Әл-фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық



бет7/7
Дата03.03.2024
өлшемі98.67 Kb.
#494052
1   2   3   4   5   6   7
СӨЖ. философия (3) (1)

Бақытқа жол сілтеу:
Ұлы бабамыздың Бақытқа жолын сілтеу атты трактатында ... адам абсолюттік бақыт туралы оның өз түсінігі ең дұрыс және ең ұлы немесе ең жетілген (игілік) деп сенеді дей келе, адам бақытының шыңына жету өзі үшін соған жетуді қалайтын адамнан оны игерудің әдісі мен амалын табуды талап етеді жене артынан не мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол адам бақытқа жетеді деп түйіндейді. Ол кісінің пайымдауынша, әрі мадақтауға, әрі жазғыруға соқтыратын мұндай жағдайлар үшеу екен: біріншісі адамның іс-әрекеті, мысалы, орнынан тұруы, отыруы, көруі, естуі; екіншісі жандүние сезімдері, мысалы, құштарлығы, рахаты, қуанышы, ашуы, қорқынышы, жабырқауы, күйінуі, қызғанышы; үшіншісі ақыл-парасаты. Өзіміз байқағанымыздай ұлы, ойшыл ғалымның пайымдауынша бақытқа жету үшін сені не бақытты қылады, сенің қалауың қандай, сен бақытты болуға ұмтыласың ба, сенде мақсат бар ма осы факторлардың бәрі бақытқа жеткісі келетін тұлғаның өзіне қоятын басты сұрақтардың бірі болып табылады. Адам баласы туғаннан бастап бақыт жолын іздейді. Адам өзіне не керегін білсе ол бақытқа апаратын жолды да біледі деуге болады.
Қорытынды.
Қорытындылай келе айтарым, Ғалымның еңбектерін саралап,бағамдай келе,оқырман қауымға әл-Фарабидің сан тарапты еңбектерімен танысуды ұсынамын. Өйткені,ғалым тек бір ғана емес,бірнеше ғылымда өзінің сара жолын қалдырған ойшыл. Ғылымның қай соқпағында болсын келе жатқан адам әл-Фараби ізімен сусындай отырып,өзіне ғылым-білім жолына шамшырақ ала алады.

Әл-Фараби сынды ойшылдар толғанып өткен “бақыт” ұғымын жете түсініп, әр адам қамшының сабындай қысқы ғұмырын мәнді де мағыналы өткізсе, “бақыт” сонда. Менің ұғымымдағы “бақыт”- айналаңа сыйлы болу, әрқашан жанында жақсылардың болуы, ізгілік нұрын шаша білу, жақындарыңның амандығы, Алланы танып, адамзаттың бәрін бауырым деп сүйе білу. Абайша қорытсақ: “Адамды сүй, Алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде онан басқа.




Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. https://massaget.kz/blogs/26440

  2. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B1%D1%83_%D0%9D%D0%B0%D1%81%D1%8B%D1%80_%D3%98%D0%BB-%D0%A4%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%B8

  3. https://egemen.kz/article/208908-al-farabi-izgilikti-qayyrymdy-qala-turghyndarynynh-kozqarastary

  4. https://bugin.kz/19955-%E2%80%9Cbaqytqa-dgetu%E2%80%9D-turasyndaghy-al-farabi-izimen-bir-uzik-oy%C2%A0#:~:text=%D0%A4%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%B8%20%D1%96%D0%B7%D1%96%D0%BC%D0%B5%D0%BD%20%D0%B1%D1%96%D1%80-,%D2%AF%D0%B7%D1%96%D0%BA,-%D0%BE%D0%B9%C2%A0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет