Экономика жјне оныѕ ќоєам ґміріндегі орны


Жаңа білім беру технологияларының түрлері



бет2/4
Дата05.12.2023
өлшемі1.85 Mb.
#485479
түріЛекция
1   2   3   4
10 апта МОӨЖ.Жаңа пед. технологиялар

Жаңа білім беру технологияларының түрлері:
    • ~ Модельдеу - ғылыми танымның әдісі ретінде құбылыстың дамуын, соңғы нәтижесінен озық болжап білуге мүмкіндік береді.
    • Кәсіби оқыту мұғалімінің модельін жасауды екі бағытта: мұғалімнің іс-әрекеттік және тұлғалық сипат алатын қасиеттерін алуға болады және оларды алдын-ала жоспарлауға, құрамын түзіп алуға болады.
    • ~ Жобалап оқыту - практикалық маңызы бар бір жоба ұсыну; оқыту түрін таңдау, міндеттерді атқаруды өзара келісу; танымдық және практикалық білімдері жеткіліксіз болса өз бетінше оқып үйрену; ұжымды жұмыс істеу; зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қортындылар) меңгеру; жүйелі ойлауды дамыту.
    • ~ Дамыта оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, болашақ мамандарға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Топтарға бөлуде студенттердің даму ерекшеліктері: қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау т.б. ескеріледі.
    • ~ Модульдік – белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын бөлшегі. Оқушы мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі туралы жазбаша нұсқау болады. Мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды.
    • ~ Кейс әдісі - ситуацияларды талдау әдісі негізінде әзірленеді. Студенттерге проблеманы айқындайтын ситуацияларды ойластыру қажет. Проблема бірғана шешімде болмауы тиіс. Кейстегі іс-әрекет жазба түрінде немесе проблеманы шешу тәсілі ретінде беріледі.
    • ~ Инновациялық (озық) - тұлғаның бағдарлы қөзқарасты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.
    • Инновациялық әдістер-оқытудың интерактивті оқыту модулі
    • Интерактивті әдістер:
    • -анкета;
    • -кесте;
    • - проблемалық шығарма әдістері;
    • - презентациялар;
    • - пікірталастар;
    • - кейсстадийлер;
    • - топпен жұмыс;
    • - миға шабуыл;
    • - сын тұрғысынан ойлау;
    • - викториналар;
    • - мини зерттеулер;
    • - іскерлік ойындар;
    • - рөлдік ойындар;
    • - блиц-сұрақтар.
    1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет