Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Нарықтық құрылымдар және оларды анықтайтын факторлар 
қандай? 
2. Жетілген бәсекенің шарттары қандай? 
3. Жетілмеген бәсекенің түрлері қандай? 
4. Монополияның түрлері қандай? 
5. Монополиялық билік ? 
ІІІ БӨЛІМ.ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
8
 
тақырып. Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және 
нәтижелерін өлшеу 
Талқылайтын сұрақтар: 
1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Халықаралық ұлттық шоттар 
жүйесі (ҰШЖ). ЖҰӨ есептеу әдістері. 
2. Атаулы және нақты макроэкономикалық көрсеткіштері. 
1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер 
Макроэкономика-тұрақты экономикалық өсуді, ресурстардың 
толығымен қамтылуын, инфляция деңгейін минимизациялау және төлем 
балансының тепе - теңдігін қамтамасыз ету тұрғысынан экономиканы 
бірлік ретінде зерттейді. Мемлекет өзінің экономикалық жағдайына 
экономикалық саясат арқылы әсер етеді.


25 
Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын 
және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу 
процестерін 
көрсетеді. 
Жеке 
табысты 
есептегенде 
ҰТ-тан 
корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей 
қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып 
тасталады, трансферттік төлемдер қосылады: 
ЖТ = ҰТ – С+Т, 
мұнда, С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, 
бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;
Т - трансферттік төлемдер.
Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын 
сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық 
төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс- 
тұрғындардың билігінде болатын табыс.
Ұлттық экономика жұмысының нәтижелерін қорытындылаушы 
ретінде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) кепілдемесі бойынша агрегаттар 
қолданылады. 1991 ж. бастап Халықаралық есеп жүргізушілік жүйесіне 
Қазақстанда да көшті.
ҰЕЖ – бір жағынан бар ресурстар, екінші жағынан оны қолдану 
көрсетілген арнайы кесте мен баланстар. Экономистер ұлттық есепті 
құруға негізгі мәліметтерді мынадай категориялар: ұлттық жалпы өнім 
(ҰЖӨ), ішкі жалпы өнім (ІЖӨ), ұлттық таза өнім (ҰТӨ), жеке кіріс, бар 
кіріс арқылы халық шаруашылығының статистикалық ақпаратынан алады.
Ұлттық есеп жүргізудің негізгі мақсаты - олардың пайда болуы, 
бөлінуі және қолдануы туралы сандық ақпарат беру.
Негізгі және қорытындылаушы болып ұлттық байлық есептеледі.
Ұлттық байлық – қоғамның бүкіл тарихы ішіндегі жинақталған 
тұтыну құндарының жиынтығы.
Ұлттық байлық мынаны қамтиды: мүлік (негізгі және айналым 
қорлары, үй мүлігі), табиғи байлық (жер, минерал және орман қорлары), 
заттай емес байлық (ұлт денсаулығы потенциалы, оның рухани байлығы, 
білім және ғылым потенциалы, интеллектуалдық меншік құраушылар).
Бір жылғы шаруашылық іс-қызметінің қорытындылаушы көрсеткіші 
болып қоғамдық өнім есептеледі. Оны бірнеше анықтамалар арқылы 
көрсетуге болады: Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза 
ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет