«Экологиялық мониторинг» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені


«Экологиялық мониторинг» пәнінің ұғымы мен мәні



бет2/7
Дата26.06.2016
өлшемі448.5 Kb.
#158906
1   2   3   4   5   6   7

«Экологиялық мониторинг» пәнінің ұғымы мен мәні


  • Тыңайтқыштарды қолданудың мониторингі

    «Экологиялық мониторинг» пәнінің ұғымы мен мәні. Мониторингтің сипаттамасы және деңгейлері. ГАЖ - бұл деректер қоры, анықтамалық-ақпараттық жүйе және құбылыстарды зерттеу құралы. Табиғи орталарды ластайтын табиғи және антропогендік көздер.

    Жергілікті мониторинг. Ластануды анықтау. Уыттылық, оның дәрежесі және әсері. Суперэкотоксиканттар. Табиғи орта мен тағам өнімдерінің сапалық нормативтері. Шектеулі рауалды мөлшерлер. Атмосфераның төменгі қабаттарындағы ауаның сапасы. Атмосфераның ластануының кешенді көрсеткіші. Ластағыш заттардың шығарылуы. Атмосфераға шығарылатын заттардың түрлері. «Қышқыл жаңбыр» түзілуінің себептері және оның салдары.

    Судың сапасын нормалау және зиянды заттардың түрлері, олардың шектеулі рауалды мөлшерлері. Төгінді сулар және олардың құрамы. Суды тазалаудың тәсілдері. Шығарындылар және ластанудың әр түрлеріне арналған байрақшалық сипаттамалар. Таза судың эталоны ретіндегі тау суы.

    Топырақтың сапасын нормалау және және зиянды заттардың түрлері, олардың шектеулі рауалды мөлшерлері. Жиынтықты көрсеткіш бойынша топырақтың ластану қатерін бағалау шкаласы. Топырақты санитарлық тұрғыдан қорғау. Топырақтың өзін өзі тазартуы. Тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың шектеулі жол берілген мөлшерлері. Химиялық қосылымдардың уыттылық сипаттамасына байланысты олардың қауіптілік сыныптары. Табиғи ортаға жасалатын антропогендік әсер. Жүйе, экожүйе, геожүйе. Геоэкологиялық жағдай. Резистенттік және серпімді төзімділік. «Экожүйелердің тізбекті реакциялары». Ауыл шаруашылығы өндірісінің, металлургия зауыттарының, тау-кен қазбалау жүмыстарының және басқалардың ландшафттың құрылыстарына әсері.

    Жүйелік геоэкологиялық мониторинг. Сукцессия сатылары. Геоэкологиялық мониторинг жүргізу әдістері. Техникалық тектегі өнімдердің табиғи ортада уытсыздануға қабілетін сипаттайтын факторлар.

    Ауыр металдар. Ауыр металдармен және бейметалдармен ластану көздері. Әр түрлі кәсіпорындардың табиғи ортаны ауыр металдармен салыстырмалы түрде ластауы. Ірі қалалардың аумағындағы ауыр металдар. Қаланың түрлі бөліктерінің ластануындағы уақыттың, қарқындылықтың ролі.

    Пестицидтердің табиғи ортаға әсері. Тыңайтқыштарды қолданудың мониторингі. Тыңайтқыштардың негізгі түрлері - азот, фосфор, калий. Сырттан енгізілген элементтердің қозғалысы, олардың табиғи ортаға әсері.

    Мұздықтар жүйелерінің мониторингі. Ыстық елдердің тау мұздықтары -суық тұщы суды сақтайтын өзіндік бір бағалы қор. Гляциологиялық мониторинг.

    Топырақ мониторингі. Суарылатын топырақтардың экологиялық өзгерістерінің мониторингі. Топырақ биотасының антропогендік ықпалға жауабының мониторингі. Қоршаған ортаның ластануын сынап бағалау үшін топырақтың биохимиялық белсенділігін пайдалану. Ормандар мониторингі. Орманның қорғаныс сипаттары. Орман өрттерінің мониторингі жүйесі. Жас ормандарды пайдаланудың экономикалық-экологиял ық теңгерімсізд ігі. Авиациялық мониторинг. Ғарыштық мониторинг. Биосфераның ғаламдық өзгеруіндегі адамның атқаратын рөлі. Өсімдік әлемінің табиғи тіршілік етуінің ғаламшарды тазартудағы атқаратын ролі. Жер шарын қашықтан тексеру. Экологиялық жағдайлардың ғарыштық мониторингі және оларды картаға түсіру жағынан қамтамасыз ету.

    Геоақпараттық жүйенің құрылымы. Басқарушылық шешімдерге қолдау көрсету блогы. Ақпараттық іздестіру жүйелері. Экологиялық сараптамалар блогы. Анықтамалық-нормативтік блок. Деректер қоры блогы - аумақтық, қүрылыстық, элементтік және мақсаттық кіріктірумен байланысты пәндік деректердің ішкі жүйесі. Білім қоры блогы - суреттеуге, болжамдар жасауға, оңтайландыруға, картаға түсіруге арналған үлгілердің жиынтығы.


    Сұрақтар
      1. «Қоршаған ортаның мониторингі» пәнінің ұғымы мен мәні айту


      2. Тыңайтқыштарды қолданудың мониторингі түсіндіру



    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    Негізгі:

    1. Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.

    2. Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

    3. Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

    4. Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983

    5. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем.

    6. Трифонова Т.А., Мищенко Н.В., Краснощеков А.Н. Геоинформационные системы и дистанционное зондирование в экологических исследованиях. М.:Академический проект, 2005

    Қосымша:

    1. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК (проблемы совершенствования, перспективы развития). Алматы, Жеты Жаргы, 1995.

    2. Голиченков А.К. Экологический контроль: теория и практика правого обеспечения. М: Изд-во МГУ, 1991, 136 с.

    3. Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды. М: Гидрометеоиздат, 1984.

    ПӘН: «Экологиялық мониторинг»


    № 2 тақырып: Мониторинг жүйесі туралы түсінік
    Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге қоршаған ортаның ластануын сынап бағалау, болжау т.с.с. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

    Жоспар

    1. «Мониторинг жүйесі» ұғымы мен мәнін айту


    2. Мониторинг жүйесі ерекшелігін түсіндіру


    Жүйе сипаттамасы
    Мониторинг жүйесі стационарлық және ұтқыр объекттерді (жедел жәрдем, өрт, апат, кезекші қызметтері, инкассация және т.б.) бақылауды қамтамасыз ете отырып, күзет-өрт, экологиялық, технологиялық жағдайды бақылау және басқаруды ұйымдастыруға арналған. Ұтқыр объекттерді бақылау кезінде олардың координаталары, жылжу жылдамдығы мен бағыты анықталады. Стационарлық пен ұтқыр объекттердің орналасқан жері электронды картада көрсетіледі. Жүйенің негізінде көп деңгейлі бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтер (БКДҚ) құрылады, олар бір-бірімен тығыз әрекеттесетін қалалық, аудандық, облыстық және республикалық ТЖМ, ІІМ, IӘКi терминалдарынан тұрады. 911 сияқты құтқару қызметінің техникалық жабдықтарын құру үшін де пайдаланыла алады.
    Мониторинг жүйесі GPS спутник навигациясы, ұтқыр байланыс (ӨҚТ; GSM, CDMA ұялы стандарттары) және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларының бірігуіне негізделген қазіргі заманғы техникалық құралдарының негізінде құрылады.

    Жүйе кезекші операторға бақыланатын объект қандай жағдайда («Норма», «Апат», «Дабыл», «Күзет», «Шабуыл», т.б.) екендігі туралы ақпаратты кез келген уақытта алуға, оның орналасқан жерін анықтауға және дабыл сигналдары бойынша ең жақын орналасқан әрекет етуші қызметті жіберуге мүмкіндік береді.



    Жүйенің ерекшеліктері
    Ұтқыр мен стационарлық объекттердің орналасқан жерін электронды картада көрсетіп, олардың жағдайын бақылап тұру;
    • Объекттермен және тетіктер арасында байланыс каналының дұрыстығына тұрақты бақылау жасау;
    • Объекттердің инженерлік жүйелерін басқару үшін кері байланыс каналының бар болуы;
    • жүйенің үлкен ақпараттық сыйымдылығы;
    GSM-де дауыс, GPRS және SMS каналдарын пайдалану;
    • қажетті ақпаратты күні, объект нөмірі, оқиға коды, ұйым атауы бойынша тез іздеп табу;
    • әрбір объект бойынша кірме жолдар мен ішкі жоспарлардың графикалық суреттерін көрсету;
    • салынған сұрауға жауап бермеген немесе тест тапсырмаған объекттер тізімін қалыптастыру;
    • хабарларды дыбыспен қосақтау;

    Сұрақтар



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет