Эксперимент психологиялық зерттеудің әдісі ретінде Жоспары: Эксперименталдық зерттеудің ерекшеліктері. Экспери- менттің типтері мен жүргізу алгоритмі


Психологиялық эксперименталдық зерттеудің негізгі кезеңдері



бет4/7
Дата19.12.2023
өлшемі78.18 Kb.
#486888
1   2   3   4   5   6   7
ҒЗН Эксперимент

Психологиялық эксперименталдық зерттеудің негізгі кезеңдері:
1. Зерттеудің тақырыбын анықтау.
2. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Зерттеуші эксперименттің мәліметтерімен, басқа психологтардың алған мәліметтерімен, оның көрінісі қызықтырған себептерді түсіндіруге тырысуымен танысуға міндетті.
3. Болжамдарды нақтылау және айнымалыларды анықтау.
Эксперименталды болжамның теориялықтан айырмашылығы импликативтік пікір білдіру түрінде қалыптасуында болуы керек: «Егер... онда...».
Айнымалыларды анықтау – өте жауапты кезең, осыдан барып, олардың қаншалықты ұқыпты таңдалғаны, шындыққа жанасуы және валидтілігі, яғни алынған мәліметтердің растығы анықталады. Басқаша айтқанда, айнымалы – бұл экспериментатор зерттейтін психикалық немесе әлеуметтік шынайылықтардың параметрі.
Экспериментте жүргізу барысында белгіленетін айнымалылардың бірнеше түрлерін анықтайды:
• тәуелді
тәуелсіз
• жанама – біреудің ықпалынан эксперименттің нәтижесі өзгеруі мүмкін
сыртқы – жынысы, жасы және экспериментті жүргізу барысында ескеруге тиіс сыналушының басқада сипаттамалары.
  • Эксперименталдық нұсқаулықтарды таңдау.

  • Зерттеуші өзіне мүмкіндік беретін нұсқаулықтарды таңдауы керек:
    а) тәуелсіз айнымалыларды басқару;
    б) тәуелді айнымалыны тіркеу.
    Бұл жерде әңгіме психологиялық эксперименттің нақты әдістемесі мен аппараты жайында.
  • эксперименталдық зерттеуді жоспарлау – барлық процедураның басты кезеңі.
  • Эксперименталдық жоспардың таңдауы. Уақыт пен ресурстар шектелгенде (қаржылық жағы да) максималды қарапайым эксперименталдық жоспарлар таңдалады.

  • Зерттеуші бір адамның қатысуымен де эксперимент жүргізе алады. Бұл жағдайда ол бір сыналушыға қатысты қандайда бір зерттеу жоспарын қолданады.

Егер зерттеуші топпен жұмыс жасаса, онда ол эксперименталды және бақылау топтарын пайдалана отырып, бірнеше жоспарларды таңдай алады.
Қарапайымы екі топтарға (негізгі және бақылаушы) арналған жоспарлар болып табылады. Одан басқа күрделі эксперименталдық жоспарларда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет