МОДУЛЬ 4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАКРОЭКОНОМИКА
Модульдік бірлік 4.1. Дәріс №1. Халықаралық экономикалық интеграция
Дәріс мақсаты - экономикалық интеграцияның шарттарын белгілеу мен мемлекеттік интеграцияның бағыттарының мәнін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Интеграция түсінігі, мазмұны мен факторлары
2. Халықаралық өндірістік ынтымақтастық
3. Әлемдегі басты интеграциялық топтар
1. Халықаралық экономикалық интеграция – бұл ұлттық шаруашылықтардың арасындағы еңбек бөлінісі мен терең тұрақты өзарабайланыстардың дамуы негізінде елдердің шауашылық-саяси бірігу, олардың ұдайы өндірістік құрылымының әртүрлі деңгейлерде және әртүрлі формаларда өзара әрекет ету процесі.
Халықаралық экономикалық интеграция 4 кезеңнен тұрады.
Экономикалық интеграцияның ең қарапайым формасы – еркін сауда аймағы, оның шегінде қатысушы елдер арасында сауда шектеулері алынып тасталады, және ең алдымен кедендік баж салықтары.
Келесі формасы – кедендік одақ – еркін сауда аймағының қызмет етуімен бірге біртекті сыртқысаудалық тарифті белгілеуді және үшінші елдермен қатынасында біртұтас сыртқысаудалық саясатты жүргізуді көрсетеді.
Екі жағдайда да мемлекетаралық қатынастар айырбас сферасында ғана болады, ол қатысушы елдер үшін өзара сауда мен қаржылық есептерді дамытуға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Экономикалық интеграцияның неғұрлым қиын формасы ортақ нарықты қалыптастыру, яғни қатысушы елдерге еркін өзара сауда мен ортақ сыртқы тарифтермен қамтамасыз етумен бірге капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы мен экономикалық саясаттарын келісіп жүргізуге мүмкіндік береді.
Мемлекетаралық экономикалық интеграцияның ең қиын формасы экономикалық (валюталық) одақ болып табылады, жоғарыдағы аталған формаларды қамти келе, ортақ экономикалық және валюта-қаржылық саясатты жүргізуді біріктіреді.
Экономикалық интеграция бірқатар жағымды жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
1-ден, интеграциялық ынтымақтастық шаруашылық субъектілерге (тауар өндірушілер) әртүрлі түрдегі ресурстарды: қаржылық, материалдық, еңбек, барлық аймақ масштабында жаңа технологияларға қол жеткізуге жол береді, сондай-ақ барлық интеграциялық топтың нарықтық сыйымдылығы есебінде өнім өндіруге мүмкіндік береді.
2-ден, аймақтық шекте елдердің экономикалық жақындауы қатысушы елдер фирмалары үшін артықшылықты жағдайды жасайды, оларды үшінші елдер фирмалары жағынан бәсекеден белгілі бір дәрежеде сақтай отырып.
3-ден, интеграциялық өзара әрекет оның қатысушыларына неғұрлым қиын әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешуге мүмкіндік береді, яғни артта қалған жеке аудандардың даму жағдайларын теңестіру, еңбек нарығындағы жағдайды жеңілдету, халықтың аз қамтамасыз етілген тобына әлеуметтік кепілдік беру, денсаулық сақтау, еңбекті қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін әрі қарай дамыту.
Экономикалық интеграция бірқатар объективті факторларға ие, олардың ішінде негізгі орынды алатындар:
шаруашылық өмірдің интернационалдандыруының өсуі;
халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
өзінің мінезі бойынша жалпы әлемдік ғылыми-техникалық революция;
ұлттық экономикалардың ашықтылық дәрежесінің көтерілуі.
2. Халықаралық өндірістік ынтымақтастықтың бірнеше кезеңін бөліп көрсетуге болады.
1-ші кезеңі ортақ еңбек бөлінісі негізінде елдердің халықаралық мамандануымен байланысты, яғни өндірістің бір саласының (мысалы, өнеркісптің) өнімінің екінші сала тауарларына (мысалы, ауыл шаруашылығы) айырбасталуының дамуы.
2-ші кезең жекелеген еңбек бөлінісі базасында салааралық маманданудың интенсивті дамуымен мінезделеді, ол ең алдымен матенриалдық өндірістің салалық құрылымының қиындамуымен байланысты, яғни өнеркәсіптік салалардың дифференциацияланумен. Бұл «халықаралық мамандандырылған салалардың» пайда болуымен көрінеді, ол өніммен ел халықаралық нарыққа шығады.
3-ші кезең жалпы және жекелеген еңбек бөлінісі негізінде халықаралық салалық маманданудың дамуымен бірге, жеке, сондай-ақ бірлік еңбек бөлінісіне негізделген халықаралық салаішіндегі маманданудың тереңдеу процесінен басталады. Бұл өндіріс шығындарын төмендету, жаңа техника мен технология базасында еңбек өнімділігінің жоғарғы деңгейіне, жаппай өндіріске жету мақсатымен өнімнің жекелеген бөліктерін өндіруге оқшауланудан көрінеді. Әрине, бұл мамандану соңғы өнімді жасау үшін кең кооперациялық байланыстарды қажет етеді.
Өндірістік ынтымақтастық үшін базалық түсініктер – халықаралық мамандану мен өндірісті кооперациялау – бір-біріне тығыз байланысты.
Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың келесідей негізгі формаларын бөліп көрсетуге болады:мамандану мен кооперациялану негізінде өндіру мен өткізуді бірігіп координациялау, кәсіпорындарды бірге иелену (біріккен кәсіпорындар), подрядтық құрылыс, ғылыми-техникалық ынтымақтастық.Өндірістік ынтымақтастықтың мінездік белгелері болып табылады:
- серіктестер арасындағы экономикалық қатынастардың ұзақтылығы, тұрақтылығы және жиілігі;
- өндірістік кооперацияның тікелей субъектісі ретінде әртұрлі елдердің өндірістік фирмаларының болуы;
- тапсырмалардың келісілген бағдарламалар шегінде бөлінуі, олардың арасындағы келісімдердің негізгі мақсаттарынан шыға отырып, өндірістік мамандану серіктестеріне бекітілу;
- халықаралық ынтымақтастық шегінде өндірістік бағдарламаларды өткізумен серіктестер арасында тауарларды өзара және біржақты жеткізу байланыстары.
3. Экономикалық интеграцияның объективті мінезі мемлекетаралық органдар мен мемлекеттер жағынан басқару шегінен тыс кездейсоқ, аяқ асты жүргізілуді білдірмейді. Аймақтық интеграциялық кешендердің қалыптасуы келісімді-құқықтық базаға ие болады. Өзара келісімдер негізінде елдердің біртұтас тобы қоғамдық-саяси және шаруашылық өмірдің әртүрлі сферасында біріккен аймақтық саясат жүргізеді және аймақтық мемлекетаралық кешендерге бірігеді.
Көптеген интеграциялық топтардың ішінде ірі интеграциялық топ ретінде Батыс Еуропада – ЕО пен ЕАСТ (Еуропалық еркін сауда ассоциацтясы), Солтүстік Америкада – НАФТА (Еркін сауда туралы солтүстікамерикандық келісім), Азия-Тынық мұхиты аймағында – Тынықмұхит ынтымақтастығын атап көрсетуге болады.
Неғұрлым айқын интеграциялық процестер Батыс Еуропада пайда болған, онда ХХ ғасырдың екінші жартысында біртұтас аймақта бірегей шаруашылық кеңістік құрылады, оның шегінде ұдайы өндірудің ортақ шарттары қалыптасады және оны реттеудің механизмдері құрылады. Бұл жерде интеграция өзінің неғұрлым жоғарғы формасына жетеді.
1993 жылдың 1-ші ноябріне дейін батысеуропалық елдердің алдағы интеграциялық тобы Еуропалық ынтымақтастық деп аталған, ол 1967 жылғы үш ерікті аймақтық ұйымдардың бірігуімен пайда болды:
- Көмір мен мырыш Еуропалық бірлестігі – ЕОУС; бұл келісім 1952 жылы күшіне енді;
- Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ЕЭС; ЕЭС-ті құру туралы Рим келісімі 1957 жылы құрылды, ал күшіне 1958 жылы енді;
- Атом энергиясы бойынша Еуропалық ынтымақтастық – Евратом; келісім-шарт 1958 жылдан күшіне енді.
1993 жылдың 1 ноябрінен бастап, Маастрихт келісімі күшіне енгеннен кейін, бұл топтың ресми атауы – Еуропалық одақ.
Еуропалық одақтың құрамында 12 ел бар: Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Франция.
НАФТА (Еркін сауда туралы солтүстік америкалық келісім) Солтүстік Американың барлық территориясын қамтиды. Еркін сауда туралы американ-канадалық келісім мемлкеттік деңгейде тек 1988 жылы құрылды, ал Мексика оған 1992 жылы кірді.
Тынықмұхиты ынтымақтастығы дамыған елдерді – Жапония, АҚШ, Канада; Австралия, Жаңа Зеландияны және Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия елдерін (соның ішінде аймақтық топ мүшелерін АСЕАН), сонымен қатар Қытай және Океанияны біріктіреді. Бұл ынтымақтастық рәсімделег аймақтық топ енді ғана қалыптасып келеді. АСЕАН (Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы) 1967 жылы пайда болды. Оның құрамына Индонезия, Малайзия, Филиппины, Сингапур, Таиланд, Бруней кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |