніп,
уақыт пен ауа райы туралы болжау; үркерге қарап уақыт белгілеп, күзетшілердің кезегін
ауыстыру; темірқазыққа қарап жолаушының түнгі бағытын айқындауы; желмаясын жел-
діртіп халқына Жерұйық іздеген Асан қайғы бабамыздың әр өңірдің қадір-қасиетін
қапысыз айтқан: «Алты күнге ат семіртіп мінетін жер екен», «Ағар суы бал татыған, ақ
шабағы май татыған» сөздері - табиғатпен тіл табысудың ең бір үлкен айғағы, қалыптас-
қан экологиялық мәдениеттің қағидалары.
Табиғаттың бұндай жұмбақ көріністерімен қазақ балалары ерте кезде-ақ ес біле
таныс болған, жоғарыдағыдай тіршілік тәжірибе-шешімдерін болашақтан-болашаққа
жалғастырып, тиімді қимыл-әрекеттерге барған. Мысалы, «пішенді салқында шап, қойды
салқында бақ», «қой жайын көздесең құмға көш, сиыр жайын көздесең сырға көш»,
«жазғытұрғы жел жардай атанды жығады», «көбік қарда түлкі ойнар, көк көрпеде жылқы
ойнар», «түйе – шөл кемесі», «үркер үйден көрінсе үш ай тоқсан қысың бар, үркер іңірде
жанбасқа келсе жаз шықпаған несі бар», «сәуір болмай жауын болмас, жауын болмай
тәуір болмас», «бұлбұл мен гүл мінездес: екеуі де күнді аңдиды», «сулы жер - нулы жер»,
«шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен - адамгершіліктің үш сауабы»
екенін айтып, шыбын-шіркейдің дала жусаны өскен жерде болмайтынын, қарақұрт пен
қырықаяқтың қой жүнінің иісінен сескенетінін, сондықтан төсек салса жусанды жерге киіз
төсеп шыбын-шіркей, құрт-құмырсқадан қауіптенбей жата берген. Осылайша қазақ атам
өз жерінің табиғатын, онда болатын құбылыстарды жақсы біліп, осыған орай өз
әрекеттерін алдын ала болжап отырған.
331
Басқасын былай қойғанда, атам қазақ өзін қоршаған табиғат байлығының адам
денсаулығына әсерін жазбай таныған: «Жұпар ауа – дертке дауа» дей отырып, жылқы
майының, саумалының шипалығын, киік мүйізінен дәрі жасауы, қымызды жетпіс түрлі
ауруға ем деуі (скифтер заманынан бері ашытылып келген қасиетті тарихи экологиялық
таза асымызды Европаның арағына алмастырып ажырай бастағанымыз өкінішті-ақ),
шұбатпен өкпе, асқазан, ішек ауруларын емдеуі, түйенің шудасын бел ауруына
пайдаланып, тұзды суға қайнатып «сорботқа» жасау арқылы ісік қайтаруы, түйенің
қотырын күкірт түтінімен булап, қойдың құйрық майымен жел-құзды, жөтелді емдеуі,
кейде керім толғақ боп босана алмай жатқан әйелге ірімшіктің сүтін езіп ішкізуі,
сексеуілмен (шөл далада, ауызсуға тапшы жерден, суы салқын табиғи температурада)
шегендеп құдық қазуы.
Осы негізде күнделікті өмір тіршілігіне қажетті экологиялық таза өнім, тағам түр-
лерін де дайындаған: қазы-қарта, жал-жаясы, бір білем бағылан қозының шикі құйрық, не
аздаған сүрі қазы тастап дайындаған қымызы, сары ірімшік, қаймақ, сары май, айран,
сүзбе қатығы, таза қой жүнінен дайындаған, бүгінде қолға түсе бермейтін сәнді киімдері,
композиторларымыз бен сал-серілердің ешкінің ащы ішегінен домбыраларына ішек, сәмбі
талдан өрген бесік жасауы, аңның терісін киім, етін тамақ, тарамысын жіп, сүйегін ине
ету қай мәдениетіңнің қойын бағады?
Я болмаса, қазақи әдіспен сақар алудың өзі үлкен өнер: сексеуілдің басындағы
көк гүлі түспей тұрған кезде, тамыз айында жинап алынып, алдын ала су себіліп,
тапталып, сыпырылған тегіс әрі тақыр жерге мол етіп үйіліп, өртеледі. Содан соң қазанға
су құйып, осы гүлді қосып, сақырлатып күні бойы қайнатып, түн асырып, тұндырып
қояды. Тұнбаны сілті деп атайды. Тіліміздегі «сілтідей тынды» деген тұрақты сөз тіркесі
де осыдан қалыптасқан. Әрі қарай сақар алу үшін түн асқан сілтіні ертесіне отты баяу
жағып, былғауышпен араластырып, әбден қоюланып, құрғап ұнтаққа айналғанша
қайнатады. Оған өсімдік майын, малдың немесе балықтың майын қосып, ұнтаққа
айналған сілтіге (сақарға) қосып араластырып, әбден қоюланған кезде шүберекке орап
немесе қалыпқа құйып, белгілі бір кейіпке келтірсе, сақар, яғни қара сабын дайын-
болады. Қара сабын берік болуы үшін оған кейде қойдың жүнін, ешкінің түбітін, түйе-
нің шудасын қосады. Қара сабын дайын болған соң одан үзіп алып, қолмен сығымдап,
көршілерге, абысын-ажынға үлестіреді. Оны «бұзаушық» деп атайды.
Кезінде күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып, бұл күндері ұмыт бола
бастаған қазақтың қара сабыны – сақардың емдік, шипалық қасиеттері де көп болған:
малдың сүйегін қайнатып, оған сәл сілті қосып, майын қалқып алып, іш ауырғанда, тұмау
тигенде аздап ішкізген; басы ауырған адамды қара сабынмен басын жуып, жылы бүркеп
жатқызып қойса, басы ауруы қояды; бөртіп, қызарып шыққан денедегі жараны,
теміреткіні сақармен жуып, емдеген; көз, құлақ іріңдеп ауырғанда қара сабынмен жуады;
жас нәрестені бір күн қара сабынмен, бір күн тұзды суға алма-кезек шомылдырады; денеге
шыққан шиқанның аузына қара сабын тартады.
Атадан балаға ғасырлар бойы іс арқылы ұдайы қайталанып жеткен бұл асыл
қасиеттерді бір-бірімізге, ұрпақтарымызға үйрету – халық дәстүрі, экологиялық
мәдениетіміздің ажырамас бөліктері. Айта берсек, атам қазақ тек табиғаттың өзі берген
игіліктерімен ғана күн көріп жүрген шағында жыл мезгілдеріне орай уақыттың
Достарыңызбен бөлісу: |