«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


Модульдік бірлік 3.2. Дәріс №2. Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу



бет16/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Межд.экономика лекция

Модульдік бірлік 3.2. Дәріс №2. Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу


Дәріс мақсаты - халықаралық несиелеу сипаттамасы мен капиталды шетке шығарудың мәнін түсіндіру
Дәріс жоспары:

  1. Капитал миграциясына түсінік беру, оның маңызы мен себептері.

  2. Капитал миграциясының түрлері. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару.

  3. Қарыз капиталының миграциясы және халықаралық несие. Халықаралық несиенің түрлері.

  4. Қазіргі замандағы капиталдың шетке шығарылуының ерекшеліктері.




  1. ХЭҚ-дың негізгі формаларының бірі – халықаралық капитал қозғалысы.

Капиталдың шетке шығарылуы дегеніміз – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себептері:

  1. Белгілі бір елде капитал мөлшерінің саоыстырмалы түрде көп болуы;

  2. Капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың әр елде бір қалыпты болмауы;

  3. Әрбір елдің төлем балансының бір қалыпты болуы.

Артық капитал кәсіпкерлік пайда немесе пайыз алу мақсатында шетке шығарылады, өйткені:

  1. Капиталға сұраныс пен ұраныстың сәйкессіздігі, тең болмауы;

  2. Жергілікті нарықты монополизациялауға мүмкіндік ашылады;

  3. Капитал енгізетін елде шикізат пен жұмысшы күшінің арзан болуы;

  4. Тұрақты саяси жағдайдың және жалпы алғанда ыңғайлы инвестициялық климаттың болуы.




  1. Капиталдың әр алуан түрлері мен формалары болады, соған сәйкес капитал миграциясының бірнеше формалары болады.

Капиталдың сыртқа шығарылуы, ішке тартылуы және оның шетелде жұмыс істеуі төмендегі формалар бойынша іске асады:

    1. жеке меншік және мемлекеттік капитал формалары.

    2. Ақша және тауарлы формалары.

    3. Қысқа және ұзақ мерзімдік формада.

    4. Қарыз және кәсіпкерлік формада.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, заемнан, несиеден түсетін пайыз көлемінде табыс әкеледі.
Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару- бұл басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау.
Бұның негізгі жолдары:
А) шетелде жеке меншік кәсіпорындарды салу,
ә) шетелде аралас кәсіпорын құру;
б) істеп тұрған жергілікті кәсіпорындарды сатып алу;
в) заңды түрде тәуелсіз кәсіпорындардың бөлімдерін ашу;
г) жергілікті компаниялардың үстінен бақылау жүргізу.



  1. Қарыз капиталының шетке шығарылуы несие немесе заем (қарыз) беру арқылы жүзеге асырылады.

Несие берудің мақсаты – жоғары қарыз пайызын алу. Қарыз капиталын шетке шығару қазіргі заманғы халықаралық несиенің негізі болып табылады.
Халықаралық несие дегеніміз- қайтарымдылық, жеделдік және пайыздық төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі.
Несеие берушілер мен оны алушыларға жататындар: банктер, компаниялар, жекелеген кәсіпкерлер, мемлекеттік ұйымдар, үкіметтер және халықаралық, аймақтық ұйымдар.
Халықаралық несиелер әртүрлі формада болады.
Халықаралық несие :
А) мақсатты пайдалануына байланысты: байланысқан (коммерциялық, инвестициялық) және қаржылық;
ә) несие берушінің түрлеріне қарай: жекеше (фирмалар,банктер) және үкіметтік, халықаралық ұйымдар;
б) несиені беру мерзіміне қарай: қысқа, орта, ұзақ;
в) ұсынылу формасы бойынша: тауарлық, валюталық.



  1. Қазіргі таңда әртүрлі сфераларға салынатын тікелей шетел инвестицияларының тез өсуі тенденциясы айқындала түсті.

Капиталды шетке шығаруда капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып, отарланған, тәуелді елдерге шығарылды.
Ал қазіргі кезде капиталдың миграциясы көбінесе дамыған елдердің арасында жүреді, яғни тікелей шетелдік инвестициялардың 70-75 пайызы өнеркәсібі дамыған елдердің үлесінде болып тұр.
Дамыған елдердің арасында капитал миграциясының өсуінің негізгі себебі – дамушы елдерде ғылымды көп қажет ететін, жоғарғы білімді мамандармен қамтамасыз етілетін өнім өндірісін ұйымдастыру өте қиын.
Қазіргі уақытта капитал миграциясының тағы 1 негізгі ерекшілігі- дамушы елдерден, атап айтқанда, мұнай өндіретін ОПЕК-ке кіретін елдерде капитал экспортының пайда болуы.
Шетел инвестициясын алып келу және оны пайдалану Республика экономикасының өндірістік қуатын көтеруге ықпал етеді.
Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы зор. Себебі, бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол береді. Шетел капиталы республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ, құнды қағаздар ретінде келеді.
Қазақстан экономикасына тура инвестиция салатын донор елдер: Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Түркия және Италия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет