Төртінші бөлімде адам еске алынады.
Алдымен онда (адамда) табиғи болып табылатын нәрселердің жіктемесі беріледі, адамның жаны (нәпсі), жан қуаттарының саны, олардың әрқайсысының әрекеті не екендігі және бірі-бірлерінен мәртебелері не болатындығы осыған жатады.
Содан кейін оның барлық дене мүшелері мен олардың мәртебелерінің жіктемесі келеді, жан қуаттарының қайсысы қай мүшеде екендігі, қайсы қуаттардың басқарушы қуат екендігі әрі олардың басқарудағы мәртебелері не екендігі, олардың қайсысы қызмет атқарушы екендігі және қызметтегі мәртебелері не болатындығы, адамның адамнан қалай пайда болатындығы, ер деген не, әйел деген не, ол екеуінің әрқайсысының бір-бірінен мәртебесі және әрқайсысының қуаттары не екендігі, ол екеуінен бала қалай туылатындығы, еркектің баладағы үлесі, сондай-ақ әйелдің баладағы үлесі қандай болмақ екендігі, ең алдымен қайсы мүше, сосын қай мүше пайда болатындығы, адамда ақылдың (зерде) қалай пайда болатындығы, әрекетшіл ақылдың ес аймағына (ойлау бөлімі) қалай ықпал ететіні, алғашқы ақылмен пайымдалатын мәндердің қанша түрі болатындығы, адамда өз қалауынсыз алғашқы ақылмен пайымдалатын мәндердің әрекетшіл ақылдан қалай пайда болғандығы жөнінде.
Содан кейін, қалаудың мағынасы не екендігі, таңдаудың мағынасының не екендігі, ол екеуінің арасындағы парық не, адам болмысы тән болатын түпкілікті бақыт деген не, бақыт жолынан тайғанда адам баласына келетін азап жайында, шын мәнінде, адам ол екеуіне өз қалауы және өз таңдауы арқылы келетіндігі және қалай келетіндігі, көркем, ізгілікті іс-әрекеттер дегеннің мағынасы не, жаман қылықтар мен ерсі әрекеттер дегеннің мағынасы не екендігі жөнінде.
Содан кейін, түс көру мен елестетудің түрлері еске алындады, олардың жан бөлімдерінің қай бөліміне жататындығы, шынайы елестету деген не және жан қуаттарынан қай қуатты алатындығы, шынайылығы қалай дәлелденетіндігі, қалай және қай жағынан дәлелденетіндігі, елестету сөзіне апаратын әдіс не, алда болатыннан ескертетін және айтқандары тура келетін қауымның қалай пайда болатындығы жөнінде.
Содан кейін, уахи (аян) қалай болатыны, өзіне уахи келген адамның оны қандай қуатпен қабылдайтыны және Алла тағала қай періште арқылы өзіне уахи берілуі тиіс адамға уахи ететіндігі жөнінде.
Достарыңызбен бөлісу: |