«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


Модульдік бірлік 4.3. Дәріс №3. Валюталық бағам және оны реттеу



бет26/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Межд.экономика лекция

Модульдік бірлік 4.3. Дәріс №3. Валюталық бағам және оны реттеу.


Дәріс мақсаты - Валюталық бағамды реттеу мен шетел валютасының мәнін түсіндіру.


Дәріс жоспары:

  1. Валюталық бағам: мәні және түрлері.

  2. Тұрақты және жылжымалы валюталық курстар.

  3. Ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат

1. Валюталық курс дегеніміз – бір валютаның басқа ел валютасында көрсету бағасы.


Ұлттық ақша бірлігінің шетел ақша бірлігіне курсын тұрақтандыру – валюталық котировка деп аталады.
Валютаны котировкілеудің 2 әдісі бар:
а) тура немесе американдық валюта курсы(1 долл. -132 теңге);
б) кері немесе жанама (европалық валюталық курс) 1 теңге – 0,00705 долл.
Валюта курсының 3 түрі бар:
а) Спот курс – алдағы сатып алу немесе сату үшін күнібұрын келісілген валюта операцияларында қолданылатын айырбас курсы.
б) Кросс-курс – үшінші валютаға қатынасы бойынша 2 валютаның курсының қатынасын көрсетеді, яғни 2 валютаның 1-уінің бағасын 3-ші валютамен салыстыра отырып есептеу. (1 ф.ст. = 10, 40 фр. Франкі немесе 1 ф.ст. = 192,4 испан песеті, яғни кросс-курс: 192,4/10,40 = 18,5 песет 1 фр. Франкіне).
в) Форвард – курс – болашақта нақты бір күнде орындалуға тиіс контрактіде валюта қаупінен сақтайтын және орындалған уақытқа дейін қорайтын курс.

2. Валюталық курсты белгілеу режимі қатынасында мемлекет 2 балама позицияны қолданады:


1. Мемлекет ұлттық валютанының айырбас курсын белгілі бір деңгейде қатаң тұрақтандырады. Тұрақты курстар бизнес үшін өте ыңғайлы, өйткені кәсіпкерлік қызметті болжауға мүмкіндік береді.
2. Мемлекет сұраныс пен ұсыныс әсерімен валюта курсының еркін ауытқуына мүмкіндік береді. Бұл жылжымалы курс немесе икемді валюталық курс деп аталады.
Валюталық интервенция – Ұлттық банктің шетел валютасын сатып алуы (тұрақты валюта курсын қолдауға тырысу немесе жылжымалы валюта курсына қажетті бағытта әсер ету үшін).

3. Ашық экономиканың кейнстік үлгісі сыртқыэкономикалық әсердің есебімен жабық экономиа үшін IS-LM модификациялық үлгісін көрсетеді. IS- инвестициялық нарықтағы ішінара тепе-теңдік жағдайының мүмкінді варианты. LM – ақша нарығындағы ішінара тепе-теңдік жағдайының мүмкінді варианты. Сондықтан да бұл жағдайларда тауарлар мен ақша нарығымен бірге валюта нарығы қарастырылады.


IS қисығы жиынтық шығындар мен жалпы өндіру көлеміне сәйкес келетін табыс пн пайыздық ставка арасындағы байланысты көрсетеді. LM қисығы күтілетін инфляция жағдайында пайыздық ставка мен табыс арасындағы байланысты көрсетеді.
Ашық экономиканың кейнстік үлгісі 2 вариантта қарастырылады:
IS және LM қисықтарының қиылысуы тауаар мен ақша нарықтарындағы бір мезгілдегі тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, яғни жабық экономикадағы ішкі тепе-теңдікке жету.
Бұл қисықтардың қиылысу нүктесі пайыздық ставка мен табыстың тепе-теңдік көлемін береді.
Бұл кезде нақты шығындар жоспарлы шығындар мен табыстардың қосындысына тең болады. Бұл жағдайды «кейнсиандық крест» көрсетеді. Яғни жиынтық сұраныс жеке тұтыну шығындары, инвестиция мен үкіметтік шығындардың қосындысына тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет