Әл-фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық



бет5/7
Дата03.03.2024
өлшемі98.67 Kb.
#494052
1   2   3   4   5   6   7
СӨЖ. философия (3) (1)

Бесінші бөлімде адамның өз қалауы арқылы бар болған нәрселер туралы; адам қоғамдарына қажеттілік осыған жатады.
Содан кейін, адам баласы ұмтылған (алдына қойған) мақсаттарына жетуде бір-біріне көмекке келуіне жол ашатын қоғам түрлері еске алынады, ол қоғам­дар­дың қайсысы үлкен, қайсысы кіші және орташасы қайсы екендігі. Аза­маттық қоғам деген не және оның басқа қоғам түрлерінен айырмашылығы қан­дай, ізгілікті қала деген не, бұл қала қандай үйлесімділіктен құралған және бөлімдерінің саны қанша, бөлімдерінің бөлімдерінен мәртебелері не болмақ, оның басқару әдістері не, ол қалай реттеледі, қалай бір-бірімен байланысты әрі жүйелі болады. Ол қаланың патшасы мен бірінші басшысы қандай болу керек, қала патшасы лауазымына лайықты болуы үшін оның қанша шарты болуы керек, ізгілікті қаланың патшасы лауазы­мына ұсынылуы үшін туғанынан, сәби кезінен және жастық шағынан қандай белгілері (нышандары) мен шарттары болуы тиіс екендігі, ізгілікті патша кәсі­бін иеленуге оны тәрбиелейтін әдеттер мен өнерлердің не екендігі. Бұл қаланың бірінші басшысы ұстанатын басшылық түр­лерінің қандай болу керек екендігі туралы.
Содан кейін, ізгілікті қалаға қарама-қарсы қалалардағы қоғам түрлері келе­ді, олардың надан қалалар, адасқан қа­лалар, пасық (бұзылған) қалалар екен­дігі, олардың патшалары туралы, ол патшалардың қандай екендігі және әрқай­сысының басшылығы қандай болмақ және ол басшылығы неден тұратындығы, бөлімдерінің әрқайсысы бір-бірлерімен қалай байланысатыны, шамамен не нәрсеге ұмтылатындары, қандай мақсатқа жету үшін бір-біріне көмекке келетіндігі жөнінде. 
Содан кейін, ізгілікті қала тұр­ғын­дары­ның жандары ақыретте (өлгеннен кейін) жететін бақыттың түрлері еске алынады. Ізгілікті қалаға қарама-қарсы қала [лар] тұрғындарының жандары ақыретте тап болатын азаптың түрлері және қала тұрғындарының қайсысы апат құшатыны еске алынады.
Содан кейін, ізгілікті қала тұрғын­дарының жоғарыда айтылған бақытқа жетуі үшін және аталған азаптан арылуы үшін бірлесе отырып әрқашан қолдануы тиіс немесе сонымен жұмыс жасауы тиіс болатын нәрселердің түрлері және өздеріне тиесілі бір қала болмаған жағ­дайда ізгі қаланың тұрғындары екен­діктерін ерекшелеп тұратын әрі өз қалаларына қарама-қарсы қалаларда өздері жат (бөгде) көрінетін белгілері еске алынады.
Содан кейін, ізгі қала тұрғындарын ақиқаттың өзін емес, оның мысалдары болып табылатын нәрселерде түрлі болуға мәжбүрлейтін себеп еске алына­ды, ол айырмашылық бірдей, ұқсас нәрсеге бағыттайтыны және олардың (нәрселердің) арасында қайшылық пен дұшпандық емес, керісінше ымыра бар екендігі әрі олардың (тұрғындардың) айырмашылығы өнер иелерінің өз өнерлеріндегі айырмашылық мысалына жақын нәрселер екендігі еске алынады.
Бұдан кейін, ізгі қалаларда жасап жат­қан­ адамдар мен олардың салғырттығы бұл қалалардың жойылуына себеп бола­тындығы, ол адамдардың түрлері қанша екен­дігі, әрқайсысы бір-бірімен не ар­қылы байланыс жасауы керектігі еске алы­нады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет