28
- жалдамалы еңбекті қолдануға байланысты,
капиталистік
жеке меншік;
- байлықты иемдену мен қоғамдық өкім элементтері бар, жеке
меншіктің ұжымдық нысаны.
3сұрақ.
Тұтастай мемлекеттік меншіктің тиімсіздігі Қазақстанның нарық
экономикасына көшу кезеңінде анық көріне бастады. Нарық
экономикасының калыптасуы Қазақстанда меншік қатынастарын қайта
құру қажеттігін көрсетті. Ол мемлекет қарамағынан алу және
жекешелендіру жолымен жүргізіледі.
«Мемлекет қарамағынан алу» түсінігі
меншік қатынасымен
шектелмейді. Ол «жекешелендіру» түсінігінен әлдеқайда кең.
Экономиканы мемлекет қарамағынан алу өндірісті басым мемлекеттік-
директивтік реттеуден нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшуді
білдіреді. Мемлекет қарамағынан алу кезіндегі мемлекеттің қызметі
мен экономикалық рөлі өзгереді.
Мемлекет тікелей шаруашылық субъектісі болмай қалады,
осы
ережені
сақтауды
қамтамасыз
ететін,
тетіктер
мен
экономикалық ойындар ережесін құрады.
Мемлекеттік
жоспарлау
директивтік
емес,
индикативті
сипаттамада болады.
Мемлекеттік баға қою тауарлар мен қызмет көрсетулерге
нарық талабы бойынша нарықтық баға қоюға орын береді.
Қазақстан
заңдарында мемлекет қарамағынан ауыл шаруашылық басқару мен
соған сәйкес өкілдіктердің қызметтерін тікелей шаруашылық
жүргізуші субъектілерге берумен мемлекеттік кәсіпорындарды
мемлекет иелігіне алып қайта құру анықталады.
Жекешелендіру - бұл мемлекеттен заңды және жеке тұлғалардың
мемлекеттік меншіктегі объектіні сатып алуы.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі бағыттары:
ірі және сирек мүлікті кешендерді
жеке жоба бойынша
жекешелендіру;
орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
аукциондар мен конкурстар арқылы жүзеге асатын кіші
жекешелендіру, сауданың шағын кәсіпорындары, коммуналдық
шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері.
Жекешелендіру әдістері:
мемлекеттік
және
муниципиалдық
кәсіпорындардың
акционерлік қоғамдарға қайта құрылуы;
кәсіпорынды аукционда сату;
мемлекеттен кәсіпорынды конкурс бойынша сатып алу.
Қазақстанда жекешелендіру төрт кезеңмен өтті.
Бірінші кезең 1991-1992 жылдары өтті. Жекешелендіру ұсынысты
сипатта болды, ол кезде кәсіпорынның ұжымынан соған сәйкесті
29
өтініш алынған жағдайда, мемлекеттік органдар шешім қабылдады.
Содан кейін аукцион,
конкурс өткізіліп, немесе өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымның еңбек ұжымдарына қайтарымсыз
берілді.
Екінші кезең - 1993-1995 жылдар. Мемлекет қарамағынан алу мен
жекешелендірудің
Ұлттық
бағдарламасы
бекітіліп,
мемлекет
қарамағына алу туралы ұсыныс қағидасынан өтіп, әр түрлі шаралар
әзірленіп, монополияға қарсы әрекеттер қолданыла бастады.
Жекешелендірудің үш түрі қолданылды:
жеке жобалар мен
агроөнеркәсіптік
кешендер
бойынша
шағын
және
жаппай
жекешелендіру.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі - 1996-1998 жылдар. Электр-
энергетикалық және мұнай газ салаларында жекешелендіру
басталғанда, секторлық бағдарлама бойынша өту кезеңі.
Төртінші кезең - 1999 жылдан басталады. Мемлекеттік меншікті
нұсқау және реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік басқару деңгейі
арасындағы өкілдіктерді бөлудің жаңа әдістері сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: