«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет33/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   124
экономика негиздері кітап

2 сұрақ. 
Нарық кең мағынада тауарларды сату мен сатып алуға 
байланысты, экономикалық қатынастардың барлық жиынтығын және 
тауар айналымының саласын көрсетеді. 
Нарық экономикасының субъектісі үй шаруашылығы, фирмалар, 
мемлекет болып табылады. 
Үй шаруашылығы - бұл құрамында бір немесе бірнеше тұлғасы 
бар экономикалық бірлік: 1) өз бетімен шешім қабылдайды; 2) қандай 
да бір өндіріс факторының меншігі болып табылады; 3) бар ресурстар 
шегінде пайдалылықтың жоғарылығы және өз тұтынушыларын 
жоғары қанағаттандыруға ұмтылуы. 
Фирма - бұл экономикалық бірлік: 1) өз бетімен шешім 
қабылдайды; 2) жоғары пайда табуға ұмтылады; 3) мемлекетке, үй 
шаруашылығына және басқа фирмаларға өнімдерді дайындауға және 
сатуға өндіріс факторларын пайдаланады. 
Мемлекет деп қоғамдық мақсаттарға жету үшін, нарық пен 
шаруашылық субьектілеріне қажет жағдайда бақылау жүргізу үшін 
заңды және саяси басшылық жүргізетін үкіметтік мекемелерді 
түсінеді. 
Нарық тұтастай алғанда, бай және күрделі құрылым ретінде 
сипатталады. Оны әр түрлі белгілері мен критерийлері бойынша 
жіктейді: 
1. Объектілердің 
нарықтық қатынастарының 
экономикалық 
бағыты бойынша: 
 тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нарығы; 
 өндірістік бағыттағы тауар нарығы; 
 ноу-хау нарығы; 
 шикізат нарығы; 
 еңбек нарығы; 
 бағалы қағаздар нарығы және т.б. 
2. Географиялық орналасуы бойынша: 


46 
жергілікті нарық
 ұлттық нарық; 
 әлемдік нарық. 
Салалық 
бағыттары 
бойынша 

автомашиналар, 
мұнай, 
компьютерлік және т.б. нарықтары. 
Сату сипаттамасы бойынша - бөлшек және көтерме сауда 
нарықтары. 
Бәсекелестікті шектеу дәрежесі бойынша – жетілдірілген 
бәсекелестік 
нарығы 
және 
жетілмеген 
бәсекелестік 
нарығы 
(монополистік бәсекелестік, олигополиялық, монополиялық). 
Жетілдірілген бәсекелестік нарығының ерекшелігі: тәуелсіз 
фирмалардың көптігі; бағаға бақылаудың жоқтығы. Бағалар нарықпен 
белгіленеді: тауардың саралануы жоқ. Өнімдер ерекшелігі мен сапасы 
жағынан айырмашылығы жоқ. Нарыққа кіру мен шығудың біршама 
оңайлығы. 
Монополистік бәсекелесті нарықтың ерекшелігі:
 қызметтер мен тауарларды өндіретін фирмалардың көптігі; 
 тауарлардың айырбасталуы мүмкін болғандықтан бағаға 
ықпалдың шектелуі; 
 арнаулы нарықтар үшін, тауар мен қызметтердің саралануы; 
 нарыққа кіру мен шығудың біршама оңайлығы. 
Олигополиялық нарығының ерекшелігі: 
 өтімді тауарлар мен қызметтер шығаратын бірнеше ірі 
фирмалар; 
 «баға көшбасшысының» ықпалы болады; 
 кейбір өнімдер үшін тауарларды саралау елеулі, бірақ, 
стандартталған тауарлар үшін аз; 
 инвестиция салуды жиі талап етеді.
Монополиялық нарықтың ерекшелігі: 
 бір өнім және бір ірі фирма; 
 тәжірибе жүзінде бағаға толық бақылау; 
 тауарлық саралау жоқ; 
 нарыққа кіру өте қиын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет