323
болуы жатады. Қазіргі кезеңде экологияның ғаламдық мәселелері көптеген адамдардың
қызығушылығын тудырып отыр. Біздің республикамызда табиғат қоршаған ортаны қорғау
саяси, экономикалық және мемлекеттің әлеуметтік тапсырмасының маңыздылығына
жатқызылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай деп
көрсетілген: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына
қолайлы айналадағы
ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» [1].
Экологиялық мәдениет – әр қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді
элементтерінің бірі, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру
талаптарымен байланыста болады. Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен
ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды.
Б.Т. Лихачевтің пайымдауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда
негізделген еркін қалыптастыруы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі
қыр – сырымен және қасиеттерімен органикалық байланыста болады. Ғылыми
әдебиеттерде «экологиялық мәдениет» ұғымына көптеген түсінік, анықтамалар берілген.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және жақын шет елдік
ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы
екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды
пайымдауда олардың мазмұны мен басты идеяларына
қарай бірнеше бағытта
қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі;
экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен қарым – қатынастары жөніндегі
қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі;
экологиялық мәдениетке – адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет
адамның табиғатты теориялық, материалдық – практикалық, рухани ізгілікті меңгеруі
және жаңартудағы мәнді күш – қуатының өлшемі, іс - әрекетінің жиынтығы; экологиялық
мәдениет – адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік – тарихи ортамен, биосферамен
өзара әрекеттестігі [2, 39]. Студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін
экологиялық білім мен тәрбие қоса берілуі керек. Себебі, экология негіздерін білу – білім
алушылардың
бойында қалыптасып, дамитын экологиялық мәдениеттің түп тамыры
іспеттес. 1993 жылы Ф.Майром ЮНЕСКО басшылығымен талданған жүргізуші
халықаралық жобаның «Әлем мәдениеті» бағдарламасы болды (UNESKO and a cuIture of
peace Promoting a GiobaI Movement), мұнда негізгі буын болып «Экологиялық мәдениет»
бағдарламасы табылады. Адамзатта ең өзекті мәселе болып жаңа қоғам өмірін
ұйымдастыру және бір тұтас білім принциптері болып табылады. Әрбір қоғамның даму
сатысында азамат баласының табиғат пен саналы қарым-қатынас жасауының, яғни өзі
тіршілік еткен ортасын қорғау мақсатында, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұзақ жылдар бойы
қалыптасқан өзіндік тарихы бар. Ғұлама ойшылдар философ, математик,
психолог,
педагог, табиғат зерттеушісі Әбу-Насыр -Аль Фараби, Ж. Баласағұн, С. Бақырғани, М.
Қашқари сонау ерте кезден -ақ табиғат — қоғам – адам арасындағы дамудың өзара
байланстығын және оның біртұтастығын өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау ете
отырып табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана-сезім тәрбиелеудің негізі екендігін
көре білді. Халқымыздың ақын жыраулары Бұқар жырау Қалқаманұлы, Қорқыт ата, Асан
қайғы және т.б. барлық уақытта өз жырларында табиғат олардың өзекті мәселесі болды.
Қазіргі заманда жеке экология мәдениетін түсіну, бөлек адамның құндылығын
мойындайтын,
оның білімге құқығы, бақытқа және адамның бастапқы құқығы – таза
табиғат ортасында мәнсіз (мағынасыз) өмірсүру мүмкіндігін көрсету. Адам – табиғаттың
бір бөлігі, барлық табиғатқа қарсы істелген істер адам табиғатына әсер етуіде мүмкін және
оның психикасына, ойлау қабілетіне, әлеуметтік белсенділігіне ықпал етуі мүмкін.
Э.В.Гирусова былай деген «экологиялық мәдениет – бұл біздің ішіміздегі ноосфераның
пайда болуы» [3, 56]. Білімді экологияландыру барлық білім жүйесіндегі органикалық
және басымдылық бөлімі ретінде қаралады, стартегиялық мақсатты анықтау және
жүргізуші бағыттар,
оған жаңа құндылық беру, тек қана табиғатта ғана жаңа қарым-
қатынас құрмайды, сонымен бірге қоғаммен де, адамдармен де байланысты. Қолайлы
324
жағдайлардың пайда болуына әрбір адамның құқығын қамтамасыз ету және қоршаған
табиғат ортасындағы дағдарысты жоюға мүмкіндігі бар, қоғамды құрастыру шешімдері.
Экологиялық мәдениет, жалпыадамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді, адам
арасындағы құнды қарым-қатынас көлемі және әлеуметті табиғат ортасындағы процесстің
пайда болуы және материалдық және рухани құндылықты және мінезін анықтайды,
бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты
биосферадағы
жеке адамды сақтау, экологиялық іс-әрекетті дәлелдеу және адамзат
қызметінің шешімінде және барлық түрлерде игеріледі, табиғатты қорғау және танумен
байланысты. Барлық танымдық қызмет кезеңдерінде экологиялық мәдениетті құрастыру
келе-келе болады, басқа бөлек жалпы білімберу пәндерінде оқытылады. Сонымен,
экологиялық мәдениет барлық білім алушылардың ойларында құрастырылуы керек, оны
құрастыруға білім беру ұйымдарына үлкен жауаптылық жатады. Экологиялық
мәдениеттің негізгі саласына жаратылыстану білімі жатады, бұл студенттердің білім
жүйесіне, қазіргі заманғы адекваттық
ғылыми әлем суретін құрастыру; экологиялық
ойлау, әлемдітану, бағалы жобалар, экология заңын түсінуге көмек көрсету мүмкіндігі,
тәжірбиелі қызметтер, табиғатты пайдалануды игеруге септігін тигізетіні анық.
Достарыңызбен бөлісу: