«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


Дәріс 10. Жер ресурстарын  тиімді пайдаланудағы  мемлекеттік шаралар  жүйесі



бет25/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Дәріс 10. Жер ресурстарын  тиімді пайдаланудағы  мемлекеттік шаралар  жүйесі.

1. Экономиканың аграрлық  секторының ерекшеліктері.  Ауыл шаруашылығындағы  нарықтық қатынастарды  мемлекеттік реттеудің  объективтілік қажеттілігі

2.  Қазақстан Республикасының  агроазық түліктік  кешенінің дамуы.

3. АӨК қолдау бойынша  мемлекеттік шаралар  жүйесі 

1. Экономиканың аграрлық  секторының ерекшеліктері.  Ауыл шаруашылығындағы  нарықтық қатынастарды  мемлекеттік реттеудің  объективтілік қажеттілігі

   Ауыл  шаруашылығынан халық шаруашылығының көптеген салаларының өндірістің ерекшелік жағдайында айырмашылығы бар: жер - өндірістің негізгі қоры; жұмыс маусымдық сипатта болады; еңбек үдерісі жанды организммен байланысты; жұмыс кезеңі өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді; инвестцияны жүзеге асыру мен тиімділікті алу арасында уақыт бойынша елеулі лаг (айырмашылық) бар; оның бағасына байланысты өнімге сұраныс үйлесімді емес; жоғары капитал және энергия қажеттілігі; төмен пайдалылығы және ақыр соңында табиғи-климаттық жағдайға қатаң тәуелділігі.

   Дамыған елдерде, атап өтілгендей, аграрлық секторды рынок заңы бойынша емес, салықтық қолдау түріндегі тікелей және жанама қаржы бөлетін, қолдампаздық саясат жүргізетін және арнаулы әр түрлі тұтқаларды пайдаланатын мемлекет реттейді.

   Рыноктық  қатынастарға өтумен байланысты, өзгерістер үдерістері жағдайындағы ең кері көріністі өзгерістер аграрлық секторда өтті.

   Бір жағынан, мемлекеттің өтпелі кезеңде  саланы қажетті деңгейде қаржыландыру үшін жеткілікті ресурстары болмады. Екінші жағынан, заң базасының жетілдірілмегенінен, бар заңдар мен бағдарламалардың тиімсіздігінен, мемлекеттік шаралардың жүйелі болмауынан, реформалардың негізсіз асығыс тездетілуінен проблемалар туындады. Өтпелі кезеңдегі қиын жағдай бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы мен аграрлық секторды реформалаудың тиімді бағдарламасының болмауынан маңызды саланың нашарлауына және тұралауына әкелді.

   Аграрлық  секторды реттеуді аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) дамуымен байланысты қарастыру қажет.

   АӨК үш қызметтік аяны біріктіреді:

   I - ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығаратын және соған сәйкес қызмет көрсететін қор құраушы салалар.

II - ауыл шаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы)

   Ш-дайындауды, сақтауды, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді және АӨК соңғы өнімдерін өткізуін қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы.

   Агроөнеркәсіптік  кешенде негізгі мәселелерді  шешу бірқатар әлеуметтік мәнді міндеттерді орындаумен байланысты.

   Біріншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету қажет. Қазақстан үшін, азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету керекті деңгейде жауап бермейтін жағдайда, азық-түлік тәуелсіздігіне жету экономикалық қауіпсіздікті тұтастай қамтамасыз ету ең бір маңызды бағыт болып табылады.

   Екіншіден, тұрғындарының 45 пайызы ауылды жерде тұратын ел үшін, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту ауылдық жерде жұмыссыздық проблемасын шешеді. Жұмыспен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі, тұрақты табыс әлеуметтік тұрақтылыққа көмектеседі. Сонымен бірге, мемлекетте ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуді мойнына алуға ресурстар жеткілікті емес, ол ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін жағдай туғызуы қажет.

   Үшіншіден, ауыл шаруашылығы саласын дамыту нәтижесіндегі барлық экономика үшін елеулі мультипликативті әсерді есепке алу керек. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде астық пен ет өндіруші, ішкі сұраныстың қуат көзі болып табылады. «Жаңа өнеркәсіп саясатын» жүргізу барысын талдау, ауыл шаруашылығының құлдырауы мен төлеу қабілетінің жоқтығы өнеркәсіптік саланың тұрақтануын (машина құрылысы, химиялық, жеңіл, тамақ, мал азықтарының) және тұрақты өсуге көшуді тежейді. Ауыл шаруашылығының дамымаған жағдайында, онымен ілеспелі салалардың көтерілуі мүмкін болуы екіталай. Яғни, саланы мемлекеттік қолдау елдің үдемелі экономикалық дамуына тұтастай маңызды.

   Төртіншіден, Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту және отандық өнімдерді сыртқы рынокқа шығару үшін, барлық қажетті табиғи ресурсы бар. Келешекте сала нақты валютаның шынайы және елеулі көзі бола алады. Ол үшін мемлекет өнімнің бәсекеге қабілетті түрлерін көтеруге, республиканың ішкі және сыртқы рыногында көліктік байланыстар проблемасын шешуге барлық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

   Көріп отырғандай, ауыл шаруашылығы саласының  дамуы елдің тұтастай экономикалық дамуы үшін маңызды. Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің, елдің сауда және төлем балансының жақсаруына қосымша негіз бола алады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет