ӘДЕБИЕТТЕР
1.ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы, 30 тамыз 1995 жыл
2.Лихачев Д.С. Экология культуры. Альманах Всеросс. Общ-ва охраны
памятников истории и культуры. – 1980. - №2. - С. 38-44.
3.Гирусов Э.В. Основы социальной экологии: Учебное пособие. - М.: Высшая
школа, 1998. – 312 с.
ӘОЖ 378:004
САБАҚТА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
МҮМКІНДІКТЕРІ
Абдыкеримова Э.А., Шажрадинова Ж.С.
Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Аңдатпа. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын
ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді
ақпараттандыруды талап етеді. Мақалада оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды
қолданудың, сабақта бейне материалдарды жасақтауда қолданылатын бағдарламалардың
мүмкіндіктері қарастырылған. Компьютердің экранынан бейне жазатын бағдарламаларға
талдау жасалған.
Түйінді сөздер: оқу үдерісі, ақпараттық технология, бағдарлама, мультимедиа,
бейне.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына
ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып
келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі
шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Осы мақсатта,
ақпараттық технологияларды дамытуда оқытушылар білім алушыларға өз білімдерін
тереңдетуге және ақпараттық-коммуникациялық мәдениеттің дағдыларын меңгеруге
мүмкіндік беретін мультимедиалық бейне материалдарды жасап, оқу үдерісінде қолданып,
оң нәтижелерін беруде.
Информатика оқыту жүйесі және пән ретінде бір орында тұрмайды және
оқытудың ең заманауи әдістері мен түрлерін үнемі пайдаланады. Олардың ішінде -
техникалық, бағдарламалық құралдарды, сондай-ақ мультимедиа құралдарын белсенді
пайдалану. Бейне материалдар (видео) мультимедиалық өнім болып табылады.
Оқу үдерісінде мультимедиалық бейне материалдарды жасақтауда:
337
- бейне жазбаның қазіргі заманғы технологиясы бейне жасау, сақтау және ойнату
процестерін айтарлықтай жеңілдетті;
- техниканы арзандату және цифрлық бейнежазба технологияларын жаппай
тарату, оны іс жүзінде барлық тілек білдірушілер үшін қол жетімді етті;
- оқу сабақтарындағы бейнелерді ойнату жеңілдігі мен қол жетімділігі, бүгінгі
күні тек компьютер, мультимедиялық проектор немесе интерактивті тақта қажет.
- дидактикалық міндеттердің кең ауқымын шешуге мүмкіндік беретін, білім
алушылардың оқу ақпаратына қол жеткізуін жеңілдететін және жеделдететін оқу
бейнесінің дидактикалық әлеуеті [1].
Бұл оқыту әдістемесі өзінің икемділігімен ерекшеленеді, өйткені кез келген
ыңғайлы уақытта қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар бейне сабақ жалпыға бірдей
қолжетімді және модульдік қағидатқа ие, бұл мақсатты аудиториямен жұмыс істеу
мүмкіндігін сақтай отырып, әрбір білім алушыға жеке көзқарас табуға мүмкіндік береді.
Барлық аталған қасиеттер бейне форматындағы материалды оқытудың әр түрлі
әдістемелерін әзірлеудің салдары болып табылады.
Оқу үдерісінде мультимедиалық бейне материалдарды қолданудың оқыту
әдісіндегі артықшылықтары:
- оқытушы маңызды бөлшектерді жіберіп алмайды және жоспарланған барлық
материалды сауатты баяндайды;
- мультимедиалық бейне материал сабақты барынша жайлы жағдайларда және
алдын-ала белгіленген сценарийге қатаң сәйкестікте жазылады, бұл алаңдатушы
факторлардың болмауымен үйлесімдеу, сабақтың тақырыбы бойынша материалды
барынша дәл және ақпараттық баяндауға мүмкіндік береді;
- бейне сабақтың ұзақтығы қатаң белгіленген, оқытушы жаңа материалды
түсіндіруге қанша уақыт алатынын, жеке алынған тақырыпты өтуге кететін уақытты дәл
есептеуге және сабақты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді;
- барлық материал тапсырманы құрастыруға арналған қатаң уақыт шеңберінің
жоқтығына байланысты жақсы құрылымдалады;
- сабақ өткізудің дәстүрлі әдісіне қарағанда, бейне материалдарды қолданған
сабақ әдістемелік материалды жақсы дайындауға және қалыптастыруға мүмкіндік береді
[2].
- оқытушы сабақ қалай болатынын алдын-ала біле алады, бұл қате немесе
дәлсіздіктер ықтималдығын болдырмайды:
- оқытушы материалды жеткізу барысында тақырыптан кетпейді;
- барлық материал барынша көрнекі түрде ұсынылады.
Мәтіндік ақпаратты сүйемелдеуші бейне мақсатты аудиторияға берілген
материалды меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін береді:
- оқытушыға әр жолы бірдей түсіндірудің қажеті жоқ, қажетті сабақты қосу
жеткілікті болады;
- бейне материал бекітілген әдістемелік құрал болып табылады және оқытушыны
материалды қайталау қажеттілігінен босатады. Барлық қажетті ақпарат оңай қол жетімді
және кез-келген уақытта ойнатылуы мүмкін;
- бейне материалдарды оқытушы кез-келген жерде және кез-келген уақытта
пайдалана алады. Бұл оқыту әдісі адамдардың кең ауқымымен де, жеке форматта да
жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол оқу орнына байланысты емес, және
бейнеконференция форматында қашықтықтан пайдаланылуы мүмкін. Оқытушы білім
алушыға үйде көру үшін сабақ бере алады;
- оқытушының жеке қатысу қажеттілігінің болмауы осы материалды
меңгерілгенді бекіту мақсатында қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік береді;
- оқытушы өз уақытын ғана емес, қосымша сабақтар өткізе алады. Бір рет оқылған
материал кейіннен сабақты үнемі оқу қажеттілігінсіз шексіз мөлшерде талап етілуі
мүмкін.
338
Нәтижесінде материалды баяндаудың осы инновациялық әдісі жоғары
әмбебаптыққа ие, бұл оны әр түрлі форматтарда қолдануға мүмкіндік береді.
Бейне материалдарды жобалау кезінде әр түрлі бағдарламаларды қолдануға
болады. Сондай бағдарламалардың мүмкіндіктерін қарастырайық.
iSpring Free бағдарламасы PowerPoint презентацияларын Flash файлына видео
және анимациялық эффектерін қолдай отырып конвертациялайды. Бағдарламаны сайттан
ақысыз көшіріп алуға болады. Бағдарлама Microsoft-тың слайдтар жасайтын утилиті
болып табылады және де анимациялық презентациялар жасауға өте ыңғайлы, ал Flash
болса универсалды форматтың барлық артықшылықтарын қамтиды: құжаттарды кез-
келген компьютерде кез-келген браузердің көмегімен қарап шығуға болады және олар
жадыда аз орын алады. Бағдарлама Microsoft PowerPoint-пен біріктірілген. PPT
презентациясын дайындағаннан кейін «Quick Publish» (Тез жариялау) немесе «Publish»
(Жариялау) түймелеріне басу керек. Бұдан соң бірнеше опцияларды реттеу керек. iSpring-
де тағы да Flash-роликтерін PowerPoint слайдына салатын бірнеше функциялар бар.
Өкінішке орай жеке элементтердің (суреттер, дыбыстар және т.б.) қысу деңгейін
анықтайтын мүмкіншілік жоқ.
Flash-файлдар интернетте жарияланады, бұл презентацияларды әлемнің кез-
келген түкпірінен көруге мүмкіншілік береді. «Publish» (Жариялау) түймесіне басып,
хостинг ретінде «SlideBoom»-ды таңдап алып, аккаунттың егжей-тегжейін ендіру қажет.
Менюден тегін аккаунтқа тіркелуге болады. iSpring PPT-презентацияларын жасап, басқа
пайданалушылармен алмасу үшін, оларды Flash файлдарына аударуға арналған. Сонымен
қатар құжаттарды интернеттегі тегін хостингте жариялау және сақтау қол жетерлік.
Өнім техника саласында жұмыс істемейтін көпшілікке бағытталған және де
презентацияларды, оқу курстарын, баннерлерді, ашық хаттарды Flash форматында
құруға арналған, таныс және үйреншікті Flash формат ортасын қолдана отырып, Flash
және YouTube-роликтері қыстырылған онлайн-презентацияларын жасайды. iSpring Free
180-нен жоғары видео, аудио және Flash-контенттері енгізілген анимация және ауысу
эффекттерін дәлдеп елестетеді. Өзгерту бірнеше секундта жүргізіледі, ал алынған Flash-
презентациялардың сапасы жоғары болып қала береді. Flash форматының барлық
артықшылықтары қол жетерлік: ықшамдылығы, басқа web-браузерлермен және
операциялық жүйелермен үйлесімділігі, e-mail-мен және интернетпен таратуға
ыңғайлығы, және де мультимедиа-контентінің компрессиясын басқару дайындалатын
презентацияның оптималды көлемін қамтамасыз етеді, бұл презентация сайтта
жариялануы немесе электронды почтамен жіберілуі мүмкін. Шығарда презентецияның
.exe немесе .zip файл, .swf немесе .html форматтарын таңдау және де бір немесе бірнеше
Flash-файлдар құрастыру мүмкіншіліктері бар [3].
Ең танымал және қарапайым бағдарламалардың бірі - iSpring Free Cam экран
бейнефильмін жазу үшін тегін бағдарлама болып табылады. Оның көмегімен бейне
жазбаларды жасауға, өңдеуге және Интернет желісіне орналастыруға болады.
Бағдарламалық өнімде лицензияның жоқ екендігін ескертетін жарнама мен жазулар жоқ.
iSpring Free Cam бейне сабақтар мен оқыту роликтерін жасау үшін толық
мүмкіндіктер жиынтығын қамтиды. Қажет болса, монитордың экранынан жазғаннан кейін
кез-келген уақытта қажетсіз бейне фрагменттерін жоюға болады. Аудио сүйемелдеуді
жақсарту үшін дыбыс деңгейін реттеуге, дыбыстың өшу/өсу әсерін қолдануға немесе
кейбір фрагменттер үшін дыбысын өшіруге болады. iSpring Free Cam жазбаны
компьютерге сақтауға немесе қажет болса, Интернет желісіне бірден орналастыруға
мүмкіндік береді.
Келесі бағдарламалық өнім – Fast Stone Capture фирмасының Fast Stone Capture
бағдарламалық жасақтамасы, бұл бағдарлама тегін таратылады. Бағдарлама
скриншоттарды алу және экраннан бейне жасау үшін толық функционалды құрал болып
табылады. Қызықты кіріктірілген құралдардың арасында: лупа (егер кейбір кішкентай
бөлшекті қарастыру қажет болса, экранды ұлғайтады); тамшуыр (егер ұнаған түстің кодын
339
RGB форматында білу қажет болса); тік немесе көлденең жасауға болатын сызғыш
нүктеден нүктеге дейінгі қашықтықты өлшеуге тек пикселдерде ғана емес өлшеуге
болады. Экранды басып алудың барлық мүмкіндіктеріне қысқа пернелерді тағайындауға
болады. Сонымен қатар, бағдарлама компьютер ресурстарына аса назар аудармай өте аз
орын алады және өте тез жұмыс істейді.
UVScreenCamera - SWF, AVI, UVF, EXE, FLV, GIF-анимация форматындағы кез-
келген бейне роликтерді жасау бағдарламасы. Бейнені тінтуір түймелерін басып,
пернетақтаны басуды қоса алғанда, экраннан жазады. Жазу кезінде экранда сурет салу
функциясы бар. Рамалар, суреттер сияқты түсіндірме элементтерді қосуға болады.
Дыбыспен жұмыс істеу, микрофоннан немесе файлдан дыбыс жазу. Виртуалды
пернетақта. UVF және EXE форматындағы фильмдер өте кішкентай (1024x768x32
рұқсаты бар 2 минуттық фильм 194 К). Орыс тілінде анықтама және фильмдерді
көшіруден қорғауға арналған модуль бар.
OhSoft фирмасының oCam Screen Recorder бағдарламасы - қолданушы
әрекеттерінің бейнесін жазуға болатын пайдалы бағдарлама. Екі монитормен жұмыс істей
алады, секундына кадрлар санын, дыбысты және тағы басқаларды реттейді.
Артықшылықтары арасында: тегін тарату; руссификацияның болуы; бейнені
кодтау үшін жеке кодекті орнату; сапаны реттеу; дыбысты басып алу. Бағдарламаны іске
қосқаннан кейін компьютердің жұмыс үстелінде оның құралдар тақтасы, сондай-ақ
скриншоттың терезе рамкасы көрсетіледі. Терезені «Resize» (Редактировать, Өңдеу)
батырмасын басу арқылы белгіленген өлшемдерді жылжытуға, созуға немесе таңдалған
өлшемдерді таңдауға болады.
BB FlashBack Express - экраннан бейне түсіру және нақты уақытта дыбысты
жазуға арналған тегін бағдарлама. Бұл бағдарлама, мысалы, жаттығу бейне құру үшін
пайдалы болуы мүмкін. Бағдарламаның ерекшеліктері: AVI және Flash бейне жазу; WAV
немесе Mp3 дыбыс жазу; веб-камерадан бейнені жазу; WindowsVista әсерлерін жазу; файл
өлшемін шектемей үздіксіз жазу мүмкіндігі; бағдарлама пайдалану оңай және әрқашан
жұмысқа дайын.
SMRecorder бағдарламасы экрандағы суреттерді түсіріп, оны AVI файлына
жазады. Сонымен қатар, ол микрофонмен жазылған дыбыс жолын (саундтректі) қосады.
Бағдарлама интерфейсі қарапайым - барлық терезелердің үстінен көрсетілетін қалқымалы
панельде алты түйме бар. Бағдарламаны орнатқаннан кейін бірден жазуды бастауға
болады - ол бастапқы параметрлерді талап етпей жұмыс істейді. Сондай-ақ SMRecorder
веб-камераны сурет көзі ретінде пайдалана алады. Бағдарлама параметрлерінде бейне
қысу дәрежесін, жазылатын дыбыс параметрлерін орнатуға, файлдарды сақтау орнатуға
болады. Жазу барысында бағдарлама жазу уақытын көрсетеді, жазба жасау үшін қанша
орын бар (минуттармен) екенін көрсетеді. Ол Windows XP, Vista, 7-де жұмыс істейді, орыс
интерфейсі бар, сондықтан маңыздысы - мүлдем тегін.
Microsoft корпорациясы ұсынған «Киностудия WindowsLive» жаңартылған
бағдарламасында анимацияланған өткелдердің жиырмадан астам түрлері бар, визуалды
әсерлер бейнеге де, фотосуретке де, мысалы, қара-ақ немесе түрлі-түсті етіп жасалады.
Сондай-ақ, бейне жылдамдығын өзгертуге, дыбыс деңгейін азайтуға немесе арттыруға,
кесуге және т.б. болады. Бағдарламада бейне тұрақтандыруды орнатудың қызықты
функциясы іске асырылды.
Қарапайым бейне редакторлардың тағы бір өкілі «Видеомонтаж» бағдарламасы.
Бұл утилита кез-келген форматтағы бейнені өңдеуге, әсерлерді, титрларды және
музыкалық сүйемелдеуді қосуға қабілетті. Қосымша орыс тілінде жүзеге асырылды, оны
тегін көшіріп алуға болады, бірақ сынақ нұсқасының қолданылу мерзімі 10 күнге ғана
есептелген. Кейіннен лицензияланған нұсқаны сатып алу қажет.
Қорыта келе, бейне материалдарды жүзеге асыру үшін бейнематериалды (видео)
жазу және өңдеудің бағдарламалық құралдарына талдау жасалды.
340
Достарыңызбен бөлісу: |