Дәріс 7. Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары және оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі.
1. Ғылыми-техникалық прогресс – қазіргі дамудың факторы ретінде.
2. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық стратегиясының негізгі бағыттары.
1. Ғылыми-техникалық прогресс – қазіргі дамудың факторы ретінде.
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың, технологияның үздіксіз даму, еңбек заттарының, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жетілдірілу процесі. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, еңбек жағдайын ұйымдастыруды жақсартуға, оның маңыздылығын арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал жасайды. Қазіргі жағдайда мемлекеттер арасындағы күштердің ара қатынасы тек олардың қолында бар ресурстардын, капиталдың, шикізаттың немесе жұмыс күшінің мөлшерімен ғана емес, сонымен бірге олардың ғылыми- техникалық жағдайымен және оны тиімді пайдалану дәрежесімен де айқындалады.
қоғамдық өндірістің дамуына жағдай жасайды
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін жаңа еңбек құралдарын, өндірісті ұйымдастыру және басқарудың жаңа формаларын пайдалану қажет. Ғылым мен техниканың әсері ұлттық табыстың жоғарлауына, циклдық жүйеліктің орындалуына байланысты: «ғылым - техника - өндіріс - өткізу».
Нарықтық экономикаға көшу барысында ҒТП саясатының анықтау маңызды болып саналады. ҒТП саясаты негізінде статистикалық ақпараттың ақиқаттығы, ғылыми потенциал тенденциясының динамикасы қарастырылады. ҒТП-ң барлық деңгейде дамуы осындай ақпараттарды дұрыс пайдалану, талданған мәліметтерді жинақтау қажеттілігімен анықталады.
ҒТП-ң негізгі бағыттары - бұл әлеуметтік-экономикалық тиімділікке аз уақыт ішінде ғылым мен техниканың дамуы арқылы жету болып табылады.ҒТП-ң бағыттары жалпы мемлекеттік және салалық болып бөлінеді. ҒТП-ң жалпы мемлекеттік бағыты қазіргі кезеңде мемлекет үшін беделді және перспективалы болып келеді. ҒТП-ң салалық бағыты ауыл шаруашылы мен өнеркәсіптің жеке салалары үшін маңызды болып табылады.
Экономикада ҒТП-ң негізгі бағыттары:
ауыл шаруашылығын электрификациялау
өндіріс кешенін механикаландыру мен автоматтандыру
өндірісті химизациялау
жаңа технологияларды енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |