Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары: 


22 
1. Өнім өндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге 
асырылады. 
2. Ресурстар оңтайлы дәрежеде бөлінеді. 
3. Кәсіпорындар тұрақты, әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді. 
Жетілген бәсеке нарығының кемшіліктері: 
1. Нарықтың бұл типіне капиталдың үлкен бөлігіне ие бола 
алмайтын шағын кәсіпорындар тән болғандықтан, олар өнімділігі жоғары 
техника мен технологияны қолдануға қабілетсіз болып табылады. 
2. Ғылыми - техникалық прогрестің дамуына үлес қоса алмайды
өйткені ұзақ мерзімде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды 
жүргізу көп қаржыны талап етеді. 
3. Қоғамдық игіліктерді өндіре алмайды. 
Сәйкесінше, осы аталған артықшылықтар мен кемшіліктер тек 
жетілген бәсеке нарығына ғана тән бола алады, яғни осындай ерекшеліктер 
нарықтық құрылымдардың басқа да типтері үшін сипатты болып 
табылмайды. 
Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия, монополистік бәсеке, 
олигополия. Жетілген бәсекенің жоғарыда аталған шарттарының ең 
болмағанда біреуі ғана бұзылатын болса, онда нарықта жетілмеген 
бәсекенің формалары орын алады. 
Жетілмеген бәсекенің негізгі формалары: 
Бәсеке түрлері 
Бәсеке түрлерін анықтайтын 
белгілер 
Бақылау дәрежесі. 
Монополия 
осы өнімді тек бір ғана фирма 
шығарады 
(сала 
бір 
фирмадан 
құралады) 
бағаны бақылау жоғары 
деңгейде 
Олигополия 

осы өнім түрін шығаратын 
фирмалардың аз саны; 
- өндірілетін өнім ұқсас немесе 
шамалы ерекшеленеді; 
бағаны жартылай бақылау 
Монополиялық 
бәсеке 
- өндірушілер саны көп
- өндірілетін өнім ерекшеленеді 
ұқсас немесе шамалы ерекшеленеді; 
бағаны әлсіз бақылау 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет