«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


  Инвестиция және инвестициялық концепция



бет21/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
1.  Инвестиция және инвестициялық концепция

2.  Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау

3.  Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері

4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы 

1.  Инвестиция және инвестициялық концепция

    Инвестицияны 2 тұрғыда қарастырамыз:

    Инвестиция-1)Капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға  ұзақ мерзімді жұмсалымы

    2)Кәсіпкерлік  қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да  түрлерінің обьектілеріне жұмсалған мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрлері.

    Инвестициялық концепция мына берілген үш бағыт  арқылы жүзеге асырылады:

    1)мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;

    2)ішкі  несие қорлары мен жеке заңды  тұлғалардың өзіндік қаражаттарын  тиімді қолдануды ынталандыру  арқылы;

    3)шетелдік  инвестициялар тартумен тиімді  пайдалану механизмі арқылы.

Инвестициялық ресурстардың негізгі көздерін  ұтымды пайдалануда келесі көзқарастарды жүзеге асыру керек:


  • инвестициялық қорларды тек қана экономиканың құрылымыдық өзрегістерінің ғана емес, сонымен қатар республиканың экономикалық тәуелсіздігінің негізі болып саналатын халық шаруашылығының басыңқы бағыттарын дамытуға жұмылдыру;

  • халық шаруашылығы салаларының өндірістік қорларын тезірек жаңартуға мүмкіндік беретін жеделдетілген өтелім саясатын іс жүзінде, нақты жүзеге асыру керек;

  • басыңқы салалар мен өндірісітерді қаржыландыру республиканың экспорттық потенциалының көлемі мен тиімділігін жоғарылату мақсатында жүргізу керек.

    Жоғарыда  көрсетілген шаралар әлеуметтік- экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімдік кезеңдерін қамтитын стратегиялық жоспарлар жасау кезінде ескерілуі  тиіс.

    Осы жоспарлардың құрамында ұлттық және аймақтық басыңқылар бойынша жасалатын бағдарламалар мен тығыз байланысқан, арнаулы мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар жасалынады. 


 
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет