2. Еңбек нарығы: объектілері, субъектілері, реттеу механизмдері.
Еңбек нарығы нарықтың ерекше түрі болып табылады. Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (еңбекті) тауар ретінде сату, сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы экономиканың жағдайын, жұмыссыздықтың деңгейін, адамдардың кәсіби біліктілігін, елдегі демографиялық көрсеткіштердің құрылымын көрсетеді. Еңбек нарығының ерекшеліктері: бірыңғай ұлттық нарық ретінде қалыптасуы, еңбекке жалдаудың ерекше көрсеткіші ретінде қалыптасуы. Еңбектің тікелей әсер етуі арқылы жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі, нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Бұл жағдай еңбектің шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс көмегімен бекітіледі.
Еңбектен факторлық табыс еңбек ақы болып табылады. Еңбек ақы дегеніміз адамдарға белгілі бір мерзім ішінде еңбек еткені үшін төленетін ақы. Еңбек ақының түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: |