Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар
1. Валютаның халықаралық нарығы.
2. Несиелік нарықтың құрылымы.
3. Халықаралық қарыз мәселесі
Негізгі түсінік
Қарыз міндеттемелері
Қаржы нарығы
Қаржы активтері
Қаржы институттары
Коммерциялық банктер
Инвестициялық компниялар
Зейнетақы қорлары
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДЕРІН ТЕКСЕРУІ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:
[q]1: «Спот» келісім жасалады, егер де сатып алушы немесе сатушы:
[a] Нақты бар тауарды сатып алу мен сатуға шынымен негізделсе.
[a] Ұзақ мерзімді жеткізуге келіссе.
[a] Жоқ тауарды сатып алуға келіссе.
[a] Баға өзгеруі кезінде шығынды болдырмау мақсатында жұмыс істесе.
[a] Пайда табуды көздесе.
[q]1: Қаржы-валюта шарттарына төмендегі түсініктердің қайсысы жатпайды:
[a] Валюта бағасы және оны анықтау тәсілі.
[a] Төлемдік валюта.
[a] Валюта курсы өзгерген кездегі қауіптен сақтау үшін жасалатын валюталық сілтеме.
[a] Есеп айырысу шарттары мен формалары.
[a] Ақшаның ұлттық экономикадағы айналымы.
[q]1: Егер де шетел валютасының құны отандық валютаға қарағанда төмендесе, онда:
[a] Экспортер ұтады.
[a] Импортер ұтады.
[a] Экспортер де, импортер де ұтылады.
[a] Экспортер де, импортер де ұтады.
[a] Экспортер ұтылады.
[q]1: Алдағы сатып алу немесе сату үшін күнібұрын келісілмеген валюта операцияларында қолданылатын сатып алу және сатудың айырбас курсы-бұл:
[a] Форвардтық курс.
[a] Кросс-курс.
[a] Валюта курсы.
[a] Спот курс.
[a] Пут опционы.
[q]1: Егер банк клиентіне 10000 АҚШ долларын сатуға келіссе, банктің теңгені сату курсы 140,20 болса, онда банк клиентінен қанша теңге алып келуін сұрайды.
[a] 71, 33 теңге.
[a] 1400000 теңге.
[a] 1402000 теңге.
[a] 7500000 теңге.
[a] 1283000 теңге.
[q]1: Курстық айырмашылықтардан пайда табу мақсатында валюталарды сату-сатып алу дегеніміз:
[a] валюталық паритет
[a] валюталық арбитраж
[a] валюталық опцион
[a] спот нарық
[a] фъючерстік контракт
[q]1: Опционның бағасын анықтайтын факторларға не жатпайды?
[a] тауар сапасы
[a] опционнның ішкі құндылығы
[a] спот және форвард курстарының өзгеруі
[a] опцион түрі
[a] контракт құрылған мерзім.
[q]1: Әлемдік валюталық нарықтың негізгі экономикалық агентеріне жатпайды:
[a] құрылыс фирмасы
[a] коммерциялық банктер
[a] мемлекеттік қаржылық ұйымдар
[a] көпұлттық корпорациялар
[a] банктік емес қаржы орталықтары
[q]1: Әртүрлі елдердің орталық банктері шығаратын банкноттарымен сауда жасайтын нарық – бұл:
[a] әлемдік валюталық нарық
[a] халықаралық тауарлар мен қызметтер нарығы
[a] спот нарық
[a] қолма-қол валюта айырбасының нарығы
[a] опциондық нарық
[q]1: Валюталарды жеткізуге төлем жасаудың мүмкінді мерзіміне байланысты опциондар қалай бөлінеді?
[a] азиялық және еуропалық
[a] сатушы және сатып алушы
[a] пут және колл
[a] дисконттық және премиялық
[a] американдық және еуропалық
Достарыңызбен бөлісу: |