1. Бәсеке және монополия. Нарық құрылымының түрлері
Нарық құрылымы көптеген белгілерімен ерекшеленетін күрделі
ұғым ретінде саналады. Нарық құрылымы бәсекелестіктің әртүрлі
дәрежесімен анықталады.
Нарық құрылым – бұл фирмалардың салалық нарықта өзара
әрекеттесу сипатын анықтайтын және нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу
әдістерін көрсететін нарықтық ұйымдастыру белгілерінің жиынтығы.
Нарықтық құрылымның типі салалық нарықтың негізгі белгісі
ретінде көрінетін ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да әрекет
ететін көптеген факторлармен анықталады. Нарықтық құрылымның типін
анықтайтын негізгі факторлардың бірнешеуін бөліп көрсетуге болады:
1. Өндірушілердің шоғырлануы.
2. Сатып алушылардың шоғырлануы.
3. Өнімді ерекшелендіру дәрежесі.
4. Нарықтық ақпараттың толықтылығы.
5. Салаға кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері.
6. Өндірушілердің бағаға бақылау жасай алу дәрежесі.
7. Фирмалардың өзара әрекеттесу сипаты
Осы факторларды ескере отырып, нарық құрылымының негізгі төрт
түрін бөліп көрсетуге болады:
- Жетілген (таза) бәсеке;
- Абсолютті (таза) монополия;
- Монополистік бәсеке;
- Олигополия.
2. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында өндіріс
көлемін оңтайландыру
Бәсеке - (латыннан - тіресу) нарықтық экономиканың қатысушылары
арасындағы тауарды өндіру, сату және сатып алудың неғұрлым жақсы
жағдайларына тай – таласы.
Жетілген бәсеке нарығы дегеніміз нарықтағы бағаға әсер ете
алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан
шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның бір типі.
Жетілген таза бәсеке үлгісі нарықтық құрылымның бір тұрпаты
ретінде бірқатар қатаң болжамдарға сүйенеді. Атап айтсақ, оның шарттары
төмендегідей болып табылады:
1. Н
арықта бірдей мүмкіндіктері бар бір-бірінен тәуелсіз көптеген
сатушылар мен сатып алушылар қызмет етеді.
2. А
йырбас стандартты және ұқсас тауарлар арқылы жүзеге асады.
3. С
атушылар мен сатып алушылар өнім туралы толық ақпаратқа ие.
4. Н
арыққа еркін ену және одан кету мүмкіндігі, фирмалардың
бірігуіне себептер жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |