«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет35/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124
экономика негиздері кітап

 
4 сұрақ 
Сұраныс белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта сатып алушылар 
сатып алу мүмкіндігі болатын және сатып алғысы келетін тауарлар 
мен қызметтің санын байқатады. Сұраныс заңында айтылады: 
сұранысқа ықпал ететін, барлық басқа факторлардың тұрақты болған 
кезінде, сатып алушылар сатып ала алатын және сатып алғысы келетін 
тауардың құны төмен болған сайын, сонша оның саны көп болады. 
Сұранысқа ықпал ететін факторлар: 
 тауар мен қызметтің бағасы; 
 сатып алушылардың ұнату қабілеті; 
 тұтынушылардың табысы; 
 үй шаруашылықтары арасында табысты бөлу; 
 айырбас - тауардың бағасы; 
 осы тауар мен қызметті сатып алатындардың жалпы саны; 
 күтілетін инфляция. 
Сұраныс заңы кестеде сұраныс қисығы ретінде көрсетіледі. 
Сұраныс қисығы бойынша козғалыс тауардың бағасының 
өзгерістеріне жауап ретінде, сатып алынатын тауарлардың санындағы 
өзгерістерді көрсетеді. Кез келген бағалы емес факторлар сұраныс 
сипаттамасының өзгерістеріне әкеледі. Мұндай жағдайда, сұраныстың 
қандай да бір бағалы емес факторының өзгерістері себебінен, әрбір 
мүмкін болған бағада сатып алушылар тауарды көп немесе аз сатып 
алады. Сұраныстың жоғарылаған сәтінде сұраныстың ауытқымасының 
оңға қарай және сұраныстың төмендеген сәтінде солға қарай ілгерілеуі 
болады. 
Белгілі бір кезеңде, белгілі бір бағамен нарықта өткізуге даяр 
өндірушілердің ұсыныстары тауардың санын сипаттайды. 
Нарықтағы ұсыныстағы тауар көлеміне ықпал жасайтын 
факторлар: тауар бағасы; өндіріс технологиясы. Егер ең жетілдірілген 
технология енгізілген болса, онда шығын азайып және көп өнім 


49 
шығарылады, сондай-ақ ұсыныс көлемі көбейеді. Ресурстарға бағаны 
төмендету ұсынылатын тауарлардың санын көбейтуге әкеледі; тауар 
өндірушілердің саны; салықтар мен субсидиялар. Салықтарды көбейту 
ұсынысты азайтады, ал субсидиялар өндірістің кеңеюіне әкеледі. 
Ұсыныс заңы тауар бағасы мен нарықтағы оның ұсыныс көлемі 
арасындағы тәуелділікті анықтайды. Баға мен ұсыныс көлемінің 
арасындағы ұсынылатын өніммен тікелей байланыс бар: бағаның 
көтерілуіне орай, ұсыныс көлемі де өседі және керісінше болуы да 
мүмкін. 
Ұсыныстың қисығы - тауарды ұсыныс көлеміне өзгерту кестесі 
бағаның деңгейіне байланысты. 
Ұсыныстың қисығының оң иілуі ұсыныс заңын бейнелейді. 
Ұсыныс көлемінің өзгерістері ұсыныс қисығының бойы мен 
қозғалыстарды бейнелейді және сатылуға ұсынылатын тауарлардың 
көлемінің өзгерістерін көрсетеді, оған жауап ретінде, басқа да тең 
жағдайдағы бағаның өзгерістеріне әкеледі. Кез-келген бағалы емес 
факторлардың өзгеруі кезінде ұсыныс сипаты өзгерістерге ұшырайды, 
яғни, ұсыныстардың азаюы кезінде барлық ұсыныстардың қисығының 
солға ауысуы, ол өскенде - оңға ауысуы болады. Сатушылар сатқысы 
келетін, тауар көлемімен, сатып алушылар алғысы келетін тауар 
көлемімен сәйкес келетін тауар бағасы ойдағыдай болғанда нарықта 
тепе-теңдік пайда болады. 
Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар: 
 Сұраныстың көбеюі теңдестірілген бағаның және тауар 
көлемінің тепе-теңдігінің де өсуіне әкеледі; 
 Сұраныстың азаюы теңдестірілген баға мен теңдестірілген 
тауар көлемінің төмендеуіне әкеледі; 
 Тауар ұсынысының өсуі теңдестірілген бағаның төмендеуіне 
әкеліп, тауар көлемінің теңдесуін арттырады; 
 Ұсыныстың қысқаруы теңдестірілген бағаның көбеюіне 
әкеліп, тауар көлемінің тепе-теңдігін азайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет