«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет124/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Мақыш С.Б. Коммерциялык банктер операциялары. Алматы:2004ж. 
2. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: 1996ж. 
3. www.stat.Kz.com.  
4. www.halykbank.kz 
УДК. 336.03 
 
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ МҰНАЙ САЛАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
 
Cатанбаева А.Ө., аға оқытушы, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ. 
Аңдатпа. Қазақстан қаржы нарығының даму арнасы еліміздің шикізат базасының 
дамуымен тығыз байланыста. Несие, инвестиция, валюта, қор нарықтарының 
қалыптасуындағы үлес салмағы үлкен көлемде. 
Түйінді сөздер: несие, инвестиция, шетел инвестициясы, мұнай, Ұлттық қор, 
қаржы нарығы. 
Біздің елімізде экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық алғы 
шарттары бар қаржы нарығын қалыптастырушы процесс жүріп жатыр. Оны әрі қарай 
дамыту мақсатында институционалдық құрылымдарды құруға, инвесторлардың 
қажеттіліктеріне жауап бере алатын шетелдерде дамыған әртүрлі қаржы құралдарын және 
қаржы нарығын талдаудың әдіснамасын енгізуге, даму тенденциялары мен мемлекеттік 
қолдаудың бағыттарын бөлуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Қазіргі қаржы нарықтарының қызмет етуі және әртүрлі қаржы институттарының 
қызметі Қазақстан экономикасының дамуында өте маңызды болып табылады. 
«Қаржылық тұрақтылық экономикада кейіннен қаржы нарықтарындағы теріс 
түзетуге, жүйеде дағдарыстың туындауына және қаржы институттарының қаржы 
жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ экономиканың нақты 


235 
секторының іскерлік белсенділігін ұстап тұру қабілетсіздігіне әкеп соғуы мүмкін 
сәйкессіздіктің болмауы ретінде айқындалады»
Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп шеңберінде қаржы тұрақтылығын 
айқындайтын мынадай аспектілерді бағалау жүзеге асырылады:
1) қаржы ресурстары ақша сақтаушылар мен инвестициялаушылар арасында 
қаншалықты тиімді және уақтылы қайта бөлінуде; 
2) тәуекелдерді барабар бағалау және тиімді басқару жүзеге асырыла ма;
3) қаржылық күйзелістер айтарлықтай сілкіністерсіз қаржы жүйесінде сіңіп кетуі 
мүмкін бе. 
Brent сұрыпты мұнайдың әлемдік бағасының орташа алғанда 2017 жыл үшін бір 
баррель үшін 54,4 АҚШ долларына дейін 23,5%-ға (2016 жылы – бір баррель үшін 44,0 
АҚШ долл.) өсуі және Қазақстанның ІЖӨ-нің жедел өсу қарқыны (2016 жылы 1,1%-дан 
2017 жылы 4,0%-ға дейін) төлем балансының ағымдағы операциялар шоты дефицитінің 
2016 жылғы 8,9 млрд. АҚШ долларымен (ІЖӨ-ге 6,5%) салыстырғанда 5,4 млрд. АҚШ 
долларынан дерлік 40%-ға қысқаруын қамтамасыз етті. 
Ұлттық қор шығыстарының едәуір өскеніне және доллардың теңгеге қарағанда 
әлсірегеніне де қарамастан қорда жинақталған қаржының мөлшері ұлттық валютадағы 
есептеулерде әжептәуір артқан. 
Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы 
нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым – 
экономистердің пікірлері әртүрлі.
Дамыған елдердің тәжірибесінде қаржы құралдарының айналыс мерзімі бір жылға 
толмайтын болса, онда бұл ақша нарығының құралы деп саналады. Ұзақ мерзімді және 
орта мерзімді құралдар капитал нарығына жатады. Әртүрлі елдерде қаржы құралдарын 
қысқа, орта және ұзақ мерзімдерге бөлу әртүрлі болады. Қазақстанда негізінен қысқа 
мерзімді қаржы құралдары ақша нарығының құралдарына қатысты, ал орта және ұзақ 
мерзімділері – капитал нарығына қатысты. Осылайша, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді 
қаржы құралдарының арасына ақша нарығы мен капитал нарығының арасындағы сияқты 
нақты шекара жүргізуге болмайды. Сонымен бірге бұлайша бөлудің үлкен экономикалық 
маңызы бар. Ақша нарығының құралдары ең алдымен бизнес салалары мен мемлекеттік 
ұйымдардың өтімді қаражаттарын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді, өйткені капитал 
нарығының құралдары жинақтау және инвестициялау процестерімен байланысты. Ақша 
нарығы құралдарының үлгілеріне вексельдерді, банк акцепттерін, чектерді, банкноттарды, 
төлем карточкаларын және т.б. жатқызуға болады. Капитал нарығының құралдарына, 
мысалы, облигациялар, акциялар, орта және ұзақ мерзімді несиелер жатады. 
Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, ақпанда қордың ақшасы 1,2%-ға 25 
трлн 539,8 млрд теңгеге дейін, абсолюттік түрде – 298,2 млрд теңгеге артқан. 2019 
жылдың басымен салыстырғанда өсім азырақ – 153,4 млрд теңге. Бұл Ұлттық қордағы 
қаржының қаңтарда 0,6%-ға немесе 144,8 млрд теңгеге азайғанын аңғартады. Жылдық 
көрінісінде, яғни, 2018 жылдың 1 наурызындағы мәліметтерге сәйкес, едәуір өсім – 11%-
ға жуыққа ұлғайған. 
Ұлттық қордың активтерінің негізгі бөлігі шетелдік валюталардың активтеріне 
инвестицияланады. Бұл оның қаржыларының теңгелік баламасының серпініне, 
нәтижесінде бағамдық айырмашылық қалыптасатын, айырбас бағамының ауытқуы әсер 
етеді деген сөз. 
Өткен айда доллар KASE-де 1 ақпандағы таңертеңгі сессияның қорытындысы 
бойынша 381,35 теңгелік орташа сараланған дең­гей­ден 28 ақпанда 375,56 теңгеге дейін 
немесе 1,5%-ға арзандап кеткен. Қордың шығындары ақпанда 1,6 есе 430,6 млрд теңгеге 
дейін өскен, әйтсе де жылдық есептеуде 8,5%-ға төмендеу орын алған. 
Бұл ретте Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген 
трансферттер шешуші рөл атқарған. Оларды аудару мөлшері 1,6 есеге 430,0 млрд теңгеге 


236 
дейін артқан. Қор қаражатын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті өткізуге 
байланысты шығындар да айтарлықтай – 2,3 есе 0,6 млрд теңгеге дейін өскен. 
Дегенмен де, мұндай жағымсыз факторларды қорға түсімдердің күрт артуы 
жауып отыр. Ақпанда олардың көлемі 5,1 есе 584 млрд теңгеге жуық ұлғайып, абсолюттік 
шегінде 468,6 млрд теңгеге шарықтап шыққан. Жылдық есептеуде де едәуір көлемді өсім 
– 53,5% қалыптасқан. 
Осыншама қомақты статистикалық жағымды жайттардың негізгі көзі – мұнай 
саласындағы (жергілікті бюджеттерге аударылатындарын шегеріп тастағанда) 
ұйымдардан аударылған – тікелей салықтардың түсімдері болып отыр. Олардың мөлшері 
қыстың соңғы айында 5,2 есе 569,2 млрд теңгеге дейін өскен. 
Сонымен қатар корпоративтік табыс салығының түсімдері 2,1 есе 222,8 млрд 
теңгеге дейін, пайда­лы қазбалар өндіруге салық 28,7 есе 63,2 млрд теңгеге дейін, 
экспортқа рента салығы – 32,7 есе 71,9 млрд теңгеге дейін, келісім жасалған шарттар 
бойынша өнімдерді бөлу жөніндегі Қазақстанның үлесі – тіпті 1 212 есе 186,6 млрд 
теңгеге дейін артқан. 
Мұнай секторындағы ұйымдардан өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызмет 
атқаратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемдері бойынша да 
айтарлықтай үстеме құралып отыр. Бұл бап бойынша түсімдер 2 471,3 есе 24,7 млрд 
теңгеге дейін артқан. Осыншама таңқаларлықтай статистикадан ерекшелік тек мыналарда 
ғана байқалады: 
• қаңтардағы 0,03 млрд теңге деңгейінде қалған үстеме пайдаға салынатын салық; 
• өткен айдағы 0,05 млрд теңге жағымды көрсеткішті 1 наурызға минус 0,07 млрд 
теңге жағымсызға ауысқан бонустар. 
• Әжептәуір жағымды серпін мұнай секторында (жергілікті бюджеттерге 
аударылатындарын шегеріп тастағанда) қызмет жасайтын ұйымдардың операцияларынан 
түсетін басқа да түсімдер бойынша қалыптасты – бұлар 4,6 есе 6,9 млрд теңгеге дейін 
артқан. Ақпанда республикалық меншікті жекешелендіруден де түсімдер айтарлықтай – 
1,7 есе 7,7 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын жер телімдерін 
сатудан – 2,2 есе 0,07 млрд теңгеге дейін өскен. 
Нақтырақ айтар болсақ, «Нұр Отан» партиясының таяуда өткен съезінде Елбасы 
Н.Назарбаев Ұлттық қордан 2019-2021 жылдар аралығында мемлекеттің әлеуметтік 
саясатын іске асыруға 1 трлн 350 млрд теңге бөлуді тапсырды. Бұл ауқым тіпті бір ғана 
ақпанда қорға аударылған түсімдердің өсімінен де аз. Сол себепті де одан алуға 
жоспарланып отырған ауқымды қаржының орнын отандық «мұнайлы» салықтардан 
түсетін ақшалай тасқындар артығымен жауып кетері хақ, әрине, «қара алтынға» қазір 
қалыптасып отырған жайлы бағалар сақталар болса. 
Дегенмен, бұл жерде мына жайттарды да ескерген абзал сияқты. Осы сейсенбіде 
ғана 2018 жылмен салыстырғанда биыл мұнай өндірісі 1,4 млн тоннаға азаймақ деп 
үкіметтің отырысында ұлттық экономика министр мәлімдеді. Отырыста министр 2019 
жылға арналған негізгі макрокөрсеткіштер мен бюджет параметрлерінің болжамын 
ұсынды. Оның айтуынша, өткен жылы жалпы ішкі өнім көлемі 58,8 трлн теңгені құраған. 
«2018 жылмен салыстырғанда мұнай өндірісі 1,4 млн тоннаға немесе 1,5 пайызға 
төмендейді. Бұл тау-кен өнеркәсібінің өсу қарқынын төмендетпек. Алайда қызмет көрсету 
секторы бойынша жоғары өсім күтіліп отыр. Оның өсіміне ішкі сұраныстың ұлғаюы себеп 
болмақ». Министр сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, 2019 жылға арналған 
базалық параметрлер бұрын мақұлданған деңгейде сақталатынын да айтты. Яғни, биыл 
мұнай бағасы 1 барреліне 55 АҚШ доллары, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 370 
теңге, жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6 пайыз деңгейінде сақталмақ. 
«Тікелей инвестициялар қорын құру үшін Ұлттық қордан 370 млрд теңге 
мөлшерінде нысаналы трансферт қарастырылған. Бұл ретте, түсімдер мен пайдалануды 
ескергенде Ұлттық қордың таза түсімдері оң нәтижеде болады». 


237 
Инвестициялық процестің динамикасына әлемдік нарықтағы мұнайдың, алтын 
металдардың т.б. минералды шикізаттардың бағасының ауытқуы сияқты факторларға 
әсер етеді. 
Инвестицияның көп бөлігі мұнайды қайта өңдеу және мұнай жеткізуші бағытына 
салынады. Осы салаға байланысты белсенді компаниялар мыналар: ЖШС 
«Тенгизшевройл», АҚ «Маңғыстаумұнайгаз», жапониялық ұлттық мұнай корпорациясы
АҚ «Өзенмұнайгаз», ЖШС «ТЕПКО», АҚ «Казахойл – Эмба» және т.б. кіреді. Аталған 
компаниялар экономиканың әлеуметтік жағдайына тікелей әсерін тигізеді. Халықтың 
жұмысбастылығымен қамтамасыз етеді, инфраструктураны өсіреді, бюджетті салықтар 
мен төлемдер төлеу арқылы толықтырып отырады. 
Стратегия бойынша ҚР экономикалық өсу бағдарламасына сай, елге тікелей 
инвестиция тартуға рұқсат етілген. Бұл қазіргі кезде инвестиция көлемін міндетті келуін 
қамтамасыз етуін көрсетеді. 
Бүгінде инвестициялық саясатты сынағанда, тұрақтылыққа көзіміз жетеді. 
Шетелдік инвестицияны тарту үшін, инвестициялық климаттың игілікті мақсатының 
сақталуын атап өтуге болады. Статистикада көрсетілгендей, Қазақстан шетелдік 
инвестиция тарту арқылы ТМД елдерінің арасында көшбасшысы болып келеді. Шетелдік 
инвестицияны пайдалану арқылы, Қазақстан үшін барлық жаңа мемлекеттер өзінің несие 
жүйесін ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет