«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін


Инфрақұрылым-бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән мағынасы нарықтық дамуымен және қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді



бет5/7
Дата11.06.2016
өлшемі463 Kb.
#128290
1   2   3   4   5   6   7

Инфрақұрылым-бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән мағынасы нарықтық дамуымен және қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.

Нарықтық инфрақұрылымның элементіне –тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы делдалдық және маркетинг қызметтері, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б жатады.



4- дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

  1. Нарықтық шаруашылықтың пайда болуы?

  2. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері қандай?

  3. Нарықтық шаруашылық қандай мәселелерді шешеді?

  4. Нарықтың атқаратын қызметтері қандай ?

  5. Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін ата.



5-ДӘРІС. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Дәріс мазмұны

  1. Сұраныс және ұсыныс : заңы, факторлары

  2. Сұраныс және ұсыныс икемділігі

  3. Нарықтық тепе-теңдік.

Нарықтық механизм - сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдер үшін өндіру керек?».

Сұраныс мен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері.

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.Олардың бірнеше баламалы түрін былай көрсетеді.

Сұраныс көлемі- сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы,әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардын санын көрсетеді.

Сұраныс қисығы- зертеліп отырған тауардын сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді.Егер баға 500-ден 600 тенгеге дейін жоғарласа,опда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді.Бағныңтөмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді.Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап,сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керсінші.Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен: баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, нарық көлемі,жинақталған мүлікпен сатып алушылар және басқалармен қалыптасады. Сұраныс мөлшері мынадай формуламен анықталады:



мұндағы:-қолдағы тауар көлеміне сұраным;

Б - қолдағы және жолдағы тауарлар бағасы;

Ат- тұрғындардың ақшалай табысы;

Тт- тұтынушының талғамы және талғауы;

Жм- жинақталған мүлік;

Ғ- сұранымды қалыптастыратын факторларға қатысты сұраным тәуелділігінің қызметі.

Сұраныстың жай-күйіне көптеген: экономикалық сипаттағы, ұлттық, аймақтық сипаттағы, мінез-құлықтық, демографияық, кәсіпқойлық, діни-психологиялық сипаттағы факторлар әсер етеді.



Ұсыныс деп тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз.Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді:тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.

Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы байланысты кестелік әдіспен бейнелуге болады. Ұсыныс көлемі дегеніміз ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың әр бағаға сәйкес келктін тауардың саны.



Ұсыныс қисығы белгілі бір уақыттағы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланысты көрсетіп тұр.Шұжықтың 1 кг-ң бағасы 300теңге болғанда, оны ұсыну көлемі 2 тонна болады, ал баға 600 теңгеге дейін жоғарлағанда ұсыныс көлемі 5 тоннаға дейін жоғарылады. Бағаның жоғарылау ұсыныс көлемін көбейтеді.


Шұжықтың ұсыну көлемі.

1 кг-ң бағасы (теңгемен) Ұсыныс көлемі (1 айға,тонна)

900

8

800

7

700

6

600

5

500

4

400

3

300

2

100

1

Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы тура пропорционалды қатынасты көрсетеді. Енді осы айтылған байланысты функция түрінде бейнелесек, онда төмендегідей формуламен жазуға болады: Qs=f(p)

Qs- ұсыныс көлемі,(m,кг),

Р- тауардың бағасы,тенге.

Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға осы тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине,бағадан басқа ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің (жұмыс күшінің) бағасы, тауарды өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы, қолданылатын технология түрі, дотация мен салық, тура сондай ресурстардың көмегімен өндірілетін ұқсас тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.

Тауар өндірісінің технологиясы сатушылардың нарыққа шығуына әсер етеді.Технологиядан жеткен жетістіктер тауардың белгілі бір санын өндіру үшін қажетті еңбекті және басқа да ресурстарды төмендетеді. Егер өнімнің белгілі көлемін өндірудегі ресурстар мөлшері азайса, онда шығындар да төмендеп, бұл тауар өндірісінің тиімділігін жоғарылатады.

Тұтыну іс-әрекетінің теориясы.

Сұраныстың негізін адамның тұтыну қабілеттілігі құрайды. Алдымен бұл қалыпты өмір сүру жағдайымен қызмет етуді қолдау қажеттілігі. Тұтынушының іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбауында, материалдық игіліктер(тауар) мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.

Тауар пайдалылығы – адамдардың қандай да болмасын тұтынысын қанағаттандыру қабілеттілігі.

Сондықтан тұтынушының болатын сипатына, әдетіне, талғамына көңіл-күйі мен хал-жағдайына байланысты. Тауар пайдалылығы – жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.



Жалпы пайдалылық – адамдардың белгілі тауар мен қызмет жасау жиынтық бірлігін тұтынуға қанағаттануы. Шекті пайдалылық – қосымша пайдалылық, себебі тұтынушы тауар мен қызмет жасауға бір қосымша бірліктен алып тұрады. «Шекті пайдалылық» термині алғашқы рет 1883 жылы австрия экономисі Ф.Визер (1851-1926жж.) ендірді.XIX-шы ғасыр мен XX-шы ғасырдың басында ірі экономистер:Г.Госсен, К.Менгер,У.Джевонс,Л.Вальрас, Р.Аллен, Дж.Хикс шекті пайдалылық теориясын жасады.

Қоғамдық пайдалылық тұтыну көлемінің өсуіне байланысты өсу тенденциясына ие болса, шекті пайдалылық және онымен қоса жалпы сұраныс төмендеу қасиетіне ие. Бұл заңдылық «шекті пайдалылық кему заңы» деп аталады.



Нарықтағы тепе-теңдік

Әрбір экономикалық модельдегң тепе-теңдік сол модельді түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уақытта болады.

Сұраныс мен ұсыныс қисық сызығының қиылысу нүктесін нарықтық тепе-теңдік деп атайды.Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы экономикадағы диспропорцияның туына алып келеді. Өндііс пен қоғамдық тұтынудағы қозғалыстың баланстанбауын тудырып, әртүрлі жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға заңды түрде алып барады. Нарық бәсекелестігінде тепе-теңдік Е нүктесінде болады.

Егер Ро-ге тең болғанда ғана сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болады (Qd=Qs). S және D қисықтарының қиылысу нүктелері тепе-теңдік жағдайы деп аталып,Ðo-теңдестеік бағасын,ал Qo-сұраныс пен ұсыныс бір-біріне тең болатын теңдестік көлемін көрсетеді.

Егер нарықта тауардың бағасы P1 деп белгіленсе (P1
Q¾). Бұндай жағдайда нарықта жетіспеушілік болады.

Ал егер баға тепе-теңдік деңгейінен жоғары болса (P2>Pî), онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болады да (Qd>Qs),нарықтық ұсыныс артықшылығы орын алады.Осы айтылғандар төмендегі 3-кестеде көрсетілген.


3-кесте

Нарықтық жағдай

Сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланыс

Нарықтық баға

тепе – теңдік

Qd=Q¾

тепе – теңдік

Тапшылық

Qd>Q¾

төмендейді

Артықшылық

Qd

жоғарылайды

Сұраныс немесе ұсыныс өзгеру нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Нарықтағы тепе-теңдік Е нүктесінде болған. Сұраныс көбейгеннен кейін (D→D2) тепе-теңдік Е2 нүктесіне дейін жылжиды. Ал сұраныс азаюы (D→D1) тепе-теңдік нүктесін Е1 дейін өзгертті.

Нарықтағы алғашқы тепе-теңдік Е нүктесінде орналасқан. Ұсыныс жоғарлауына (S→S1) байланысты нарықтағы теңдестік жағдайы Е1 нүктесіне жылжиды.

Ұсыныс азайған уақытты (S (→)S2) нарықтағы тепе-теңдік Е2 нүктесінде болады.

Егер сұраныс пен ұсыныс бір мезгілде өзгеретін болса онда нақтағы тепе-теңдік Е0 нүтесінен Е1 нүктесіне ауысады. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру қатынастарына байланысты теңдестік нүктесіне де әр түрлі болады: нарықтық баға жоғарылайды, Ал сату көлемі көбейеді немесе азаяды, тіпті өзгермеуі де мүмкін.

Экономикалық теорияда мойындалған нәрсенің бірі – тепе-теңдіктің нарықтық бағасы мәселесін тереңірек түрде ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924жж.), австриялық Ейген Бем-Баверк (1851-1914 жж), Карл Маркс (1818-1883 жж) және швейцарлық Леон Вальрас (1834-1910 жж) еңбектерінде қарастырылған

Икемділік ұғымы.

Нарықтық жағдайларды зерттеген уақытта, сұранысты не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффицентін пайдаланады. Бағаның әсер етуі арқылы сұранымның сандық өзгеру қасиеті оның икемділігі деп аталады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалы коэффиценті. Сондықтан сұраныстың икемділік коэффиценті зерттелгелі отырған сұраныс функциясын факторы бір пайызға өзгерсе онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.

Сұраным икемділігі бағаның әсерінен өнімге деген жиынтық сұранымының сандық өзгеру дәрежесімен анықталады. Оның үш варианты бар:

Біріншісі-бағаның кез-келген өнімге белгілі пайызының төмендеуі ол өнімге сұранымның ұлғаюын (%-түрінде) туғызады және жалпы ақшалай түсімді өсіреді. Бұл сұраным икемді деп аталады.

Екіншісі-бағаның пайыздық (%) мөлшерінің азаюы сұраныстың сондай көп ұлғаюына алып келеді, бірақ жалпы ақшалай түсім өзгеріссіз қалады. Бұл-біркелкі икемді сұраныс.

Үшіншісі - бағаның пайыздық төмендеуінен сұраныстың пайыздық ұлғаюы кем. Бұл икемсіз сұраныс. Сұраныстың икемділік коэффициенті былай белгіленеді - «Е». Егер «Е» көрсеткіші 1-ден көп болса (Е>1), онда сұраныс икемді, ал егер аз болса (E<1), сұраныс икемсіз болады. Икемділік коэффициенті былай анықталады:



мұндағы: - сұраным икемділігінің коэффициенті;

%- сұраным көлемінің өсу пайызы (%);

%Р - бағаның төмендеу пайызы(%).

Ұсыныс көлемінің өзгеру дәрежесінің нарықтық бағаның ұлғаюын сипаттауы ұсыныс икемділігі болып табылады. Ұсыныс икемділігінің коэффициенті:

мұндағы: -ұсыныс икемділігінің коэффициенті;

%Q- ұсыныс көлемінің өсу пайызы (%);

%P- баға ұлғаюының пайызы (%).



5 - дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

1. Сұраныс заңы дегеніміз не?

2. Сұраныс қисығықандай факторлардың әсерімен өзгереді?

3. Ұсыныс көлемін не қалыптастырады?

4. Икемділік ұғымы.

6-ДӘРІС. КАПИТАЛ ТЕОРИЯСЫ.
Дәріс мазмұны
1. Өзiндiк капитал теориясының айналымы негiзгi және айналмалы капитал.

2. Фирма нарықтық экономиканың субьектiсi ретiнде.

3. Негiзгi капиталдың тозуы және оның түрлерi. Инвестиция және оның түрлерi
Өндіріс нәтижесі өнім болып табылады. Ол екі бейнеде болады: натуралды және ақшалай. өнімді жасау уақытынан бастап оны тұтыну кезеңіне дейінгі аралықты қарастыратын болсақ, өнімнің экономикалық айналымын аламыз. Өндірістің қозғалуының алғашқы шарты ақшалай капитал деп алатын болсақ, онда ақша капиталының қозғалу формасы келесідей болады: А-Т-Ө-Т11.

Өндіріс факторларының экономикалық айналымы өндіріс факторларын сатып алуға ақша қаражаттарын жүмсаудан басталады. Сатып алынған факторлар біріктіріліп, өндірістік капиталды тұтыну кезеңі басталады.

Өндіріс құралдары құндық бейнеде өндірістік қорлар деп аталады. Өндірістік қорлар негізгі өндірістік қорлар және айнымалы қорлар деп бөледі.

Әрқилы меншік формасындағы және түрлі салада қызмет ететін кәсіпорынның айналымнан тыс активтерді негізгі капиталды құрайды, оның құрамына: материалдық емес активтер, негізгі құралдар және ұзақмерзімді міндеттемелер кіреді.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану жағдайын және пайдалану тиімділігін талдаудың негізгі міндеттері:

- кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау –қажеттілік қорының мөлшері, құрамы және техникалық деңгейі

- олардың өсу жоспарының, жағаруы мен шығуының жоспарының орындалуын анықтау

- негізгі құралдардың техникалық жағдайын зерттеу

- негізгі құралдарды пайдалану дәрежесін және оған әсер етеін факторларды анықтау

- уақытта және қуаттылығы бойынша құрал-жабдықтарды пайдаланутиімділігіне ықпал жасау

- қор қайтарымның өсу резервтерін анықтау, негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту есебінен өнім көлемін ұлғайту.

Негізгі өндірістік құралдардың қозғалысын және техникалық жаңдайын зерттеуді талдауда маңызды орынды келесі көрсеткіштердің есебі қолданылады:

1) жаңару коэффициенті

К жағ = жаңа түскен НӨҚ құны / жыл ағяына НӨҚ құны

2) шығу коэффициенті

Кшығ = шыққан НӨҚ құны / жыл басына НӨҚ құны

3) тозу коэффициенті

Ктозу = НӨҚ тозу сомасы / тиісті мерзімге НӨҚ алғашқы құны

4) өсім коэффиценті

Көсім = НӨҚ өсім құны / жыл басына НӨҚ құны

5) жарамдылық коэффициенті

Кшығ = НӨҚ қалдық құны / НӨҚ алғашқы құны

Талдаудың келесі кезеңі – кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамсыздандырылуын зерттеу. Машиналардың жеке түрлерімен,арнайы механизмдерімен қамсыздандырылу олардың нақты қолда барын өнім шығару үшін жоспарды орындау үшін қажетті жоспарлы қажеттілігімен салыстыру жүргізіледі. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамсыздандыру деңгейін сипаттайтын жалпылауыш көрсеткіштер еңбектің қормен жабдықталуы және техникалық жабдықталуы болып табылады. Еңбектің жалпы қормен жарақталу көрсеткіші негізгі өнеркісіпті-өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының ең үлкен сменадағы жұмысшылардың орта тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады.

Еңбектің техникалық жабықталу дәрежесі өндірістік құрал-жабдықтарың құнының ең үлкен сменадағы жұмысшылардың орта тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады. Оның өсу қарқындылығы еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығымен салыстырылады. Еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығы еңбектің техникалық жабдықталуының өсу қарқындылығынан асуы керек.

Талдау процессінде аталған көрсеткіштердің динамикасы. Олардің деңгейі бойынша жоспардың орындалуы зерттеледі, шарауашылық аралық салыстырулар жүргізіледі. Осыдан кейін олардың мөлшеріңің өзгеру факторлары зерттеледі.

НӨҚ-дың құрылымы мен динамикасын талдау барысында кәсіпорынның негізгі құралдарға капитал салымының өлшемін бағалау қажет, ол арқылы өндірістік қызметтің функционалды ерекшеліктерін анықтауға болады.

Негізгі қорлады пайдалану тиімділін және интенсивтілігін сипаттау үшін келесідей жалпылауш көрсеткіштер есептеледі:

Кор рентабельділігі – пайданың негізгі құралдардың орташа жылдық құнына қатынасы

Қор қайтарылымы - өндіріген өнім құнының негізгі құралдардың орташа жылдық құнына қатынасы

Қор сыйымдылығы – есепті негізгі құралдардың орташа жылдық құнының өндіріген өнім құнына қатынасы.

Өндірістік қорлардың келесі түрі – айналым қорлары. Айналымдағы қорлар материалды – бағалы заттардың жиынтығын көрсетеді, бір ғана өндірістік циклде еңбек бөлшегінің табиғи түрдегі құрылымын көрсетеді.

Айналымдағы қорлардың айналу жылдамдығы деп қорлардың айналымдағы қорлардың сатып алынған сәтінен бастап сатып болғанға дейінгі толық бір айналым жасалғанын айтады. Айналымдағы қорлардың сомасы баланста көрсетілген. Айналымдағы қорлардың бір айналымдағы ұзақтығы:

L = е * t / n,

Мұндағы: е - айналымдағы капитал;

t – уақыт кезеңі;

n – тауар өнімінің көлемі;

Бір күндік айналымдылықты табу, бізге айналымдағы қорлардың қанша уақытта бұл кәсіпорындағы айналымдағы қорлардың толықтай айналып шығатынын көрсетеді.

Айналым уақытының бір кезеңдегі айналып шығуының азаюуы айналымдағы қорлардың тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Жоғары айналым кезінде шикізат пен материалдар төлемдерінің төленбей қалу қаупі өседі. айналымдағы қорларды әрқашан үнемдеп ұстау және тиімді қолдана білу өнімнің өзіндік құнының немесе кәсіпорынның рентабельділігіне жақсы әсер еткен болар еді, бұл әдіс осы кәсіпорынға қазіргі уақытта керек факторлардың бірі. Айналымдар саны, ол өз кезегінде айналымдағы қорлардың бір жылдың ішіндегі айналымын көрсетеді:


КО = n / е

Сонымен қатар айналымдағы қорларға талдау жасау айналымдағы қорлардың қайтарымдылық көрсеткіші де қолданылады:

КОТ = р / е,

Мұндағы; р – пайда.

Кәсіпорында айналым капиталының айналымдылығын жылдамдату үшін өндірістік цикл ұзақтығын қысқарту, оның үздіксіздігін жоғарлату, кәсіпорын қызметінің ритмділігін қадағалау, шикізаттарды кешенді пайдалану, өндірістік ақауларды болдырмау, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру болып табылады.

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 ж) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер- алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 ж ) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам » .

«Кәсіпкерлік» терминің алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 ж) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірістік ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Экономикалық әдибиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес-табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.

Кәсіпкерлік- новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер-ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғалымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар.

Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның эконоимкалық қызметі.

Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «шаруашылық серіктесі жайлы» және «мемлекеттік кәсіпорын түралы» жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:


  • жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

  • толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

  • жауапкершілігі шектелген, салынған салым, құны шеңберінің жауакершілігі жүктеледі;

  • коммандитті –аралас жауапкершілік;

  • қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойына алынады;

  • өндіріс және тұтыну кооперативтері;

  • консорциумдар;

  • акционерлік қоғамдар.

Кәсіпорын кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізгі болып тбылады.

Кәсіпкерлік қызметті құру- өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтық өмір деңгейін көтеруге ҚР-ның одан әрі әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін қажетті. әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:



  • масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;

  • кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.

Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары- жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау " Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.

Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция - ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б. Ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады. Венчурлық капитал - үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады.Венчурлық капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.

Тікелей инвестициялау - шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.

Портфельдік инвестициялар - портфельді қалыптастыруға байланысты және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі.

Аннуитеттік - тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.



6- дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

  1. Өндірістік капитал дегеніміз не?

  2. Өндірістік қорларға не жатады?

  3. Негізгі өндірістік қорлардың құрамы қандай?

  4. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық –құқықтық формалары қандай?

  5. Инвестициялардың түрлерін атаңыз.



7- ДӘРІС. ФИРМАНЫҢ КІРІСТЕРІ ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАРЫ
Дәріс мазмұны

1.Өндiрiс шығындары және оның түрлерi

2.Пайда мәнi, жиынтық және таза пайда

3.Еңбек өндiрiс факторы ретiнде ,жалақы және оның түрлерi

4.Рента түсiнiгi,жер рентасы оның түрлерi
Жалпы өндіріс шығындары, бұл – өндiрушiнiң белгiлi бiр өнiм көлемiн өндiрудi қамтамасыз етуге жұмсалған жиынтық шығын.

Оларға тауарларды не қызметтi жасауға қажеттi шикізаттар, тұтынушыға жеткiзу, оны тұтынуға жарамды түрге келтiруге жұмсалатын шығындар жатады. Шығын ұғымы микроэкономикада жеке кәсiпорындарға не фирмаларға қатысты қолданылады. Бұл микроэкономиканың көп қырлы және мазмұнды категориясы болып табылады.

Ресурстарға барлық қажеттiлiктердi толық өтеу мүмкiндiгінiң жоқ екенi белгiлi. Осы жағдайға байланысты белгiлi бiр өнiм өндiру жөнiнде шешiм қабылдау осы ресурстар қолданылатын басқа өнiм өндiрісінен бас тартуды бiлдiредi. Осылайша барлық шығындар альтернативті шығындар болып табылады. Альтернативтi шығындар табысты барынша жоғарлатуға кедергi болып табылады.

Альтернативтi шығындарға инвесторларға, жұмысшыларға және табиғи ресурстар иелерiне төленетiн төлемдер жатады. Бұл төлемдер өндiрiс факторларын тарту мақсатында жүзеге асырылады.

Бұл шығындарды әртүрлi әдiстермен топтастыруға болады: айқынды және айқынсыз. Айқын шығындар бұл өндiрiс факторлармен аралық бұйымдарды жеткiзушiлерге ақшалай көрiнiстегi альтернативтi шығындар. Айқын шығындарға жұмысшыларға төленетiн жалақы, сауда фирмаларына жарналық төлемдер, қаржылық қызмет көрсететiн банктер мен басқа да фирмаларға төленетiн төлемдер, заң кеңестеріне төленетiн сыйақылар жатады.

Сонымен қатар айқындалмаған шығындар да орын алады. Оларға фирманың иесiнiң меншiк ресурстарын қолданудың альтернативтi шығындар жатады. Бұл шығындарға айқын төлемдер келісім-шартта көрсетiлмеген. Мысал келтiретiн болсақ, бір фирма өз меншiк ғимаратын пайдаланады, ол үшiн ешкiмге төлем, арендалық төлемдер төлемейдi. Алайда бұл ғимаратты арендаға беруден алынатын төлемдерден бас тартады. Бұлайша шығындарды бөлу шығындар жіктелуінің бiр тармағы ғана.

Шығындарды жіктеу әдiсiнiң ең маңыздысы өндiрiстiк шешiм қабылдаудың ұзақтылық мерзiмiне байланысты.

Соған байланысты шығындар тұрақты және өзгермелi болып бөлiнедi.



Тұрақты шығындар (FC-fixed costs) өндiрiс көлемiнiң қысқаруы мен артуына байланысты қысқа мерзiмде өзгермейтiн шығындар. Оларға ғимарат, өндiрiс жабдықтары, аренда және әкiмшiлiк шығындар жатады.

Өзгермелi шығын (VC- variable cost) өндiрiс көлемiнiң қысқаруы мен артуына байланысты шамасы өзгеретiн шығын. Оларға шикiзат, электр энергиясы, қосымша материалдар, жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалатын шығындар жатады. Бұл шығындар шығаратын өнiм көлеміне сәйкес пропорционалды өседi не қысқарады.

Тұрақты және өзгермелi шығындарды бөлу нарық құрылымы жағдайында өндiрiс процесiн және фирманың тәртібін талдауға қажеттi.




С(мың тг.) ТС
VC

FC

100




0

Q(бірлік)

1 2 3 4 5 6





Сурет. 4.5. Жалпы, тұрақты және өзгермелі шығындар қисығы.

Жалпы шығындар (ТС – total costs ) өндірістің берілген көлемі кезіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы.

Басқару шешімдерін қабылдау үшін өндірушілер тек шығындардың жалпы сомасын ғана емес , сонымен қатар өнімнің бір бірлігіне жұмсалған шығындарды, яғни орташа шығындарды да білуі қажет. Бұл көрсеткіш оны өнім бірлігіне бекітілетін бағамен салыстыру үшін керек. Орташа шығындар орташа өзгермелі және орташа тұрақты болып бөлінеді.

Орташа шығындар (АСaverage costs) өнімнің бір бірлігіне кеткен шығын. Оны есептеу үшін жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлеміз.

AC = TC / Q

Орташа тұрақты шығындар (AFC) тұрақты шығындардың өнім көлеміне қатынасы. AFC = FC / Q,

Орташа өзгермелі шығындар (AVC) өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы табылады.

AVC == =VC /Q

Шекті шығындар (MC –marginal costs) қосымша бір өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығын. МС = ТС / Q
Ұзақ мерзiмдегi орта, шектi шығындарды қарастырмас бұрын ұзақ мерзiм ұғымын анықтап алайық. Ұзақ мерзiм – бұл барлық фактор өзгеріссiз қалатын уақыт аралығы.

Әрбір дәуірдің есті өкілдерін пайда теориясы толғандырды және әр дәуір оны өзінше анықтады, сөйтіп осы теорияға өз көзқарастарын біліп толықтандырды. Пайданың қайнар көзін түсіндіру талпынысының алғашқылары болып ХV – XVII ғасырларда мерканталистер жасаған. Олардың пайымдауынша, пайда сыртқы саудада туындаған. Тауарды шет елде жоғарғы бағамен сату арқылы, адамдар пайда табады.

Пайда теориясына экономикалық классиктері А. Смит пен Д. Рикардо сүбелі үлес қосты. Пайданың қайнар көзін олар өндірістен таба білді. А. Смит өзінің басты еңбегі «Табиғатты зерттеу және халықтар байлығының себептері» (1776ж) деген еңбегінде былай деген: «жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке бөлінеді – біреуі олардың жалақысын төлеуге, екіншісі – кәсіпкердің пайдасын төлеуге кетеді.».

А. Смиттің пайданы – бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау идеясы, өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу «ұстамдылық», «күтушілік», «тәуекелділік» теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні – пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.

Батыс экономистері жасаған кәзіргі пайда тұжырымдамасы бұл ұғымды әртүрлі көзқараста баяндаған. Ол өндіріс факторларын (жер, енбек, капитал, кәсіпкерлік, қызмет пен ақпаратты айтамыз) қолданған табыс ретінде қарастырылады.



Американ ғалым – экономисті Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты атап көрсетті:

  1. пайда өндіріс факторынан алынған шартсыз табыс ретінде және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;

  2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық жетілдіруді ендіру;

  3. пайда тұрақсыздық жай – күйді тудырушы ретінде және тәуекелділік үшін төлем;

  4. пайда монополды табыс ретінде.

Осындай көзқарас американ жоғарғы оқу орны студенттерінің Экономикс оқулығының авторлары Кэмпбелл Р. Макконнелл мен Стенли Л. Брюде қалыптасқан. Экономический образ мышления оқулығының авторы П. Хейне былай дейді: пайданың дұрыс анықтамасы жоқ, себебі бұл көп қырлы ұғым және оның мазмұнын екшеп сорттау қажет, егер біз экономикалық жүйе қызметінің механизмін түсінгіміз келсе.

Осы әр түрлі қысқаша шолу пайданың қайнар көзіне көп түрлі көзқарастың барлығын көрсетеді. Таза сандық, көзқарас тұрғысынан пайданы қолға түскен шағын табыс пен жалпы шығындардың арасындағы айырма ретінде анықтаған абзал.

Кез – келген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда табу. Алайда нарыққа өз тауарымен шыға отырып, ол алдымен белгілі ақшалай қолға түсетін шағын түсімді алуды жоспарлайды. Тауар өндірушінің қолға алатын түсімін талдай отырып, табыстың үш түрін бөлектеуге болады: жиынтық, орташа және шекті:



А) жиынтық табыс (ТR) – белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын ақшалай сома. Жиынтық (жалпы) табыс тауар санын (а) оның бағасына (р) көбейткенге тең:

TR=Q x P

Ә) орташа табыс (АR) – салынатын бір тауар бірлігінен алынатын табыс:
AR= TR/Q;

Б) шекті табыс (MR) – бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алынатын, қосымша табыс. Шекті табыс жиынтық табыстың n бірлігі тауары мен жиынтық табыстың n=1 бірлігі тауарының арасындағы айырма тең:
MR=ATR/AQ немесе TRn – TRn-1



Сурет 8-4. Таза бәсеке жағдайындағы жиынтық, орташа және шекті табыстар.
Тауар өндіруші өндіріс көлемі мынадай болғанда максимум пайдаға қол женткізеді, қай кезде шекті шығынға тен болған жағдайда: МС=MR.

Өндіріс факторлары бірін – бірі өзара толықтырып отырады. Бұл кезде өндіріс көлемін қысқартпайды және факторлардың өзара алмасуы мүмкін. Ең қарапайым өндірістік функция болып табылады, соның көмегімен тек қана екі өндіріс факторы – еңбек (L) пен капиталды (Л)өзара байланысы ашылады. Бір өндіріс факторының (L) өзгеруіне қарай және басқа фактордың (К) өзгермеуімен шығарылу өзгеріле бастайды.

Максималды пайдалылықтың тепе – теңдігін талдау мен анықтау үшін жаңа экономикалық ұғымдарды енгіземіз: жиынтық өнім, өрташа өнім және шекті өнім.

Жиынтық (жалпы) өнім (ТР) – бұл өнімнің жалпы саны, осы фактордың сандық анықталуы кезінде және басқа да өзгермейтін өндіріс факторында өндіріледі.

Орташа өнім (АР) – бұл жиынтық өнім өзгермелі факторының (L) қолданбағанды ғана қатынасы;
АР = TR / L

Шекті өнім (МР) – бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне ұлғайған кезде алынады:
MP = ▲TR / ▲L немесе МР = TRn – TR n-;
Белгілі уақыт кезінде өнімнің шығарудың шартты берілуін кесте 8-2 түрінде көрсетеміз.

Шекті өнім еңбегінің қалай өзгеретіндігін байқастық. Белгілі мәнділікке дейін ол өсе түседі; онан соң төмендей бастайды. Бұнда шекті еңбек өнімділігі төмендеуінің іс - әрекеті байқалады. Оның мән мағынасы мынада: егер бір фактор ұлғайса, ал басқа факторлар өзгеріссіз қалады, онда өндіріс факторының қосымша өнімі кеми бастайды.


Кесте 8-2

Капитал бірлігінің саны (К)

Еңбек бірлігінің саны (L)

Жиынтық (жалпы) өнім (ТР)

Шекті өнім (МР) ▲ТР/▲L

Орташа өнім (АР) ТР / L

1

2

3

4

5

100

100


100

100


100

100


100

100


25

50

75



100

125


150

175


200

90

350


550

625


720

760


790


3,6

10,4


8,0

3,0


2,0

1,8


1,6

1,2


3,6

7,0


7,3

6,25


5,7

5,0


4,5

9,95

Барлық көрсеткіштердің динамикасын графикте көрсетеміз ол үшін жиынтық, орташа және шекті өнім еңбегінің қисығын тұрғызамыз.



Сурет 8 – 5 Жалпы (жиынтық), орташа және шекті өнім еңбегінің қисығы.
К. Маркстың пайымдауынша, пайда – бұл қосымша құн. Оны өндіріс аясында жалдамалы жұмыс күші жасайды және тауар айналымы саласында өткеріледі.

Егер пайданы «Р» арқылы, ал өндіріс шығынын (С+V) «К» арқылы белгілесек, онда W = c+v+m формуласы мына түрді иеленеді W=K+P. Тауар құны енді шығындар плюс пайда қосындысы ретінде бейнеленеді. Айтпақшы шығындар плюс пайда термині Батыс елдерінің Экономикс және Маркетинг негіздері оқулықтарында кеңінен қолданылады.

Тауар құны К+Р формуласында ендігі жерде еңбекпен көрінетін байланысты байқатпайды. Мұның екі бөлшегі де өзгертілген түрде көрсетіледі: өндіріс шығындары мен пайдасы – енбектің емес, авансталған капитал шығынының нәтижесі ретінде болмақ.

Пайданың абсолюттік мөлшері немесе оның массасы, капиталды қолданудың табыстылық деңгейін көрсетпейді . Табыстылық деңгейі тең қана пайда нормасында байқалады. Пайда барлық авансталған капиталдың туындысы ретінде байқалғандықтан, оның нормасы қосымша құнның барлық авансталған капиталға қатынасымен анықталады. Пайда нормасы төмендегідей формула түрінде болады:


P’ = m / c+v * 100 немесе Р’ = m / 12 *100

Пайда нормасы пайдалылық, табыстылық, өндіріс рентабелділігі дәрежесін көрсетеді.

Қазіргі экономикалық ғылымда жалақы деп жалдамалы жұмысшы еңбегін қолданғаны үшін төленетін баға түсіндіріледі. Еңбек шығындарын бағалау әдісіне байланысты мерзімді (сағаттық, күндік, айлық), кесімді жалақы түрлерін ажыратады.

Номиналды және нақты жалақыны да ажыратады. Номиналды жалақы – жалдамалы жұмысшымен алынған ақша сомасы , нақты жалақы – осы ақша сомасына сатып алу қабілеттілігін ескере отырып алуға болатын тауар және қызмет көрсетулердің жиынтығы.

Дамыған елдердің тұрғындарының басым көпшілігі үшін жалақы тіршілік етудің негізгі көзі болып табылады, ол ұлттық табыстың 2/3 – бөлігін құрайды.

Жалақы деңгейіне ықпал ететін басты фактор болып еңбек өнімділігі көрсеткішімен өлшенетін еңбек ресурстарын тиімді пайдалану табылады. Өз кезегіне еңбек өнімділігіне басқа өндіріс ресурстарын тиімді пайдалану – капитал сыйымдылығы , материал сыйымдылығы ықпал етеді.



W DL SL

W0_


0 Q0 Q




Сурет 6.4. Еңбек нарығында жалақыны анықтау.
Еңбек нарығына жетілген бәсекемен қатар жетілмеген бәсеке де тән. Оның бір түрі монопсония. Мұндай жағдай көбіне қала экономикасы тұрғындардың көпшілігін жұмыспен қамтитын бір ірі фирмаға тәуелді болатын шағын қалаларда кездеседі. Осы кезде фирма жергілікті еңбек нарығындағы басты сатып алушы ретінде болғандықтан жалақы деңгейіне ықпал ету мүмкіндігіне ие. Бұл жалданатын жұмысшылар санын қысқарту жолымен жүреді. Жұмысшылар арасында бәсекенің күшеюі нәтижесінде олардың жалақысы тепе-теңдік деңгейден төмендейді.

Жер рентасы – жер учаскiсiн уақытша қолданғанға (пайдаланғанға) төленетiн төлем. Осы төлем қосымша құнның арендатор капиталының орташа пайдасынан артық болу есебiнен пайда болады.

Дифференциалды рентаның екi түрi бар:1-шi және 2-шi дифференциалдық ренталар. 1-шi дифференциялдық рентаның құрылу себебiн жердi шаруашылық объектiсi ретiнде монополиялау болып табылады.Мұндай монополиялық шаруашылығын өндеуге жарамды және онымен әртүрлi шаруашылықтың айналуына жердiң шектеулiгiнен туындаған.

Мемлекет нашар жерлердi де айналымға қосуға мәжбүр.

Сондықтан өндiрiстiң қоғамдық бағасы орташа жермен емес ,нашар жер мен анықталады. Нәтижесiнде жақсы және орташа жер учаскесiндегi еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғары болуы кеткен шығындар учаскiге қарағанда жоғары болады. Сөйтiп, қосымша пайда құрылды, оны жер иегерлерi жер рентасы ретiнде иеленедi.

Дифференциялды рентаның қайнар көзi жақсы және орташа сапалы жер учаскесiендегi ауыл шаруашылығы жұмыскерлерiнiң өнiмдi еңбегi болып табылады. Демек құнарлығы бойынша 1-шi диференциалдық рента – ауыл шаруашылығы өнiмдi өндiрiсiнiң қоғамдық бағасы арасындағы айырмашылыққа тең.Сондықтан ол нашар учаскi жағдайымен және олардың ең құнарлы жердегi өндiрiстiң жеке бағасымен анықталады.

Сондықтан 1-шi дифференциалдық рента жер учаскесiнiң рынокқа алыс-жақын орналасуымен, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндеу орнының алшақтығы салдарынан тууы мүмкiн . Өткiзу пунктiне жақын

орналасқан шаруашылықтар өз өнiмдерiн бiркелкi қоғамдық өндiрiс бағасымен сата отырып, қосымша пайда табады- ол орналасуы бойынша 1-шi дифферанциалды рентаны құрайды.

Егер дифференциалды рента топырақтың табиғи қүнарлығымен байланысты болса,2-шi дифференциалды рента топырақтың жасанды құнарлығымен байланысты.Ол топырақ құнарлығын қосымша капитал жұмсау арқылы жақсартумен түсiдiрiледi.

Топырақтың экономикалық құнарлығын арттыру дегенiмiз экстенсивтi жердi игерудiң орнына интенсивтiлiктiң келуi.



Бұрыннан бар участкiнi қосымша қаржылау бiрiншi қаржылауға қарағанда қосымша пайда әкелуi мүмкiн,сосын барып ол екiншi дифференциалды рентаға айналады.

Осы қайшылықты шешу үшiн ҚР «Жер туралы» Занының 104-бабы 1-шi пунктiнде былай делiнген :Жер учаскелкелерiнiң меншккерi мен жердi қолданатындар топрақ құнарлығын қалпына келтiру және арттыру бағытындағы шараларды жүргiзуге мiндеттi.



Әлемдiк қауымдастық елдерiнде жерге аренданың негiзiнен екi

түрi бар:

  • капиталистiк ,пайда табу мақсатындағы түрi .Англия,Бельгия,Голландияда.

  • шаруалық ,бұл түрiндегi жер үұсақ шаруагердiң және оның отбасының түтыну кажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн арендаланады.Бұл Орта Шығыс,Латын Америка елдерiнде тараған.

Жер рентасының теориясын К.Маркс толық зерттеген: Дифференциалды рентаның теориясын жасауда классикалық эканомикалық теорияның өкiлi Давид Рикардо (1772-1823жж)ерекше үлес қосты .Ол дифференциялдық рентаның нашар учаскiдегi ауыл шаруашылығы өнiмнiң құнымен және ауыл шаруашылығы өнiмнiң жақсы учаскедегi құны арасындағы айырмадан құралатындығын жiктеп бердi.


8-ДӘРІС. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
1.Ұлттық байлық : құрамы, құрылымы және оны өлшеу тәсiлдерi

2. Жалпы ұлттық өнім және жалпы ішкі өнім

3. Басқа макроэкономикалық көрсеткіштер.
Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айнамалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық өзінің қолдануы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс құрал-жабдығына

ә) тұтыну заттарына.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және ресурстар. Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген байлықтарды қамтиды. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұражай эспонанттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады. Өндірістік қорлар құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді. Халық шаруашылығының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады және олар өндірістік емес салаларда қолданылады. Халық шаруашылығы резервтік қорының құрамына өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары да енеді. Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол барлық ұлттық байлықтың шамамен 1/5 бөлігін құрайды.

Макроэкономика экономикалық жағдайды, толығымен елдің «денсаулығын » зерттейді. Макроэкономикада өндірістің ұлттық көлемі, жалпы ұлттық өнім, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмыспен қамту және жұмыссыздық нормасы, инфляция деңгейі және т.б. сияқты барлық шамалар агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша , ресурстар нарығындағы жалпы тепе-теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер болып өндірістің ұлттық көлемі, жалпы баға деңгейі, пайыздық ставка және жұмыспен қамту табылады.



Жалпы ұлттық өнім – бір жыл ішінде өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы. Қайта, екі рет есепті болдырмау үшін оған аралық өнімді кіргізбейді. Оларға қайта өңдеуге немесе соңғы тұтынушыға ары қарай сату үшін арналған өнімдер жатады. ЖҰӨ -ді есептеу кезінде негізгі екі әдісті қолданады. Ол түпкілікті өнімге жұмсалған барлық шығындарды қосу арқылы және «табыстар ағыны» арқылы өлшенеді.

Шығындарға тұтынушылық шығындар , мемлекеттік сатып алулар, жалпы инвестиция және таза экспорт жатады.



  • Тұтынушылық шығындарға (С) үй шаруашылықтарының әр түрлі тауар және қызмет көрсетулерге (нан, қант, аяқ киім, телевизорлар, тоңазытқышты жөндеу) шығындары кіреді.

  • Инвестицияларға шығындар (І) – бұл инвестициялық тауарларға шығындар, оларға құрал жабдық, станоктар, өндірістік ғимараттар, материалды-техникалық қорлар, тұрғын үй құрылысы жатады. Жалпы және таза инвестицияны ажыратады. Жалпы инвестицияға барлық инвестициялар, яғни, істен шығатын құрал жабдықтың орнын толтыруға жұмсалатын инвестициялар да кіреді. Жаңа құрал жабдықты сатып алуға жұмсалған инвестициялар таза инвестиция деп аталады.

  • Мемлекеттік шығындар (G) – тауар және қызмет көрсетулердің (электроэнергия, мектептер, емханалар, саябақтар, кітапханалар және т.б.) өндірісіне тікелей жүретін шығындар.

  • Таза экспорт (Хп) бұл импортты шегергеннен қалған барлық импорт.

Сонымен, шығындар бойынша ЖҰӨ - бұл елдегі барлық төрт шығындардың қосындысы:

ЖҰӨ = C+ G+ I+ Xn


Өндірістің ұлттық көлемін анықтау үшін елдегі барлық табыстардың қосындысын алады. Факторлық табыстардың төрт компанентін ажыратады: жалақы, рента, пайыз және пайда.

  • Жалақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы. Бұған ведомость бойынша алынатын жалақы сомасы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қосымша төлемдер және т.б. жатады.

  • Рента жерді, ғимаратты, тұрғын үйді арендаға беру нәтижесінде үй шаруашылықтарымен алынатын ренталық табыстарды білдіреді.

  • Пайыз бұл ақша капиталы үшін төлем, ол банкке салым бойынша , несиелер бойынша пайыздар.

  • Пайда жеке шаруашылықтар, серіктестіктер, кооперативтер иелері алатын пайда.

Номиналды және нақты , сонымен қатар іс жүзіндегі және потенциалды ЖҰӨ ажыратады. Нақты ЖҰӨ - бұл баға деңгейі өзгерісін ескерумен ЖҰӨ. Нақты ЖҰӨ-ді формула бойынша табуға болады:
Нақты ЖҰӨ = (Номиналды ЖҰӨ / баға индексі) · 100%
Потенциалды ЖҰӨ - бұл толық жұмыспен қамту жағдайында яғни , фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық жағдайында алынған өндірістің ұлттық көлемі. Іс жүзіндегі ЖҰӨ - бұл циклдық жұмыссыздық жағдайында шығарылған өндірістің ұлттық көлемі.

Өндірістің ұлттық көлемін өлшеу үшін қолданылатын тағы бір көрсеткіш – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) . Ол сол ел территориясы ішінде, берілген жыл ағымында өндірілген түпкілікті өнімдер мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы.

Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамыту бағыттарының бірі болып табылады. Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы – тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды-заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды-заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: құрал-жабдықтар өндірісі (I-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (II-ші бөлімше).

ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал-жабдығы құнына бөлінеді.

Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚӨ) құн формуласы:

W = c + v + m

мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім.

с - өндіріс құрал-жабдығы өндірісдегі тұтынылған құн.

v – қажетті өнім.

m – қосымша өнім.

Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш-түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп-шотын жүзеге асырмайды.

Түпкі қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып тастау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп-шотын болдырмайды.

Тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін – баға индексі дейміз.

Өндіріс көлемін өлшеу үшін таза өнім (ТҰӨ) көрсеткіші қолданылады. Әдетте ол жойылып кеткен ірі жабдықтарды ауыстырудан тұтынуға қалған түпкі өнім мен қызмет көрсетудің сомасын көрсетеді.

ТҰӨ = ЖҰӨ - амортизацияҚоғамның экономикалық дамуының ең маңызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табысының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз (%), меншіктен табыс, корпорация пайдасы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:

ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар

Ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз.

ҰТ = ЖҚӨ - МШ

мұндағы: ҰТ – ұлттық табыс,

ЖҚӨ - жиынтық қоғамдық өнім,

МШ- материалдық шығындар.

Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт стадиядан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыныс пен қорлану).

Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады: а) тұтыну қоры; ә) қорлану қоры.

Келесі ең маңызды көрсеткіштердің бірі өзіндік табыс. Ол салықты төлегенен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді.

Орнықтылған табыс тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз. Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады. ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және рынокты емес қызмет түрлері ескерілмейді. ЖҰӨ тұрғындардың әл-ауқаттылығының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін «таза экономикалық әл-ауқаттылық» көрсеткіші қолданылады.


8 - дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

  1. Макроэкономика қандай мәселелерді қарастырады?

  2. Макроэкономиканың негізгі субъектісі кім?

  3. Макроэкономикалық талдау әдістері қандай?

  4. Жалпы ішкі өнім дегеніміз не?

  5. Жалпы ұлттық өнім дегеніміз не?

  6. Таза ұлттық өнім неліктен ұлттық байлықты сипаттамайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет