«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


Дәріс 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері



бет4/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Дәріс 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері 

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының мәні.

  2. Әлеуметтік – экономикалық дамудың маңызды басымдықтары.

  3. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидалары.

 

     Бұдан 225 жыл бұрын  (1776 ж) Адам Смиттің  «Халықтар байлығының табиғаты мен  себептерін зерттеу» еңбегі жарық көрді, онда ол «мейлі бәрі өзінше жүрсін»  тезисін жариялады. Мемлекет нарықтық экономикаға араласпауы керек, бірақ  ол «түнгі қарауылдың» рөлін атқарып, жалпы тәртіптілікті қамтамасыз етеді. Бұл уақыттың ішінде мемлекеттің рөліне әлденеше рет теориялық көзқарастар мен тұжырымдар өзгерген болатын. Джон Мейнрад Кейнс 1936 жылы шыққан өзінің «Еңбекпен қамту, өсім мен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін айтты.

     Ол  экономикалық дағдарысты жаппай жұмыссыздықтың тууын ескеріп отыруы қажет. Алайда мемлекет Дж Кейнстің кеңесін тыңдай отырып, экономикалық қызметтерден бас  көтере алмай, жаңа міндеттер шеше алмады. Батыс елдерінде 70- ші жылдардың ортасында тағы да экономикалық дағдарыстап лап ете қалды. Осы толқынның арқасында ДЖ. Кейнстің көзқарасын жоққа шығаратын тұжырымдар пайда бола бастады. Олар нарықтық экономикаға мемлекеттік араласпау идеясын дәріптеді.

     Бұл тұжырымдар «неоклассикалық» («неолибералдық») деп аталды. Оның авторлары неміс  экономисі Фридрих Август фон  Хайек (1899 – 1984 жж) пен американ экономисі  Милтон Фридмен (1912 ж) және басқалары  болды.

     Нарықтық  экономикаға мемлекеттің рөлі жайлы  аралас экономиканы жақтайтындар басқа тұжырымда болды.

     Американ  экономисі Дж. Гэлбрейт (1980 ж) «салмақтылық»  күш теориясын ұсынды. Оның айтуынша еркін нарықтық экономикада реттеу  механизмі жоқ, ал оның  орнын  «салмақтылық» күш ауыстырып, монополияға  қарсылық білдіреді және олардың қысымын басып отырады. Дж Гэлбрейт «салмақтылық» күшке алдыменен мемлекетті жатқызады. Мемлекеттің аласуының басты мақсаты – экономиканың дұрыс қызмет атқаруы, дағдарысқа қарсы бағдарламалар, әлеуметтік инвестициялау: мектеп, аурухана тұрғын үй, жол салу және қауқары төмен аудандарға көмек жасау болмақ.

     Әлеуметтік  – экономикалық дамудың  маңызды  басымдықтарын айқындау үшін Елбасы  «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасын  жүйеге енгізген болатын.

     1997 жылдың қараша айындағы Елбасының  Қазақстан халқына жолдауында  өтпелі кезеңдегі әлеуметтік  – экономикалық дамудың  қорытындылары  шығарылып, тежеуші факторлары  айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге  асыруға көзделген жеті ұзақ  мерзімді басымдықтағы мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілген болатын.

     Қойылға мақсаттарға жету үшін мынадай үш кезеңде болуы қажет:


  • 1998 – 2000 жылдар;

  • 2001 – 2010 жылдар;

  • 2011 – 2030 жылдар;

     Бұл ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан  республикасы Президенті: «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік – нарықтық экономиканы құрудамыз» деп тағы да атап көрсетті. 21 – ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:

     Қазақстан Республикасының аталған әлеуметтік – экономикалық дамудың басымдықтарына қысқаша тоқталып өтейік.

      Елбасы  әлеуметтік ахуалды жақсарту деп  – ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда. Жұмыспен қамту мәселесін  шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.

      Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді  кеңейтуге, негізделген өзгерістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі  көзделді. Елбасы: «Балтық елдерінде шағын және орта бизнестің әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік нарықта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болады.» деп айтқан болатын.

      Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдықтары біздің экономикамыздың  шикізаттық бағдарын өзгерту болып  табылады.

      Мұнай  өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды. Бұл тек өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.

 

      Осы жұмыстың негізгісі – бәсекеге қабілетті  баға мен технологиялық сапаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар мынадай міндеттер қойылады: бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру.



      Экономикалық  саясаттың тағы бір бағыты аймақтардың  дамуындағы диспропорциялар, әсіресе  оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда  жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.

      Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін жасауда дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929 – 1933 жылғы «ұлы депрессия» аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше рөл атқарды.



  •  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет