Ситуацияның ерекшеліктеріне сыналушы орындайтын, эксперименталды тапсырманың құрылымына тікелей қатысы жоқ айнымалыларды жатқызу керек. Ол мекеменің температурасы, жағдайы, сыртқы бақылаушының салдары және т.б. болуы мүмкін.
Сыналушының басқарылатын ерекшеліктері төмендегіше болуы мүмкін:
• Ситуацияның физикалық параметрі: орналасқан аппаратуралар, мекеменің сыртқы көрінісі, жарық, дыбыс және шуылы, температура, жиһаздардың орналасу, қабырға бояулары.
• Жағдай барысында экспериментті жүргізу уақыты (тәулік уақыты, ұзақтығы және т.б.) эксперименталдық стимул болып табылмайды.
• Әлеуметтік-психологиялық параметрлері: оқшаулану – экспериментатордың қатысуымен жұмыс, жеке жұмыс – топпен жұмыс және т.б..
• Сыналушы (сыналушылар) мен экспериментатордың қарым-қатынас және өзара әрекет ереушеліктері.
Тәуелді айнымалы – эксперименталды өзара әрекеттің ықпалымен өзгеруі.
Психологтар сыналушының әрекетімен істес болады, сондықтанда тәуелді айнымалының орнына жиі вербалды немесе вербалды емес әрекеттің параметрлері таңдалады.
Тәуелді айнымалы валидті және сенімді болуы қажет. Айнымалының сенімділігі эксперименттің уақыт ағымындағы жағдай өзгерісінің тұрақтылығынан көрінеді.
Тәуелді айнымалының валидтілігі эксперименттің нақты жағдайында ғана және белгілі болжамға қатысты анықталады.
Тәуелді айнымалылардың үш типін қарастыруға болады:
1) бірөлшемді, тек бір параметр ғана тіркеледі, және сол ғана тәуелді айнымалының көрінісі болып саналады. Мысалы, уақытты зерттеу барысындағы қарапайым сенсомоторлы реакциялар;
2) көпөлшемді – мысалы, интеллектуалды өнімділік деңгейі тапсырманы шешу кезінде, шешім, шешілген тапсырманың қиындығы ретінде көрінеді;
- фундаментальді. Мысалы, агресия деңгейін фундаменталды өлшеу F(a) оны 4 жеке көрінісінің фукциясы ретінде қарастырылады: ым, ишара, балағат, қол сұғу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |