Мониторинг жүйесі ерекшелігін түсіндіру
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.
-
Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.
-
Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.
-
Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983
-
Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.
-
Трифонова Т.А., Мищенко Н.В., Краснощеков А.Н. Геоинформационные системы и дистанционное зондирование в экологических исследованиях. М.:Академический проект, 2005
Қосымша:
-
Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК (проблемы совершенствования, перспективы развития). Алматы, Жеты Жаргы, 1995.
-
Голиченков А.К. Экологический контроль: теория и практика правого обеспечения. М: Изд-во МГУ, 1991, 136 с.
-
Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды. М: Гидрометеоиздат, 1984.
ПӘН: «Экологиялық мониторинг»
№ 3 тақырып: Корпоративтік өндірістік экологиялық мониторинг жүйесі
Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге қоршаған ортаның ластануын сынап бағалау, болжау т.с.с. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау
Жоспар
Қоршаған ортаға өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу -
Аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүргізуінің негізгі міндеттері
Қоршаған ортаға өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу
ҚМГ Стратегиясының ең негізгі басымдықтарының бірі болып белгіленген және ҚМГ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен мақұлданған ҚМГ тиімді Корпоративтік өндірістік экологиялық мониторинг жүйесін құру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.
2005 жылдан бастап, ҚМГ-нің корпоративтік жауапкершілігінің барлық аумағындағы қоршаған орта жағдайының өзгеруін автоматты режимде бақылау мақсатында, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша барабар басқарушылық шешімдердің қабылдануын қамтамасыз ету үшін ҚМГ-нің Корпоративтік өндірістік экологиялық мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесі құрылды және жұмыс істеп жатыр.
Осы аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүргізу жүйесі геоақпараттық технологияларды қолдануға, ғарыштық суреттерді қабылдау және өңдеу жөніндегі қазіргі заманғы арнайы жабдық пен математикалық бағдарламаларды пайдалануға негізделген және барлық экологиялық деректерді ұдайы жинақтауға, талдауға және қорытуға, сондай-ақ экологиялық жағдайды модельдеуге мүмкіндік береді, бұл үздіксіз жаңартылып отыратын электрондық экологиялық картаны құруға мүмкіндік берді.
2010 жылы геоақпараттық жүйенің жаңа тиімді платформасы негізінде үлкен мүмкіндіктері бар және неғұрлым кең міндеттер шеңберін шешуге мүмкіндік беретін аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесінің жетілдірілген жаңа нұсқасы әзірленді.
ҚМГ аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүргізуінің негізгі міндеттері:
-
Атмосфералық ауаның ластану көздерін, соның ішінде ілеспе мұнай газын өртеу жөніндегі қолданыстағы шырақты қондырғыларды анықтау;
-
КТҚС мұнай дақтарын және ластану көздерін анықтау;
-
Магистральдық газ және мұнай құбырларының жоғары қауіпті тәуекелді учаскелерін анықтау;
-
Мазутталған аумақтарды анықтау және картаға түсіру, мазутталуды және ірі мұнай қоқысы қоймаларын ауданы бойынша жою серпінін бақылау;
-
КТҚС мұз жағдайын қадағалау;
-
Ақпаратты дерекқорда жүйеге келтіру және сақтау;
-
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.
Атап айтылғандай, аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесінің өзекті міндеттерінің бірі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнай дақтарын және ластану көздерін, соның ішінде мұнайдың төгілулерін анықтау және дәл математикалық модельдерді пайдаланып жақын арадағы 120 сағатта олардың тарауын болжау болып табылады. Осы міндеттің өзектілігі Мексика шығанағындағы аварияның экологиялық салдары аясында анықтала түседі.
Әзірленген жүйе және қазіргі заманғы технологиялар табиғи және техногендік өрт, мұнай-газ құбырларындағы авариялар сияқты төтенше жағдайларды алыстан зондтау әдістерімен жедел анықтау және мониторинг жүргізу міндеттерінде тиімді пайдаланыла алады.
2010 жылғы 30 маусымда «Теңізде мұнайдың төгілуінің алдын алу және олардың салдарын жоюға дайындықты қамтамасыз ету саласында ҚМГ қабылдаған шаралар туралы» баяндама шеңберінде жүйе Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның қаруына ұсынылған және мақұлданған болатын.
Аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесін құру тәжірибесі Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің (JICA) Жапония мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес Каспий өңірін зерттеу жөніндегі есебіне енгізілді.
Сұрақтар
Қоршаған ортаға өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу -
Аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүргізуінің негізгі міндеттері
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.
-
Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.
-
Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.
-
Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983
-
Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.
-
Трифонова Т.А., Мищенко Н.В., Краснощеков А.Н. Геоинформационные системы и дистанционное зондирование в экологических исследованиях. М.:Академический проект, 2005
|
Достарыңызбен бөлісу: |