Жанама айнымалыларға – эксперименттің нәтижесін өзгерте алатын ықпалдардың бәрі қатысты (мысалы, бөлмедегі жарық, сыналушының қарны ашқанын сезінуі, үрей және б.).
Валидтіліктің түрлері
«Валидтілік» ұғымын қолданысқа Д. Кэмпбелл енгізді.
Эксперименттің валидтілігі:
- ішкі
- сыртқы
- Конструктивті
- операционалды.
Ішкі валидтілік экспериментатор түрлендіретін тәуелді айнымалының өзгерісіне шамалап ықпал етуін сипаттайды. Зерттеуші бақыламайтын шарттар тәуелді айнымалының өзгерісіне неғұрлым көп ықпал етсе, эксперименттің ішкі валидтілігі соғұрлым төмен болады.
Жоғарғы ішкі валидтілік – жақсы эксперименттің басты белгісі. Ішкі валидтілік неғұрлым жоғары болса, эксперименталды тиімділіктіңде (тәуелді айнымалының өзгерісі) тәуелді айнымалының өзгерісімен туындағаны жайлы ықтималдықта жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |