«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


Модульдік бірлік 3.4. Дәріс №4. Технологиялардың халықаралық айырбасы



бет20/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Межд.экономика лекция

Модульдік бірлік 3.4. Дәріс №4. Технологиялардың халықаралық айырбасы.


Дәріс мақсаты - халықаралық айырбас мәнін түсіндіру мен технология түрлерін қамту.


Дәріс жоспары:

  1. Зияткерлік мүлік объектілерінің түсінігі мен мәні. Технологияны құқықтық қорғау.

  2. Технологияны беру формаларының классификациясы.

  3. Лицензиялық келісім-шартты дайындау және қол қою.

  4. Кооперациялық келісімдер, франшиза және инжинирингтік қызметтер.

1. Технология нарығының адамзат қоғамы үшін үлкен мәні бар. Әлемдегі өндірілетін технологияның сомалық құны қазіргі уақытта барлық қоғамдық өнімнің 60 пайызын құрайды. Жаңа технологияны сатып алу арқылы фирмалар қысқа мерзім ішінде әлемдік сауда деңгейіне және өндірілген өнімнің жоғары бәсекеқабілеттілігіне жетеді, жаңа өткізу нарықтарын алады және экспорт көлемін жоғарлатады.


Шығармашылық қызмет нәтижелерімен айырбас прогрестің басты факторы болып табылады. Сондықтан да мемлекет бұл сфераға бақылау жүргізеді. Азаматтар мен ұйымдардың шығармашылық еңбек нәтижесін қорғау зияткерлік мүлік объектілерінің құқықтық институттарын кіргізу жолымен жүргізіледң.
Меншіңктік құқық объектілерінің ішінде негізгі орынды адам санасының жетістіктері болатын зияткерлік мүлік объектілері алады.
Олар 2-ге бөлінеді:
1-ден, авторлық құқық арқылы қолданылатын туындылар (ғылыми еңбектер, әдеби және көркемөнер туындылары, конструкторлық сызбалар, ЭВМ үшін бағдарламалар, деректер бағасы, өнер адамдарының атқарушылық қызметтері, фонограмалар мен радиобергіштер);
2-ден, өнеркәсіп меншік жетістіктері (пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері, фирмалық аттар мен ноу-хау ).
Қорғалатын зияткерлік мүлік объектілерінің құқығын бұзуға коммерциялық айналымға бұл объектілерді заңсыз кіргізу немесе сол объектілерді қолданумен өндірілген тауарлар мен қызметтер жатады. Заң бұзушыларға келесідей санкциялар қолданылады:

  1. бұзушылықтармен байланысты қызметтерге шек қою;

  2. күрделі айып-пұл төлеу;

  3. мүлік иесіне шығындарды қайтару;

  4. соттық шығындарды қайтару;

  5. бас бостандығынан айыру (қылмыстық жазалау).

Зияткерлік мүлікті қорғауға берілетін құжаттар: патент, лицензия, копирайт, тауар белгілері мен фирмалық аттар.

2. Технологияларды берудің негізгі әдістерін 3 топқа бөлеміз:

    1. фирма ішіндегі айырбас;

    2. технологияны беру туралы фирмааралық келісім;

    3. технологияны беруді қамтамасыз ететін машиналарды, жабдықтарды және басқа да өндірістік өнімдерді фирмааралық жеткізу.

Экономикалық мазмұны жағынан технологияны берудің негізгі формалары 2-ге бөлінеді:
А) коммерциялық (қайтарылатын);
Б) коммерциялық емес (қайтарылмайтын).

3. Лицензиялық келісім – технологияларды берудің негізгі формасы. Ол ғылым мен техника ауданында зияткерлік қызметтен шығатын құқтарды белгілі бір уақытқа беруін қарастырады. Оларды келесі белгілеріне қарай топтастыруға болады:


а) лицензияның автономдық деңгейіне қарай: еркңн және тәуелді-сублицензия;
б) құқық берілетін өнеркәсіптік меншік объектілерінің түріне қарай: туындылар мен пайдалы үлгілерді, өнеркәсіптік үлгілерді, ноу-хау, тауар белгілері мен фирмалық аттарды (франчайзинг) қолдануға;
в) өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау тәсілдеріне қарай: патентті, патентсіз, аралас;
г) технологияны қолдануға берілетін құқық көлеміне қарай: жай, ерекше, толық;
д) лицензиатпен іске асырылған лицензия объектісін жетілдіруге лицензиарға берілген құқық.
Лицензияны сату немесе сатып алу туралы келісім құқу кезінде келесі факторларды есепке алу керек: материалдық шығындар, уақыт, құрылған жобалардың техникалық деңгейі, экономикалық тиімділігі, өнім өндіру, кадрлар құрамы мен квалификациясы, өнімдерді өткізу шарттары.
Бағалық ақпарат алынғаннан кейін лицензияны сатып алуға техника-экономикалық негіздеме дайындалады. Технология иесі фирмамен құпиялылық туралы келісім құрайды (көбінесе опциондық келісімдер).

4. Кооперациялық келісімдер дегеніміз – кооперация арқылы жеткізілетін өткізу және бұйымдарды техникалық қызмет ету қызметіне сәйкесиендірілген мамандандыру негізінде лицензиат пен лицензиар арасындағы бірлескен өндірістік қызметті көрсететін ынтымақтастықтың жоғарғы формасы.


Кооперациялық келісімдердің заттарына жататындар: әріптестерінің біреуінің технологиясы бойынша бөлшектер мен байланымдарды мамандандырып өндіруді іске асыру; бірлесіп бұйымдарды жасау.
Оның келесідей түрлері бар:

  1. подрядтық кооперациялау;

  2. бірлесіп өндіру;

  3. әріптестерінің қажеттеріне байланысты кооперацияның әртүрлі формалароын араластыру.

Франшиза – ірі компаниялар өз кең тараған әйгілі фирмалық аттарын басқа ұйымдарға қолдануға беретін рұқсат.
Оның 3 түрі болады: өндірістік, саудалық,лицензиялық.
Инжиниринг – коммерциялық инженерлі- техникалық көмек беру.
Инжинирингтік қызмет көрсететін фирмалар 4 топқа бөлінеді:

  1. инженерлі-кеңестік;

  2. инженерлі-құрылыстық;

  3. ұйымдастыру мен басқару сұрақтары бойынша кеңес беру;

  4. инженерлі-зерттеулік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет