«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет26/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   124
экономика негиздері кітап

4 сұрақ.
Ақша жалпы баламалы рөл ойнауы мүмкін, тауарлардың барлық 
тобының ішінен, қандай да бір тауарды бөліп алудың обьективті 
қажеттігі пайда болғандағы, айырбастың дамуының ұзақ үдерісі 
нәтижесінде пайда болды. Ақша жалпы баламаның аяқталған нысанын 
көрсетеді. 
Ақшаның алғашқы рөлін екі металл атқарды: алтын мен күміс. 
Бұл биметаллизм дәуірі болатын. Монометализм кезінде ақша 
материалы ретінде тек алтын пайдаланылды. 1923-1933 жылдардағы 
әлемдік экономикалық дағдарыс монометализм дәуіріне тұсау салды. 
Ұсақталмайтын ақша жүйесінің қалыптасуы басталды. Оның айыру 
белгілері: 
 несиелік ақшаның үстем болуы; 
 алтынды монетаризациялаудан алу, яғни, оның айналымнан 
шығуы; 
 банкноттарды алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың 
құрамында алтынның болуын алып тастау; 
 жеке кәсіпкерлік пен мемлекетті несиелеу мақсатында 
ақшаның эмиссиясын (ақша шығару) күшейту. 
Ақшаның қызметі: 
 құн шарасы. Ақша арқылы барлық тауарлар өзінің құнын 
шығарады. Тауар құнының ақшалай көрсетілімі тауардың 
бағасы болып саналады; 
 айналым құралы. Мұнда ақша тауарларды тікелей сатып алуға 
қызмет етеді; 
 төлем құралы. Ақша мерзімі ұзартылып та төленеді; 
 жинақтау құралы. Ақша айналымнан түседі және орнығады; 
 әлемдік ақша. Ақша әлемдік тауар айналымына қызмет етеді. 
Айналым және төлем құралы ретінде ақша қызметінен мынадай 
қорытынды шығады: ақша өзі үшін емес, тауарларды айырбастауды 
және адамдар арасындағы қызметті қамтамасыз ету үшін керек. Яғни, 
бұл, экономикада тауар мен қаржы көлемі арасындағы теңдікті сақтау 
қажет екенін көрсетеді. Ақша айналымының мәні осыменен 
қорытындыланады. Сонымен бірге әрбір ақша бірлігі осы аталған 
уақыт ішінде, бірқатар тауар мәмілелеріне қызмет ете отырып, қолдан-
қолға бірнеше рет көшуі мүмкін. Ақша неғұрлым тез айналған сайын, 
соғұрлым, айналымға ол аз талап етіледі. Осыдан ақша айналымы 


36 
заңы айқын көрінеді: бір атаулы ақша бірлігінің жылдам айналымына 
бөлінген, тұрақты айналымға қажетті ақша көлемі, барлық 
тауарлардың бағасының құнына теңеледі. 
Ақшаның негізгі нысаны тиындар, қағаз ақшалар мен несиелік 
ақшалар болып табылады. Тиын - бұлар ерекше нысандағы, металл 
құймасы, салмағы, белгісі бар, нағыз ақшалар. Бұлар толық бағалы 
ақшалар. Қағаз және несиелік ақшаларды толық бағалы емес ақша деп 
атайды. Оларға сондай-ақ, күміс, мыс ақшаны да қосады. Несиелік 
ақшалар - бұлар вексель, банкнот және чектер. Вексель - бұл оның 
иесіне (вексель ұстаушы) мерзімі өткеннен кейін, қарыз адамнан 
көрсетілген ақшалай соманы талассыз талап етуге құқық беретін, 
қатаң белгіленген нысандағы жазбаша қарыздық міндеттеме. Банкнот 
- бұл ұсынушы барлық уақытта ақша ала алатын және банкир жеке 
векселді ауыстыратын, банкирдің векселі. Чек - банк шотынан бір 
адамға немесе ұсынушыға ондағы көрсетілген соманы төлеу туралы 
иесінің сөзсіз бұйрығы көрсетілген құжат. 
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, төлемдік есеп беру және 
несиелік тетіктерді біріктіретін, несие карточкасын қолдану кеңінен 
тарады. Несиелік карточка өзіндік ерекшелігі бар, атаулы чекті 
айырбастаушы және төлем құралы ретінде ақшаның қызметін 
орындайды. 
Қазіргі уақытта электрондық ақша деп аталатыны кеңінен 
қолданылады. Электрондық ақша жүйесі бірнеше элементтерді өзіне 
қосады: 
автоматтандырылған 
есеп 
беру 
палатасын, 
автоматтандырылған кассир жүйесін және тауар сатып алу мен қызмет 
көрсету пункттерінде орнатылған, терминал жүйесін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет