«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


МОДУЛЬ 3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИКРОЭКОНОМИКА



бет14/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Межд.экономика лекция

МОДУЛЬ 3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИКРОЭКОНОМИКА


Модульдік бірлік 3.1. Дәріс №1. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары
Дәріс мақсаты - сыртқы сауда саясатының мәнін түсіндіру.
Дәріс жоспары:

  1. Сауда саясаттарының мәні мен түрлері.

  2. Тарифтер экономикасы.

  3. Тарифке қарсы және жақтайтын аргументтер.

  4. Саудалық шектеулердің тарифтік емес түрлері.

  5. Қазақстанда сыртқысаудалық реттеу жүйесі.

1. Сыртқы сауда саясаты дегеніміз - мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынастарын реттейтін және дамытуға бағытталған іс-әрекет. Сыртқы сауда байланыстарын реттейтін құралдар ұлттық және халықаралық деңгейде дамиды. Сыртқы сауда қатынастарын реттеу үшін халықаралық режимдер белгіленеді, яғни белгілібір мәленені шешу кезіндегі келіскен елдер арасындағы байланысты дамыту үшін келіскен жақтардың сүйенетін міндетті ережелері мен процедураларының нормасы. Халықаралық режимдер ұлттық реттеуге әсерін тигізеді.
Сауда айырбасы өрісіндегі халықаралық режимдер ВТО деңгейінде шығарылады.
Халықаралық деңгейде сыртқы сауда реттейтін халықаралық ұйымдар: 1. ВТО – Бүкіләлемдіксауда ұйымы

  1. ЮНКТАД – БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы

  2. ККО – Кеден келісім одағы.

Сыртқысаудалық саясатты анықтай отырып, үкімет:
1-ден, әлемдік нарықта ұлттық тауардың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату арқылы экспорт көлемін жоғарлату;
2-ден, ішкі нарықта шетел тауарының бәсекеқабілеттілігін төменднту үшін импортты шектеу.
Халықаралық саудадан түсетін жалпы түсім, сауда серіктестері арасында дұрыс бөлінбейді. 1 ел пайданың көп бөлігіне, 2 ел өз бөлігіне ие болады, яғни халықаралық сауда толығымен елдің және халықтың жеке топтпрының экономикалық мүдддесін қарастырады. 2 ел арасында қайшылық туып, оны реттеу жолдары анықталады. Сыртқы сауда саясатының 2 түрі бар:

  1. Еркін сауда саясаты – мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласа алмауы, оның еркін сұраныс пен ұсыныс күшімен дамуы. Сауданы ырықсыздандыру дегеніміз – халықаралық сауда жолындағы шектеулер мен кедергілерді жою. 2-ші д.ж. соғыстан кейін дамыды.

  2. Протекционизм – ішкі нарықты шетел бәсекеден қорғау жолында кеден тарифтері мен тарифтік емес реттеу әдістерін қолдану саясаты.



2. Кедендік тариф дегеніміз – елдің кедендік шекарасынан өткізілетін тауарлардың кедендік құнынан күнібұрын белгіленген ставка бойынша алынатын төлем. Кедендік тарифтің 2 түрі болады: экспорттық және импорттық.
Кедендік баж салығын белгілеудің 3 әдісі бар:

  • адвалорлық;

  • спецификалық;

  • аралас.

Тарифтерді енгізудің экономикалық әсерлері әртүрлі:
А) елдің өндіру көлемін төмендетеді;
ә) ұлттық тұтынуды, тауарайналымын төмендетеді.
Тарифті енгізуден түсетін пайданы анықтау елдерді кіші және үлкен елдер деп бөледі.
Кіші елдер дегеніміз – импорттық тауарға сұраныстың өзгеруі әлемдік бағаға әсерін тигізбейтін елдер.
Кіші елдерге тарифті енгізудің әсерлері:

  1. Жалпы сұраныстың көлемінің қысқаруы;

  2. Тауардың ішкі өндірісінің өзгеруі;

  3. Импорт көлемінің қысқаруы;

  4. Мемлекеттің қросымша табыс алуы;

  5. Тұтынушылар жағдайының өзгеруі. Тұтынушылар артықшылығы қысқарады.

  6. Импортпен бәсекелесетін ұлттық тауар өндірушілер жағдайының деңгейі жоғарлайды.

Үлкен елдер дегеніміз- импортқа ішкі сұраныстың өзгеруі әлемдік баға деңгейіне әсер ете алатын елдер (олардық саны аз).


3. Тарифті енгізуді жақтайтын аргументтер:

  1. Ұлттық өндіріс пен жұмыспен қамту көлемін өсіру;

  2. Тауарлық баланс тапшылығымен күрес құралы;

  3. Арзан шетел еңбегі;

  4. Өнеркәсіптің жаңа салалары;

  5. Мемлекет табысы;

  6. Экономикалық емес шешімдер.

4. Тауарлық шектеудің тарифтік емес түрлерінің саны 800-ден асады. Олар әкімшілік, қаржылық, несиелік және басқа да шаралармен жүзеге асырылады.
Тарифтік емес шектеулерді келесідей топтарға жіктейміз:
А) саудаға мемлекеттің араласуымен байланысты шектеулер;
ә) кедендік және әкімшілік импорттық рәсімдеулер;
б) тауарларды маркілеу мен қаптауға талаптарға қоса стандарттар;
в) арнайы саудалық кедергілер;
г) импорттық алымдар.
Импортты тікелей реттейтін құралдар: лицензия мен квота.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет