Конвергенция
Ақпараттық өнімдердің күрделенуі
Ақпараттық технологияда екі бөлімді ерекше атап өтуге болады:
ақпараттық өнімді сұраныс бойынша сұрыптау мүмкіндігі;
осы ақпараттық өнімді қолайлы уақытта және пайдаланушыға ыңғайлы түрде жеткізу әдістері.
Ақпараттық өнімнің өзі кейбір ақпараттық мазмұнды пайдаланушы қолдануына әкелетін спецификалық қызмет түрінде болады. Ақпараттық өнім – бұл жалпы түрде «жіберу» және ақпаратты жеткізу (компьютер экраны, қағаз, магнитті лента, магнитті диск, оптикалық диск және т.б.).
Хабарлаудың құндылығы – ақпарат және білім – олардың көмегімен табиғатта және қоғамда ағымды процестерде көрінетін шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қоғамның жинақталған ақпараттық ресурсы – оның тиімді экономикалық активтілігінің кілті.
Біріктіруді қамтамасыз ету
Ақпаратты ұсынушылар және пайдаланушылар үшін ең басты технологиялық мәселе біріктіруді қамтамасыз ету - әр түрлі ақпараттарды еркін алмастыру мүмкіндігі болып табылады Программалық, аппараттық және ақпараттық компоненттердің стандарттауына күш салу сыртқы формаларды бірыңғайлауды қамтамасыз етеді, бірақ олардың мазмұнын емес. Соның көмегімен программалық-техникалық әдістердің конфигурациясын өзгертуге және әр түрлі ақпараттарды жіберу мен сақтауды қамтамасыз етуге болады.
Бұл мәселенің шешімі толық сәйкестікті және телефония компонеттерінің екі жақты тартысын, мәліметтердің өңделуін, ақпараттардың енгізу-шығару әдістерін, мәліметтерді жіберу, сақтау және қайта құруды, аудио- және видео ақпараттарды талап етеді. Бірігу және әрекеттестік ақпараттың адамзаттық түрлерінен – сөз, мәліметтер, статикадағы және динамикадағы бейнелеу, қара-ақ және түрлі түстер – сонымен қатар адамның сезімдерді қабылдауының үш түрі – есту, ұстау және көруден басталады және аяқталады. Осыдан ақпараттық жүйелер жағынан әрекет ететін компонеттер күшейе түседі, олар механикалық діріл, тактильді әсерлер, ауа ағысы, иіс және т.б. Осы әсерлердің әдістері арқылы адам компьютер экранында (телевизордың) қандай да бір шындықты (виртуальды шындық) көріп қана қоймай, сонымен қатар осы «шындықты» шлем, перчатка, кресло костюмы арқылы дене ағзаларына әсерін сезеді. Осыдан адам үшін виртуальды шындықта болатын іс-әрекетке қарсыласу немесе алдану мүмкіндігі ашылады. Бірақ мұндай кері байланыс – кибернетикалық мүмкіндіктердің белгісі болып табылады.
Аралық есеп звеноларын жою
Тұтынушының тез пайдалануына арналған ыңғайлы және қолайлы формада қайта құруды қамтамасыз ететін жаңа әдістердің құрылуы аралық есеп звеноларын жою тенденциясын қарастырады. Мысалы, бұрын телефон жүйелерінен телефонистер («байланыстырушылар») шығарылды, содан кейін кредитті телефондық карталарды тұтынушы есебінен болды. Банктік қызметте ақшаның жарты бөлігі кассир арқылы емес, банкомат арқылы беріледі.
Одан кең жоспарда өндірістегі (өндіріс-қамтамасыздандыру) қарым-қатынастың, өндірістер арасындағы (сатушы – делдал – сатып алушы), өндіріс және тұтынушы арасындағы өзгерістерді атап өту керек. Егер өндіруші және ақырғы тұтынушы бір-бірімен оңай байланысса және олардың ақпараттық білімділігі тегістелсе, онда делдалға қандай да бір жұмысты жүктеу қажет емес. Делдал (посредник) ақпарат есебіне бағаны қоса алмайды, өйткені тұтынушы оны тура бірінші өндірушіден ала алады. Сондықтан кең және жеке тапсырыс бойынша үлкен телеқызмет спектрі жеткізіледі: телемаркетинг, телеоқыту, теледиагностика, телеойындар, телемузыка, телефильмдер және т.б. Сонымен қатар бағалардың біршама төмендеуін күтуге болады, өйткені ұжымдық (қоғамдық) телематика әдістерін пайдалану бағасы коммуникацияның дәстүрлі әдістерін пайдалануға қарағанда төмен.
Шынында да, егер электрондық терминалмен туристік маршруттар мен зоналар, қонақ үйлер мен көліктер туралы «толық» ақпаратқа тура қол жеткізуді қамтамасыз етсе, онда саяхат бюросы және олардың агенттер жүйесі не керек?
Өндірістерде технология және жұмысшылар саны өзгертіледі: қағаздағы сызбалар мен қағазды технологиямен байланысқан барлық құжаттар жоғалады. Жобаны жетілдіру аяқталғаннан кейін электронды құжат сымдар (немесе басқа байланыс сымдары) арқылы өндіріске жібереді және өндірістік кибернетикалық роботтарға тура түсуі мүмкін. Осындай жағдайда өндіріс оның дайындығын ұзаққа созбай бастайды. Өнім моделі жаңа тапсырыстардың түсуіне байланысты және олардың электронды жүйеде жобалаудың «істен ұтылуымен» өзгертіледі. Сонымен қатар виртуальды киберкеңістікте өнімдер моделінің «сынағы» және тұтынушының жеке тілектері айқындалады.
Ауқымдылық
Информатика әдістерінің дамуы бойынша іскер адамның жұмыс орны (офисі) ұшақ борты да, теплоход палубасы да және машина салоны да болады. Кәсіпкер өзімен бірге ұялы телефон, пейджер, қалталы программаланатын сандық көмекші, дербес компьютер ұстайды. Солардың көмегімен кәсіпкер Жердің кез келген орнында ақпараттық жүйеге оңай қосылады.
Қызықты нарық жағдайы туралы ақпаратқа кәсіпкердің тәулік бойы қосылуы операциялардың өткізілу шартын толығымен өзгертеді. Ақпарат мемлекеттер мен аймақтар шекарасынан тез беріледі. Мемлекеттердің ақпараттық оңашалануы және ақпаратты беру еркіндігіндегі тамыр-таныстық олардың экономикалық артта қалуына әкеледі. Экономика түпкілікті бүкіләлемдік және ашық болады, ал оның ақпараттық инфрақұрылымы Жер планетасының ауқымды телематикалық комплекстерімен анықталады.
Конвергенция
Конвергенция – бұл қарастырылып отырған инфотенденцияның бесіншісі және соңғысы. Терминнің өзі үйлесімдікті білдіреді, ақпараттық белгінің үйлесімділігі биологиядан алынған және эволюция процесінде ағзалар тобының шығу тегі бойынша функциялар мен құрылғанда пайда болған ұқсастықтарды білдіреді. Шынында да, программаланатын калькулятордан біртіндеп программа басқаратын құрылғыға айналатын, содан кейін телебағдарламалық программаларды қабылдайтын, диалогтік ойындардың қиын программаларын орындайтын қасиеттерге дағдыланатын компьютер қасиетін (белгісін) қалай анықтауға болады? Екінші жағынан өзінің эволюциясында телевизор программаланатын құрылғыдан ақпараттарды өңдейтін қиын үйдегі ақпараттық орталыққа айнала бастады, ол өзіне төлем есептерін жүргізу, жылуды бақылау, жарықтандыру және т.б. функцияларын қосады.
Офиста немесе үйде жеке тұратын құралдардың болуы өте ыңғайлы: факс, принтер, ксерокс, сканер, сонымен қатар барлық ақпараттық функциялармен жабдықталған интегралдық құрылғы.
Ақпараттық жүйелерде конвергенция элементтері информатика әдістерінің номенклатурасын ұтымды етеді және тұтынушылық баға қосады. Бір құрылғыда ақпараттық функциялардың қарама-қарсы күшейуі өнім бағасын төмендетеді, оған сұранысты күшейтеді, ақпараттық технологияны пайдалануды кеңейтуге әкеледі.
Кәсіпкерлердің ақпараттық іс-әрекеті бәсекелестік қызығушылық конвергенциясы болып табылады, яғни ол ақпараттық индустриядағы өзгерістерге ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлікте бүтіндей өзгерістерге әкеледі. Кәсіпкерлердің бәсекелестік ынтымақтастық бағытының принципі бүкіләлемдік кәсіпкерлік альянстарды құру кезінде іске асырады.
Дәріс №19, 20
Тақырып: Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістемесі
Дәріс сұрақтары:
-
Ақпараттық – басқару жүйелерін тұрғызудың немесе таратудың негізгі кезеңдері
-
Компьютерлік нарықпен қамтамасыз етілетін шешімнің бес типтік деңгейі.
Компьютерді қолдануы бойынша, мысалы мәтіндерді теру, жобалау, дизайн өндіріс әдісі ретінде қолданылады. Мұнда оның тиімділігі анық және айтарлықтай жоғары. Бірақ пайдалану кезінде компьютер өндіріс әдісі болып емес, ал бизнесте өндірістік ақпараттық-басқармалы процестерді, басқарудың жергілікті және мемлекеттік органдарын, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениетте немесе білімді қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпкерлер үшін шешім қабылдау - іс-әрекеттің тиімді вариантын таңдау, нақты практикалық қадамдарды анықтау. Шешім таңдау болған жағдайда ғана қабылданады. Таңдау оның өнімінің тауар немесе қызмет түрінде және өндірістің дамуын болжау процесінде дайындалған іс-әрекеттің балама жиынтығын қамтамасыз етеді. Маңызды шешімдер жеке сұрақтар бойынша келісілген шешімдерді қабылдау үшін топшылау құратын компанияның өндірістік стратегиясын негізге ала отырып қабылдайды. Тиімді вариантты таңдау негізінде: күтілетін пайда, мүмкін шығынды азайту, күтілетін табыстарды дамыту мүмкіндіктері, күтілетін теріс оқиғаларды азайту, табысты бағалау ықтималдығы, «иә» және «жоқ» бағалар, функционалды-бағаланатын анализ идеясы және т.б. жүзеге асады. Бірақ кез келген әдісті қолдану үшін бірнеше облыстарда: өнім, қызметтер мен технологиялық әдістер, өнімді пайдалану ортасы, өткізу әдісі мен сату техникасы, нарықтар, бәселекестер, мемлекеттің қызмет ортасындағы өзгерістер тенденциясы мен дүниежүзілік нарық ауқаты және т.б. туралы толық және мағыналы ақпаратты жинау керек.
Компьютерді алу және оның негізінде ақпараттық технологияны құру үшін келесі сұрақтар бойынша шешім қабылдау керек:
1. Компьютер (компьютерлер) қандай мақсат үшін алынады?
2. Ақпараттың жұмыс істеу жүйесі және құжат айналымы қалай құрылған?
3. Ақпарат жүйесі мен құжат айналымы қалай жақсартылады?
4. Ақпараттық технология тым рационалды (немесе радикалды) болып қалай құрылу керек?
5. Қандай программалық кешендерді (қолданбалы программалар пакеті) алу және бизнес-процестер спецификасы негізінде программалау керек?
6. Аппараттық комплекстер құру үшін қандай аппаратты-желілік әдістер қажет?
7. Ақпаратты-басқармалы жүйелерді қайта ұйымдастырудан немесе құрудан қандай технико-экономикалық эффектілер күтіледі?
Ақпаратты-басқармалы жүйелерді құру немесе қайта ұйымдастырудың әдістемесі бірнеше сатыларды қосады.
Ең бірінші функционалды есептерді, функционалды іс-әрекеттерді, ішкі құжат айналымын, ақпараттық топтар мен ақпараттық іс-әрекеттерді анықтау мақсатында өндірістің құрылымдық бөлімшелерін тексеру және зерттеу жүзеге асырылады. Осы ақпаратты зерттеу негізінде бөлімшелердің жұмыс істеу технологиясының функционалды-ақпараттық модельдері құрылады, содан кейін өндірістің жұмыс істеу технологиясының біркелкі функционалды моделі ретінде бөлімше жұмысы технологиясының біріктірілген функционалды моделі орындалады, сонымен қатар өндірістің біркелкі құжат айналымының ақпараттық моделі құрылады. Жұмыстың осы кешенін орындау нәтижесінде өндірістің құрылымы мен технологияны жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастырады.
Ақпараттық жүйенің өзін құру үшін максималды мүмкін деңгейде бизнесті автоматтандыратын стандартты қолданбалы программалар пакетін қолдану ұсынылады:
• "клиент-сервер" ақпараттық технологиясы бойынша корпоративті құжат айналымы мен операциялар;
• электронды құжаттармен басқару;
• қиын ақпараттық жүйелерді жобалау, модельдеу және анализ;
• іс-әрекеттің экономикалық (бағалық) анализі;
• жаңа технологиялардың өндірісі мен тиімділігін бағалау;
• шешім қабылдауды қолдау жүйесін құру.
Қиын ақпараттық жобаларды іске асыру үшін алуан түрлі периферийлі құрылғылары бар жүздеген компьютерлер құру, есептеу жүйелерін бөлу және жергілікті жүйелерді құру, арнайы программалық қамтамасыз етуді меңгеру қажет. Нарық өзгерсе – компьютерлік қосымшалардың даму стратегиясы өзгереді. Кәсіпкерлер өздерінің мәселелерін шешу үшін компьютерлік нарыққа жүгінеді. Осы нарықта әр түрлі қиын шешімдерді қабылдау негізінде бағаны қосатын жүйелік интеграторлар мен осы әдістерді сатушылар, программалы-аппараттық әдістерді шығаратын өзара қарым-қатынас жүйесін құрады және жетілдіреді. Компьютерлік нарық қамтамасыз ететін шешімнің бес түрлі деңгейін бөліп қарастыруға болады:
• керекті ақпараттық жүйе конфигурациясын өз бетімен құру және ұйымдасқан компьютерлік техниканың таралу каналдарында программалы-аппараттық әдістерінің жеке модельдерін иелену;
• өндірістерге назар аудару – білікті мамандар қызметін ұсыну негізінде шешімнің бағасын қосатын жүйелік интегранттарға; программалы-аппараттық әдістердің жеке модульдерін алу және қажетті конфигурациясы бар ақпараттық жүйені өз бетімен құру;
• ақпараттық проектілерді орындау және мамандандырылған шағын дербес өндірістердің программалы-аппараттық әдістерін дайындауы бойынша қызмет көрсету, одан да тиімді жалпы және жеке ақпараттық мәселелерді шешу
Соңғысы аутсорсинг (ағылшын тілінде outsourcing “әдістерді тартып шығару” "откачка средств" деген мағынаны береді) арнайы атауын алды. "Аутсорсинг" терминінің мазмұны кәсіпкер аппаратты-программалық кешен бойынша барлық есептерін сыртқы өндірістерге жүктегенде, ал өзі осы кешеннің ақпаратын ғана пайдаланатын осындай жұмыс әдістемесін анықтайды.
Кәсіпкердің келісімі мен тапсырмасы бойынша сыртқы өндіріс кез келген мүлтіктерді жояды және қажетті жағдайда модернизация (жаңарту) жүргізеді.
Аутсорсинг сыртқы өндірістерден ақпараттар тобын өздігінен алуды, ал өздігінен құрылмаған және техникалық кешендерді енгізуді жобалайды.
Дәріс №21, 22
Тақырып: Қаржылық – экономикалық ақпараттық жүйелер
Дәріс сұрақтары:
-
Қаржылық институттар және оларды ақпараттық қолдау.
-
Бухгалтерлік есепті автоматтандыру проблемалары.
Нарықтық экономикаға көшу кезінде қаржы рөлінің өсуі бизнесті автоматтандыруға ықпалын тигізбей қойған жоқ. Қаржылық ахуал есебі және өндірістің даму динамикасының анализі басқарудың бизнес-процестерінің кілті болып табылады. Ақпараттық технологиялар осы процесті жеделдетуді, жоғарыда тұрғандар мен салық органдарының алдында әр түрлі саладағы өндірістердің есептерін дайындау кезінде жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Батыста көбінесе бухгалтерлік есептің халықаралық жүйесі негізінде сыртқы есептерге, сонымен қатар өндірістерді басқаруға негізделген ішкі есептерге көңіл бөлінеді.
1. Қаржылық институттар мен олардың ақпараттық қолдауы
Экономиканың тамыры ретінде қаржының рөлі барлығына белгілі. Төлемнің жеделдетілуі қазіргі есептеу техникаларының, телекоммуникациялардың және информатиканың жетістігін пайдалануынсыз мүмкін емес.
Ақпараттық технологиялар жиналған сұрақтардың ішінен көбін шешуге шақырылған. Қаржылық қызметтің негізгі субъектілері нарықта көрсетілген және олардың арасындағы қарым-қатынастар суретте келтірілген.
Төлемдер ағыны құжаттар ағыны ретінде заңды жүзеге асады. Банктік қызметтің негізгі принциптері – есеп, бақылау және сақтау – басқа қаржылық институттардың құжат айналымдары үшін де сипатталады. Қаржылық қызметті автоматтандыру ең бірінші дәстүрлі қағаздық құжаттардан тыс электронды құжаттар және электронды көшірмелер енгізуді анықтайды. Бұл төлем құжаттарына жатса, сонымен қатар материалдық есеп құжаттарына да жатады.
Сонымен, есепті автоматтандыру көп операцияларды жоюға, сонымен қатар құжаттардың қағаздық (қатты) көшірмелерін автоматтандырылған дайындығына бағытталған, бұл жағдайда – қаржылық. Бұл дұрыс орындау және есеп бақылауына, сонымен қатар қағаздық архивтерді ұйымдастыруға бағытталған есептерді дайындауға байланысты.
Автоматтандырудың негізгі принциптерінің бірі барлық қызыққан тұлғаларға құжаттарды бір рет енгізу болып табылады. Мысалы, шындығында төлемдік тапсырма үшін ақпаратты енгізу өндіріс - төлемшіде бір рет болу және сауда банкісінде, банкінің есеп-кассалық орталығында және т.б. қайталанбау керек.
Қазіргі автоматтандыру жағдайы мұндай технологияны барлық жағдайда қолдамайды, өйткені өзінің кейін көп операциялар санын қажет етеді.
Автоматтандырылған жүйелердің даму қажеттіліктерінің маңызды факторы басқармалы есепті пайдалануына менеджерлердің бағдары қызмет етеді. Бұл көп жағдайда барлық ақпараттық жүйелер шеңберінде біркелкі ақпараттық кеңістік деп аталатын интегралдық жүйені құруды талап етуін анықтайды.
2. Бухгалтерлік есепті автоматтандыру мәселесі.
Қазіргі өндірістер анағұрлым қаржылық ағымдар санына ие болып отыр. Қағаздық құжаттарға ие болу, жеделдетілген есеп айырысуды талап ету, қаржылық шарттардың көп қырлылығы, басқармалы есепке назар аудару бухгалтерлік қызметтің автоматтандырылуына практиктердің назар сала қарауын айтады. Бүгінгі күні бухгалтерлер негізінен жаңа ақпараттық технологияларға көшуді үйренді.
Дәстүрлі есептен компьютерлікке көшу бухгалтерлік есепте ең бірінші есептер жоспарында, бухгалтерлік желілеу жүйесі, есептемеге тәртіп жүргізуді жоспарлайды. Демек, автоматтандыру барлық қызметтердің анық жұмысына қысым келтірмей, керісінше адамзаттық факторын күшейте отырып тартады.
Нарықта кең таралған бухгалтерлік жүйелер жарияланып қана қоймай, сонымен қатар мынандай мүмкіндіктерді көрсетеді:
-
оларды меңгеруде және пайдалануда қарапайымдылығы, ыңғайлылығы және иілгіштігін;
-
шағын өндірістер үшін де, корпоративті құрылымдар үшін де кең қолданылуы;
-
салықты қоса отырып өзгермелі заңдарды баптау және нақты өндіріс есебінің ерекшеліктері;
-
операциялар түрлерінің үлкен терілімі және есептеме формалары;
-
ақпараттың графиктік көріністерімен бірге біршама аналитикалық мүмкіндіктері.
Осылардың барлығын бірге қосып алғанда бухгалтер жұмысы жылдамдығының ұлғаюын және тиімділігін анықтайды.
Бухгалтерлік жүйенің негізгі функцияларын қарастыра отырып, оның қандай өзіндік ерекшелігі бар екенін атап өту керек:
-
курстық айырымын автоматты түрде қайта санаумен валюталық операцияларды қоса отырып, кез келген қаржылық-шаруашылық операциялар есебі;
-
контрагенттер үшін аналитикалық кодтар мен субтөлемдер, төлемдер бойынша сапалы есеп;
-
баланс формасын баптауды, есептеме формаларын (шаблондарын) құру және редактрлеуді қоса отырып, әр түрлі өндірістердің есептік саясатына жүйені баптау мүмкіндігі;
-
жинақталған сальдо, айналымдарды автоматты түрде санау, журнал-ордерлер, басты кітаптар, баланстар және басқа да жеке есептеме формаларын құру;
-
бірінші банктік және кассалық құжаттардың электрондық көшірмелерін құру, баспаға жіберу және сақтау;
-
есептің қатты (қағаздық) көшірмелерін алу үшін әр түрлі баспаға жіберу түрлері
-
берілген бухгалтерлік есептер бойынша өндірістің қаржылық анализін өткізу үшін есептеме формаларын құру мүмкіндігі және т.б.;
Автоматтандырылған бухгалтерлік жүйелермен жұмыс істеу кезінде мынандай мүмкіндіктер пайда болады:
-
салық инспекциясына, әр түрлі қорлар мен Госкомстат органдарына барлық айлық және жылдық есептерді тез дайындау;
-
еңбекақыны санау;
-
негізгі әдістерге есеп жүргізу;
-
қаржылық қызметті анализдеу.
Дәріс №23, 24
Тақырып: Банктік ақпараттық жүйелер
Дәріс сұрақтары:
-
Қаржылық институттардың нарықтық экономикадағы міндеттері және оларды ақпараттық қолдау.
-
Банктік ақпараттық жүйелер классификациясы және оларға қойылатын талаптар
1. Нарықтық экономикада қаржылық институттардың міндеттері мен оларды ақпараттандыру
Қазіргі кредитті-ақшалы және қаржылық шаруашылығы бар елдер маңызды құрылымдық өзгерістерді басынан кешіріп отыр. Негізінде, кредиттік-қаржылық институттардың сапалы жүйелері құрылады, экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының динамикасында жаңа пропорциялар жинақталады. Банктердің дәстүрлі міндеттері мерзімді салымдарды есеп айырысу әдістеріне тарту, ақылы, мерзімді, қайтарылымды шарттар негізінде қарызға аккумуляцияланған (аккумулированный) әдістерді тарту ету, сонымен қатар өнеркәсіптер мен кәсіпорындар арасында есептеулерді жүзеге асыру.
Қазіргі кезде банктік операциялар шеңбері ұлғайды, жиі-жиі алуан түрлі кредиттік-қаржылық мекемелер арасында шекара өшіріле бастады. Ең бірінші клиентпен жұмыс істеу бөлімінде спецификалық ақпараттық қолдауды талап ететін жаңа мәселелер пайда болды.
Банктердің дәстүрлі әрекетсіз банктік операциялары есеп айырысудан және депозиттерден, сонымен қатар құнды қағаздармен операциядан тұрады. Қазіргі кезде банктер есеп айырысу операцияларын келесі құралдармен жүзеге асырады: активті банктік операциялар үшін әдістердің ағымды есебіне негізделіп пайдаланумен төлемдік тапсырмасы, чектермен, вексельдермен, аккредитивтермен, пластикалық карточкалармен, қолдағылармен, телефондармен және т.б. жүйелермен жеткізу қызметі, сонымен қатар проценттерді әр түрлі есептеу схемасымен мерзімді депозиттерге заңды және жеке тұлғалар әдістерін тартады. Әрекетсіз операциялардан басқа кредитті сияқты активті операциялардың кең жиынтығы жүзеге асады, онымен қоса: мерзімсіз қарыз операциялары, вексельдермен операция, ырықсыз операциялар, сонымен қатар инвестициялық, лизингтік, трасттік, консалтингтік және т.б.
Банктік қызметте даму және көтерілу бәсекелестігі тенденциясын қарастыра отырып, келесі негізгі факторларды бөліп қарастырады:
-
Банктік қызметтің интернационализациясы, сонымен қатар қазақстандық нарыққа шет елдер банктерінің потенциалды ену і;
-
Салымдардың дәстүрлі жүйелерін тасымалдайтын капиталдардың жаңа нарықтарын ашу;
-
Банктік қызметтің диверсификациясы;
-
Тұтынушылар тобы сегментациисының өсуі;
-
Жеке спецификалық қаржылық облыстарда банктік емес кәсіпорындар жағынан бәсекелестік;
-
банктік индустрияға технологияның (ең бірінші автоматтандыру және коммуникация жүйелері) өспелі әсер етуі, әсіресе бөлшек сауда банктік қызметінде;
-
ақпаратты қағаздық өңдеуден қағазсыз технологияға біртіндеп көшу;
-
жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін сауда банктері бәсекелестігінің өсуі;
-
жүйелік банктік өнімдер мен қызметтердің дамуы.
Жоғарыда айтылған тенденциялар банктік фактордың дамуына жақын арада тікелей және жанама – ақпараттық технологиялардың дамуына әсер етеді. Қазіргі бизнесте ақпараттың рөлін қайта бағалау қиын, әсіресе банктік қызметте, өйткені фирманың құрылымына қазіргі жуықтауы бизнеске, кадрге және ақпараттық технологияларға негізделеді.
Банктік қызметтің ақпараттық қолдауы мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған:
• банктік қызметтің қайта құрылу шарттарында банктік қызмет нарығына бәсеке қабілеттілігін жоғарлату;
• банктің қызметі туралы толық мәліметтің оперативті есебі, кіруді бақылауы және ұзақ уақыт сақтауы және оның аймақтық бөлімшелері;
• сыртқы кәсіпорындарға (орталық банк, салық инспекциясы, өндірушілер мен акционерлер және т.с.с) көрсету үшін бухгалтерлік және аналитикалық есептеме құру;
• біркелкі ақпараттық кеңістік технологиясын қолдау, сонымен қатар директивті, нормативті және анықтамалық ақпараттар;
• клиенттерге қызмет көрсету үшін технологиялық мүмкіндіктерді дамыту.
Қажеттілікті дамыған ақпараттық қолдауда банктік қызметті қамтамасыз етудегі автоматтандырылған жүйелер дамуының негізгі тенденциялары анықтайды.
Банктік қызметте комплексті автоматтандыруға қазіргі жүйелі ықпал мыналарды қарастыру керек:
1) келісілген концепциялар негізінде автоматтандырылған банктік жүйелердің даму мен бірге жүру, ену, жобалау принциптерін құру жүйелілігі;
2) белгіленген көшу тенденциялары:
-
ішкі және сыртқы ортадағы динамикалық өзгерістерге бейімделген қатты жабық жүйелерден ашық жүйелерге;
-
банктік жүйелерді құрудан автоматтандырылған банктік технологияларға қалыптастыру;
-
есепті автоматтандырудан банктік қызметті басқаруды автоматтандыруға;
-
функцияның тіркелген терімін автоматтандырудан банктік қызметтің дамып келе жатқан технологияларын (құжат айналым) автоматтандыруға;
3) бөлінген банктік ақпаратты өңдеу кезінде нақты уақыт режимін қолдау.
2. Банктік ақпараттық жүйелердің классификациясы және оларға қойылатын талап.
Қазіргі банктік жүйелерге талаптардың өсу қарқыны бірнеше факторлармен анықталады.
Автоматтандырылған банктік жүйелердің тарихи дамуы бірнеше кезеңдерден өтті.
Шешімдер кезеңдерінің әрбіреуінен ұсынылып отырған негізгі мінездемелер келесілерден тұрады:
-
автоматтандырудың бастапқы кезеңі банктік мамандардың автономды мамандандырылған орындарды пайдалануына негізделген; кезең іске асырудың қарапайымдылығын; тез ену мүмкіндігін, өндірушілер командасының аздығын, коммуникациядан практикалық тәуелсіздігін бейнелейді;
-
біркелкі операциялық күнге көшу – есептемеге негізделген біркелкі банктік бухгалтерияны құруға жолдың нақты қадамы; негізгі қадамдар есептің көпвалюталы ақпараттық жүйесі шеңберінде нығайған есептеме құру болып табылатын;
-
банк қызметінің және оның клиентінің анализі бойынша мүмкіндіктерін ұяғайтудағы қажеттілік банктік есептің автоматтандырылған жүйесін құруға әкелді; негізгі белгілері: көпфилиалды банктерде аналитикалық мүмкіндіктерін ұлғайтуға негізделу, сонымен қатар клиенттік база анализінің мүмкіндіктері;
-
қазіргі автоматтандырылған банктік жүйелердің дамуы есептеме анализінің қатынасына және банктік қызметті басқарудың көп функционалды жүйелеріне негізделген;
-
интегралданған автоматтандырылған банктік жүйелер дамуының тенденциясы ретінде банктік қызметті басқарудың біркелкі бөлінген комплексті адаптивті жүйелерін құруды көрсетуге болады.
Интегралданған автоматтандырылған банктік жүйеге қойылатын негізгі талаптар ретінде мыналарды бөліп қарауға болады:
-
интегралданған автоматтандырылған банктік жүйенің ашықтығы;
-
негізгі банктік принциптердің сәйкестігі:
-
регламентацияланған автоматтандырылған құжат айналым;
-
құжаттарды есептеу, бақылау және сақтау бүтіндігі;
-
мазмұнды және формальды есептің бүтіндігі;
-
аналитикалық және синтетикалық есептің бүтіндігі;
-
батыс нормативтеріне мультимвалюталығы және бапталуы;
-
қаржылық операциялар өңделуінің тұйық циклі;
-
біркелкі ақпараттық кеңістіктерді қамтамасыз ету;
-
нақты қосымшалар мен пайдалануына бапталу, сонымен қатар спецификацияның бапталуы;
-
банктік қызметтің басқарылуын қамтамасыз ету:
-
банктік қызметтің стратегиясын және тактілік дамуын басқару;
-
активтер және пассивтер портфелімен басқару;
-
ішкі және сыртқы (нарықтар мен қорлар) жағдайларын болжау;
-
филиалдар желісінің консолидациясы мен басқарылуы;
-
электронды құжат айналымын, құқықты және өкілеттікті билеу;
-
сенімділік, қорғаныс және қазіпсіздік;
-
пән және құжаттау, еріп жүру және модификациялаудың біркелкі регламенті.
Бір мәнді анықталу өздерінің мамандарымен банктің ерекшеліктерін бағалау және мамандандырылған өндірістерде жобалау дамыған технологиялардың бірегейлігі болып табылады.
Жүйеде ауқымды ақпараттық-аналитикалық мүмкіндіктерді пайдалануға ерекше назар аудару керек. Бұл өндірістік, ақпараттық және техникалық есептерді шешуге мүмкіндік береді, олар:
• сарапшылар және шешім қабылдайтын тұлғалар ақпаратқа оперативті ену;
• келесі анализ үшін қолайлы алуан түрлі форматтағы қажет ақпаратты беру.
Нәтижесінде:
• отандық және шет елдік клиенттер үшін қызмет көрсетудің кең спектрі беріледі;
• халықаралық қаржылық операцияларды тиімді жүзеге асыру;
• нақты аймақта қажет қызметтер спектрі есебінен бөлімшелер мен филиалдар жұмысының оптимизациясы
қамтамасыз етіледі.
Автоматтандыру мәселесінің жоғарыда көрсетілген аспектілері сұраққа нақтылы жауап бермейді. Нақты жоспардың және оны іске асырудың өз ерекшеліктері бар және қарастырылған жалпы принциптердің дәлдігін анықтайды. Қорыта келе, жоғарыда айтылғандар банктік ортамен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар әлдеқайда жалпы белгісі бар.
Дәріс №25, 26
Тақырып: Нарықтық қордың автоматтандырылған жүйесі
Дәріс сұрақтары:
-
Бағалы қағаздар нарығын ақпараттық қолдау.
-
Депозитарлы жүйе. Проблемалар және олардың шешу.
-
Сауда қорын автоматтандыру.
-
Инвестициалық процесті ақпараттық қолдау.
1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ
Бағалы қағаздар нарығы қандай да бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвенторлардың (кәсіпорындар мен жеке тұлғалар, эмиссия шартына тәуелді резиденттер мен резиденттер емес) әдістерін аккумуляциялау (аккумулировать). Бағалы қағаздар нарығын функционалдау Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңымен, Азаматтық кодекспен және басқа заңды актілермен, сонымен қатар бағалы қағаздар және нарықтық қор бойынша көптеген шарттармен жарияланған.
Қазақстанда бағалы қағаздардың (БҚ) келесі түрлері таралған: акциялар, облигациялар, вексельдер және сертификаттар. Сонымен қатар, соңғы кездері хабарды саралап тарату туынды бағалы қағаздар алды. Қазақстандық БҚ нарығының кейбір ерекшеліктері мемлекеттік меншіктің жүргізілген чектік жекешелендіруімен түсіндіріледі, яғни бәрінен бұрын заңдық және дәстүрдің жоқ болуы жеткіліксіз нормативті базамен түсіндіріледі. Сонымен бірге жобалар қатары БҚН технологиясының, сонымен қатар ақпараттық технологияның дамуы үшін жақсы негіз болады. Бағалы қағаздар қағаздық немесе қағаздық емес формада шығуы мүмкін екендігін ескеру қажет.
Байланыстардың көптігін, БҚН тармақтануын оның ақпараттық қолдауының ерекшеліктері анықтайды. БҚН субъектілерінің ішінен негізгілері ретінде бағалы қағаздар нарығының астыртын биржалық сауда өндірістері мен биржалар, реестробақылаушы, депозитарилерді атауға болады. Төменде айтылған субъектілерді автоманттандырудың кейбір ерекшеліктері қарастырылады.
Динамикалы ақпараттың БҚН үшін маңыздылығын және субъектілердің әрбіреуі үшін БҚ-дың бағасын кесу (котировка), оларға ақпараттық агенттіктер немен көмектесетінін атап өту керек. Көрсетілген ақпараттарды берудің дәстүрлі әдістердің бірнеше кемшіліктері бар, олардың негізгісі жеткіліксіз шапшаңдылық болып табылады. "Financial Times" түріндегі газеттерде басылымдар жеке инвесторға жеткілікті, бірақ қорлық нарық операторларын орналастыра алмай отыр. Ақпараттық агенттіктермен телеканалдар бойынша берілетін ақпараттар жеткіліксіз екені айқын, мысалы CNN. Ақпараттық технологияның жетістіктерін пайдаланумен ақпаратарды оперативті жеткізудің қазіргі әдістері көмекке келеді.
Нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін күшті ақпараттық жүйелер, операцияны жүргізуге шешім қабылдау уақытымен өлшенетін ақпараттардың бөгелуі – қазіргі дилер мен делдалдардың құралы. Бұл қатарда Reuter және Dow Jons Telerate халықаралық агенттіктер ерекшеленеді. Осы агенттіктермен жеткізілетін қаржылық ақпараттардың ішінен мыналарды атап өту керек:
-
әлемнің негізгі биржаларында қаржылық және өнеркәсіптік индекстер;
-
әлемнің негізгі биржаларында өтетін бағалы қағаздар бағасын бағалау;
-
мемлекеттік бағалы қағаздар мен валюталар бойынша қазақстандық қаржылық биржаларға айырбас туралы мәліметтер;
-
өтетін корпоративті бағалы қағаздар бойынша айырбас туралы мәліметтер ;
-
биржалық емес нарық туралы мәліметтер.
Содан басқа динамикалық өзгермелі агенттіктің фактографиялық ақпаратты, сонымен қатар статистикалық және аналитикалық ақпараттарды жеткізеді. Internet-те Web-сервер мүмкіндіктері кең пайдаланылады.
Көрсетілген ақпаратты пайдаланушылар қаржылық институттар (банктер, инвестициялық компаниялар, биржалар және т.б.), сонымен қатар өздерінің немесе өздері айналысатын актив портфельдерін басқаруды бақылайтын ірі инвесторлар болып табылады. Ақпараттық қаржылық қызметтер нарығы интенсивті дамып келеді.
Потенциалды инвесторлар (және потенциалды эмитенттер) сияқты бизнесмендер үшін ең үлкен қызығушылық депозитарлы есеп және банк саудасының өндірісі табылады, ерекше назарды осы мәселелерге аударамыз.
БӨЛІНГЕН ДЕПОЗИТАРЛЫ ЖҮЙЕ. МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР.
Депозитаридің негізгі белгісі акционерлердің бағалы қағаздарын сақтау және осылармен байланысқан операциялар жүргізу болып табылады. Акционерлер әр түрлі аймақтарда болғандықтан инвесторлардың кең айналымын өзіне қаратуға негізделген депозитарилер инвесторға жақындатылуы керек. Депозитаримен бөлінген желілерді құру мысалын қарастырайық.
Депозитарлы желі (ДЖ) Қазақстанның көптеген аймақтарында қызығушылығы бар ірі акционерлік қоғамдардың (АҚ) акционерлерімен жүмыс істеу үшін арналған деп есептейік. Потенциалды ДЖ Қазақстанда да, сонымен қатар шет елдерде де басқа бағалы қағаздармен жұмыс істеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Чектік аукциондар нәтижесінде акцияларға ие болған, АҚ қызметкерлері ішінен акцияларға жазылу кезінде акционерлерге ыңғайлылық қамтамасыз етуге арналған, сонымен қатар қайталанатын нарықтар мен мүмкін болатын қайталанатын эмиссияларда акцияларды жариялау нәтижесі бойынша акционерлерге жақындатылған мүмкіндігі бойынша депозитарлы желі құрылады. Депозитарлы желілерге негізгі талаптар:
-
негізгі аймақтар бойынша тең өлкелік бөлінген бірнеше миллион адамдар қатарында ақпараттық мәліметтермен жұмыс істеуді қолдау;
-
дауыс беру бойынша агенттер мен өздерінің аймақтарындағы төлем, депозитарий, реестроұстаушылар функциясы қатарында аймақтық депозитарилер құрудың бөлінген схемасын қолдау ;
-
қайталанатын қаржылық нарығындағы ДЖ шеңберін қамтамасыз ету;
-
әрекеттегі заңдармен қарастырылған мерзімде операцияларды жүргізу жылдамдығы;
-
қайталанатын эмиссиялармен бірге жүру мүмкіндігі;
-
реестроұстаушылар қызметімен дауыс беру бойынша агенттер қызметтерінің келісушілігі.
Сонымен қатар, жүйе біркелкі технологиялық негізде депозитариды ғана емес, депозитарлы желілер субъектілерінің іс-әрекеттігінің біркелкі құрылымы ортасындағы тіркеушілер барлық қызмет ету спектрін қамтамасыз ету керек (2.17-сурет).
Эмитенттің негізгі функциялары болып мыналар табылады:
-
эмиссия проспектісін дайындау (бірінші және екінші жариялау);
-
реестроұстаушылар, дауыр беру бойынша агенттер мен депозитарилермен келісім-шартты дайындау және келісу;
-
депозитарлы желі ортасындағы іс-әрекеттердің регламентімен келісу;
-
акционерлерді жиналыс күніне шақыруды анықтау;
-
АҚ жарлығымен сәйкес акционерлер жиналысын өткізу;
-
дивиденттерді төлеу шарттары бойынша алдын-ала ұсыныстарды анықтау;
-
тіркеушіге дейін акционерлердің жалпы жиналысындағы шешімдермен сәйкестендірілген дивиденттерді төлеу шарттарын жеткізу ;
-
төлем бойынша агенттер арқылы акционерлерге дивиденттерді төлеуге арналған әдістерді санап шығу;
-
нарықтағы қоғамның акцияларын басқару стратегиясын анықтау.
Эмитент реестроұстаушыдан есеп пен қоғамның бағалы қағаздар нарығының ахуалы туралы жедел ақпаратты алады. Операцияны санап шығу ақпараттық қолдауды қажет етеді.
Телекоммуникация әдістері ретінде қол жетерлік телефондық линиялар, сонымен қатар байланыстың технологиялық және сауда-саттық әдістерімен қоса аймақтарға жетімді арнайы байланыс әдістері пайдаланылады. Байланыстың максималды біртектес әдістері мен экономикалық мақсатқа лайықтылығын талап ету ұсынылып отыр.
ДЖ-ні құру кезінде мүмкін болатын альтернативті архитектуралық шешімдер анализі көрсеткендей, көп қызығушылықты келесілер көрсетеді:
орталықта (орталықтандырылған вариант) транзакцияны қамтамасыз етумен есепті-депозитарлы орталығындағы (ЕДО) орталықтандырылған депозитарлы мәліметтер базасы;
ЕДО арқылы («жұлдыз» варианты) аймақ аралық транзакция өткізумен аймақтық депозитаридегі бөлінген депозитарлы мәліметтер базасы;
аймақтық депозитарий (бөлінген) арасында ақпаратпен тікелей алмасудағы бөлінген депозитарлы мәліметтер базасы.
Жоғарыдағы варианттарды қамтамасыз етуге салыстырмалы талаптар 4-кестеде көрсетілген:
Вариант | Режим | Қамтамасыз етуге салыстырмалы талаптар |
телекоммуникациялыққа
|
программалыққа
|
техникалыққа
|
өндірістікке
|
ақпараттыққа
|
Синхронизация
|
Орталықтанды-рылған
|
On-line
| Жоғарғы | Жоғарғы |
Аса жоғарғы
|
Орташа
| Жоғарғы | Жоғарғы |
"жұлдыз"
|
Off-line
|
Орташа
|
Орташа
|
Орташа
|
Аса жоғарғы
|
Аса жоғарғы
|
Орташа
|
Бөлінген
|
Off-line
|
Аса жоғарғы
|
Орташа
|
Орташа
| Жоғарғы |
Орташа
|
Төменгі
|
Достарыңызбен бөлісу: