«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет40/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124
экономика негиздері кітап

 
3 сұрақ 
ҚР зандарымен реттелетін кәсіпкерлікті дамытпай Қазақстанның 
экономикасын реформалау мүмкін емес. Өтпелі кезеңде ҚР 
Президентінің «Шаруашылық қызметінің еркіндігімен кәсіпкерлікті 
дамытудың 
еркіндігі 
туралы», 
«Жеке 
кәсіпкерлік 
туралы», 
«Акционерлік қоғамдар туралы», «Шаруашылық серіктестіктері 
туралы» және т.б. Жарлығы және ел басшылығымен бірнеше заңдар 
қабылданған еді. Бұл заңдар азаматтардың және заңды тұлғалардың 
кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін 
қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік 
жағдай мен кепілдікті анықтайды. 
Ресей мен басқа да бұрынғы социалистік елдерде Қазақстандағы 
кәсіпкерлік қызметі сол елдердің дәстүрлі нарықтық экономикасы 
тәрізді эволюциялық жолмен емес, орталықтық жоспарлау жүйесін 
қирату арқылы экономикалық революция нәтижесінде жүзеге асады. 
Сондықтан ҚР-дағы кәсіпкерлік қызмет, әсіресе, алғашқы он 
жылдықтағы әміршіл экономикалық жүйенің нарықтыққа қарай 
өзгеріске ұшырауы көптеген қиындықтар мен қарама-қайшылықтарға 
байланысты болды: 
Кәсіпкерліктің заңдық базасы тым баяу және көбінесе жүйесіз 
қалыптасты. 


57 
Жеке автономияның қағидасы елеулі шектелді, өйткені 
шаруашылық қызметтеріне, келісім шарттарға және бірлестіктерге 
бұрынғы КСРО республикаларының экономикалық құрылымы ондаған 
жылдар бойы монополия ретінде құрылғандықтан, тек еркін 
шешіммен 
тоқтатып 
тастауға 
болмайтын, 
шаруашылық 
ұйымдастырудың дәстүрлі әміршіл экономикалық монополияға қарсы 
тұрды. 
Тауарлық-ақшалай айырбас қаржылық-несиелік қатынастарының 
жетілмеуінен қатты қиындатылды (қолма-қол ақшаға айналдыру 
проблемасы, төленбейтін төлемдер дағдарысы және т.б.), сондай-ақ, 
инфляцияның жоғары қарқыны. 
Меншікті мемлекет тарапынан шығару және жекешелендіру елде 
кәсіпкерліктің әр түрлері мен нысандарының пайда болуына ықпал 
етті. ҚР-ның Азаматтық кодексінде толық серіктестік нысанында 
шаруашылық серіктестігі, командиттік серіктестік, жауапкершілігі 
шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив тәрізді 
кәсіпкерлік нысандары айқындалған. Республикада ҚР «Жеке 
кәсіпкерлік туралы» Заңында негізі салынған жеке кәсіпкерліктің 
дамуы кең тарады. Шағын бизнесті дамытуға ерекше қолдау 
көрсетілуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет