«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны



бет15/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
1. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны

    Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау – елдің әлеуметтік –экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғары нысаны. Мемлекеттік бағдаарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

      Бағдарламалау –жоспарлаудың ең көп тараған  нысаны. Жоспарлау, болжау, бағдарламалау  – ЭМР –дің құралдары. Мемлекеттік  бағдарламалау – стратегиялық жоспарлаудың маңызды құралы.

Бағдарлама  –директивтіктің белгілі бір  ждәрежесіне тән нақты құжат.

Бағдарламада  анықталатындар;


  • реттеу мақсаты;

  • мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясаттың нұсқалары;

  • жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;

  • экономикалық саясаттың оңтайлы нұсқасын таңдау критьерийі.

Бағдарламалар бір және көп мақсатты, аймақтық, құрылымдық, ұлттық және интернационалдық сипатта болуы мүмкін.

      Экономиканы жоспарлау және болжауда жүйелі –кешенді және бағдарламалы – мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.

     Жүйелі  кешенді тәсіл ғылыми негізделу  және тиімді басқару қағидасы бойынша  құрылады.

      Бағдарламалық – мақсатты тәсілдеме мақсатты бағыттың, белгеленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгеленгенін, реурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.  

  2. Болжамдау және  индикативтік жоспарлау.

  Ұлттық  болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы шешім қабылдауға байланысты.



  • Болжау – әлеуметтік –экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.

  • Болжау – объектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.

  • Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.

Ұлттық  болжаудың мақсаттары:

- экономиканың  даму үрдісіне ғылыми талдауды  қосатын, ғылыми алғышартты құру;

- қалыптасқан  үрдіс, белгіленген мақсаттар  ретінде есептелетін, алда тұрған  қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын  ала көре білу нұсқасы

- қабылданған  шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;

- басқару  шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік  –экономикалық және ғылыми –техникалық  даму бағыттарын негіздеу.

Аралықтары  бойынша болжаулар жедел (ай, тоқсан), қысқа мерзімді (1-3), орта мерзімді (5-7жыл) , ұзақ мерзімді (15-20 жыл) және алыс мерзімді (20 жылдан жоғары) болуы мүмкін. 

  3. Мемлекеттік реттеудің  теориясы мен тәжірибесі  және шет елдердегі  индикативтік жоспарлау

  Индикативті жоспарлау  бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал етудің негізгі  әдістері, мемлекеттің әлеуметтік –экономикалық саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, тек нарықтық әдістермен жүзеге асырылуға тиісті, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау параметрлердің жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар нарығы және бағалы қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.

        Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылады. 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет