«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет123/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2018. – 
85 б. 
2. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының Экологиялық құқығы. -
Алматы. 2005. – 396 б. 
3. Байдельдинов Л.Л. Экологическое законода 
УДК. 336.03 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ ТӨЛЕМ 
КАРТОЧКАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Cатанбаева А.Ө., аға оқытушы, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ. 
Аңдатпа. Төлем карточкасы – электронды сақтағыштар - терминалдар немесе 
өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы болып табылатын  магнит қабатты 
пластикалық карточка.
Түйінді сөздер: банк, төлем, карточка, авторландыру, төлем құралы, эквайрер. 
Қағаз ақша ғасыры тәмамдалып келеді. Адамдардың көпшілігі қазіргі таңда 
қолма-қол ақшадан бас тартып, төлем карточкаларын таңдауға көшкен. Осы бір кесек 
пластик артықшылығының орасан зорлығы сонша оны сипаттап беру оңай емес. Карточка 
– әмбебап төлем құралы, оны ұстаушы жер шарының кез келген түпкірінде пайдалана 
алады (әрине, банк бар жерлерде). Бұл Ұстаушының банктік карточкалық шотын 
басқаруға қол жеткізетін кілт. Төлем карточкасының көмегімен үйден шықпай-ақ 
тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады немесе қолма-қол ақша алуға болады.
Банктiк карточкаларды колдану бойынша қатысты негiзгi субъектiлерi: эмитент, 
карточка ұстаушы, сауда ұйымы, эквайрер, төлем ұйьмы, есеп айырысу банкi. Банктік 
карточка эмитентi — бұл банктiк карточканы шығарған және ұстаушыға берген несиелiк 
ұйым. Банктiк карточканы ұстаушы - оны қолданушы жеке тұлга. Сауда ұйымы — заңды 
тұлга немссс жскс кәсiпкер, оларлың және эквайрердiң арасындағы келiсiмге сәйкес, 
эквайрердiң тауар (қызмет) ұстаушыға банктік карточканы қолданып кезектi төлеу үшiн 
тапсырылған кұжаттары бойынша жауаптылықта болады.
Эквайрер - банктiк карточканы колданып жургiзiлгсн операция бойынша сауда 
ұйьмдарымен есеп айырысатын және ұстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын беретiн 
несиелік ұйым болып табылады. 
Төлем ұйымы – төлем жүйесi шегiнде банктiк карточкалармен операция бойынша 
ережелердi бекiтетiн заңды тұлға болып табылады. 
Төлем жүйесi — анықталған түрдегі банктік карточкалармен операцияларды 
демейтiн коммуникация және арнайы құрылғылар жүйесі. Төлем ұйымдары әдетте банктік 
карточка түрлерін сәйкестендiретiн кызмег көрсету белгілерінiң құқынаине болады. Төлем 
ұйымы сондай-ақ тиiстi төлем жүйесiнің техникалык қалыптасуын камтамасыз етедi. Есеп 


232 
айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті — төлем ұйымымен жасалған келiсiм негiзiнде 
эмитент пен эквайрлер арасындағы өзара есеп айырысуды жүргiзетін несиелiк ұйым. 
Банктiк карточканы ашу үшiн клиент бекiтiлген нысандағы өтiнiштi ұсынады 
және банк онымен келiсiм жасайды. Банктiк карточкалар негiзгi екi операцияны жүзеге 
асыруға мүмкiндiк бередi: тауарларды (қызметтi) төлеу және банкоматтар арнайы 
автоматтық құрылғылар. Қазiргі кезде аталған операцияның екеуiн жүзеге асыратын 
карточкалар (әмбебап карточкалар) кең тараған, алайда тек қолма-қол ақша қаржыларын 
алуға немеса тек тауар немесе қызметтердi төлеуге негiзделген карточкалар да 
қолданылуда. 
Банктiк карточкалар екi негiзгi типте болады: кредиттiк жәнедебеттiк. 
Халыкаралык 
төлем 
ұйымдарының 
кредиттiк 
карточкаларыныц 
дебеттiктен 
айырмашылыгы операция жургiзу технологиясына байланысты. Дебеттiк карточкалармен 
операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады, кредиттiк карточкалармен 
операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды. Осындай ерекшелiктерiне 
байланысты дебеттiк карточкаларды эмитенттер банктiк шотта бар қаржы қалдығы 
көлемiнде операцияларды жүзеге асыруға қолданылады, ал несиелiк карточкалар 
бойынша шоттағы бар қаржы көлемiнде операция жургiзуге, сондай-ак несие ұсынуга 
болады, әдетте тәжiрибеде бұл қарызшыға несиелiк желi ашу жолымен жүзеге асырылады. 
Банктiк карточканы қолданып тауар немесе қызметтi төлеу кезiнде ұстаушы 
карточканы сауда ұйымыныц кассирiне бередi. Кассир авторландыру рәсiмiн өткiзуi 
керек, ол үшiн карточка эмитентгерi мен бұл орталықта карточка ұстаушының банктiк 
шотының жағдайы туралы деректер базасы жургiзiледi. Авторландырудьщ негiзгi қызметi 
— карточка ұстаушының төлем қабiлетіне көз жеткiзу. Авторландыру екi әдiспен жузеге 
асырылады: дауыстык және электрондық. 
2019 жылғы ақпан айында банктер және «Қазпочта» АҚ кестеде ұсынылған төлем 
құралдарын пайдалана отырып 43 839,2 млрд. теңге сомаға 118 972,7 мың транзакция 
көлемінде транзакция өткізді.
Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем 
карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бұл ретте, бір төлем 
тапсырмасының орташа сомасы 2019 жылдың ақпан айында 2 223,3 мың.теңге құрады. 
Сонымен бірге cаны бойынша төлем карточкаларының жоғары үлес салмағы және 
транзакциялар көлемі бойынша төмен үлес салмағы осы төлем құралын негізінен шамалы 
қолма-қол ақша сомасын алу үшін пайдаланылатындығымен сипатталады. 
Көрсетілген мерзімде төлем құралдарының ішіндегі инкассалық өкімдер және 
чектер аз пайдаланылады. Жалпы сан мен көлемдегі осы құралдарды шамалы пайдалану 
үлесі олардың ерекшелігіне байланысты.
Дауыстық авторландыру кезiнде кассир эквайрер-банкiнiң iс жүргiзу орталығына 
телефон соғып, ондағы қызметкерге келесi деректердi хабарлайды: карточка нөмiрiн және 
оның әрекет ету мерзiмiн, операция сомасын және сауда ұйымыныц сәйкестендiрушiсiн 
(нөмiрiн). Эквайрердiң iс жургiзу орталығының қызметкерi тиiстi төлем жуйесiнiң 
байланыс арнасы аркылы (электронды тәсiлмен, яғни берiлген деректердi компьютерлiк 
жүйеге енгiзу аркылы) эмитенттің iс жургiзу орталығымен байланысады. Егер қызмет 
мақұлданса, онда көрсетiлген тiзбек бойынша, бiр-ак керi бағытта аталған 
авторландырушылық сұрауды сәйкестендiретiн «авторландыру коды» хабарланады. 
Электронды авторландыру кезінде жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi сауда 
ұйымының кассирi арнайы кұрылғы — электрондык терминалға енгiзедi. Ол аталған 
деректердi эквайрердің iс жургiзу орталығына жолдайды және ол автоматты режiмде 
тиiстi эмитенттiң iс жургiзу орталығына бередi.
Авторландыру, соныц iшiнде дауыстық авторландыру белгiлi бiр уакыт мерзiмiн 
алады және сауда ұйымы қызметiнде қажетсiз болып табылады. Тиiстi 
телекоммуникацияны қолдану себептi авторландыру айтарлыктай қымбат тұратын рәсiм 
есептеледi, ол аз сомадагы операцияда өзiн ақтамайды.


233 
Сондықтан халыкаралық төлем жүйесiнiц ережесi белгiленген лимиттен аспайтьн 
сомадағы банктiк карточкалармен операциялар авторландыруды колданбай жүргiзiлуiн 
қарастырады. 
Көрсетiлген лимит ерекет етуi үшiн анықталған сауда ұйымы мен эквайрер банк 
арасындағы келiсiм бойынша тиiстi шарттар қарастырылуы керек. Халыкаралық төлем 
жүйесiнiң ережесiне сәйкес «лимитке дейінгi» сома операциялары авторландырылган 
эмитент болып саналады. Бiрак сауда ұйымы карточканың әрекет ету мерзiмi 
аяқталмағанына және оның нөмiрi тоқтатым парағында (стоп-лист) — ұрланған немесе 
жойылған карточкалардың тiзiмiнде жоқ екендiгiне көз жеткiзуi тиiс. 
Атап ететiн жайт, дебеттiк карточкалармен операция сома көлемiне байланыссыз 
авторландыруға жатады, өйткенi шоттағы бар қаржы көлемiнде ғана катаң жүргiзiлуге 
тиiстi.
Авторландырудың заңдық мәнi, банктiк карточканы қолданып атқаруға 
ұсынылған құжаттарды эмитенттер мiндеттемесiнiң еркiн пайдаланылуына негiз болып 
табылуында. Аталған ереже авторландыру жузеге асқандығын сол мезетте эмитентке 
хабарлап, ұзамай оған тиiстi есеп айырысу құжаттары ұсынылатындығын хабарлайды. 
Осындай ретпен авторландыруға құқылық факт статусын беру қалыптасқан қатынастарды 
көрсетедi. 
Авторландыру өткiзу кезiнде эмитент авторландырылган сома көлемiнде 
ұстаушының ақшалай қаржыларын шектейдi. Аталған шектеу өткiзiлетін операциялар 
сомасын ұстаушыға төлеу бойынша эмитенттің талаптарын қамтамасыз етуге негiзделген. 
Егер авторландыру өткiзiлiп, кандайда бiр себептермен тауар толык ұсынылмаса, онда 
сауда ұйымы авторландыруды толықтай немесе жартылай қайтаруы тиіс. 
Алайда егер авторландыру өткiзiлмесе және операция сомасы сауда ұйымы 
бекiткен лимитген аспаса, эмитент банктiк карточканы колданып құрылған кужаттарда 
корсетiлген мiндеттемелердiң орындалуына жауапты. 
Авторландыру өткiзiлген соң кассир карточка және импринтер көмегiмен слип 
деп аталатын арнайы түбiртектi құрады. Импринтер орнына электронды терминал 
қолданылуы мүмкiн. Бұл жағдайда тиiстi құжат электронды терминал түбiртегi деп 
аталады. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес слип (электронды терминал түбiртегi) кем 
дегенде келесi деректерден тұруы тиiс: 
1. 
сауда ұйымының сәйкестендiргiштерi (нөмiрi); 
2. 
операция өткiзу күнi; 
3. 
операция сомасы; 
4. 
операция валютасы; 
5. 
операция эмитенттерi авторландыруды бекiтетiн код; 
6. 
банктiк карточка деректемелерi: 
7. 
карточка ұстаушының қолы. 
2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс 
жүзінде 22 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады. Аталған ұйымдар келесі 
халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарып, таратумен айналысады: VISA 
International, MasterCard Worldwide, UnionPay International, American Express International 
және Diners Club International. Бұдан басқа келесі Қазақстан банктері жергілікті жүйелері 
төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және 
Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ. 
2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің айналымдағы 
карточкаларының саны 24,1 млн. жетіп, карточкаларды ұстаушылардың саны – 20,8 млн. 
адам болды (2018 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 23,0% және 
21,0% өсім байқалады). Кеңінен таралған карточкалар түрі дебеттік карточкалар болып 
табылады, олардың үлесі 75,6%, екінші орындағы кредиттік карточкалардың үлесі – 
20,8%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалар мен алдын ала ақысы төленген 
карточкалардың үлесіне сәйкесінше 2,0% және 1,6% тиеді. 


234 
2019 жылдың ақпанында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын 
пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 1 817,6 теңгеге жетіп, саны 93,3 
млн. бірлікті құрады (2018 жылғы ақпан айымен салыстырғанда көрсеткіштер сәйкесінше 
38,4%-ға және 83,5%-ға ұлғайды). Оның ішінде қолма-қол жасалмайтын төлемдер саны 
2,2 есе, ал сомасы 97,9%-ға (транзакциялардың саны 67,9 млн. бірлік және 
транзакциялардың көлемі 718,3 млрд. теңге) өсіп, ал қолма-қол ақшаны алу операциялары 
бойынша тиісінше 26,9%-ға (транзакциялардың саны 25,4 млн. болды) және 15,7%-ға 
(транзакциялар көлемі 1 099,3 млрд. теңге) өсті. 
Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол 
жасалмайтын төлемдердің жалпы саны, көлемінен сәйкесінше 54,6% және 35,0%) және 
интернет/мобильді банкинг (тиісінше 44,4% және 62,9%) арқылы жасалды. Қолма-қол 
ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылған (қолма-қол 
ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саныменен көлемінен сәйкесінше 90,4% 
және 83,7%). 
Банктің карточкалары қолданылатын операциялар бойынша төлемдер тізімі – 
электронды немесе қағаз жеткізушіде үрдісті жүзеге асырушы және есеп айырысуға 
қатысушы (эмитент, эквайрер, есеп айырысу банкі) ұйымдармен белгілі уақыт аралығында 
эквайрер құрылысын және эмитеттің банк карточкасы қолданылған операциялар бойынша 
екі және одан да көп құжат. Төлемдер тізімі несиелік ұйымдарда ашылған шоттар 
бойынша операция өткізуге негіз болады. Келтірілген анықтамада көрсетілгендей, 
төлемдер тізімі есеп айырысу құжаты статусына ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет