Элективті пәндер каталогы


Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Г.А. Құрманбекова



бет11/13
Дата03.07.2016
өлшемі490.5 Kb.
#173960
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Г.А. Құрманбекова.





«Сақтандыру ісі» білім беру траекториясы


21

Std 0321

Сақтандыру

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Сақтандыру ісі, сақтандырудың теориялық аспектілерін, сақтандыру ісін ұйымдастыру, сақтандыру қатынастарын мемлекеттік реттеу, салалар бойынша сақтандыру ерекшелігін анықтау, қаржылық сақтандырушының ерекшелігін зерттеу саласындағы жүйелі білім ұсыну.

Қысқаша мазмұны: Сақтандырудың экономикалық мәні. Сақтандыру спецификасы экономикалық категория ретінде. Сақтандырудың ұйымдастыру және жүргізу нысаны бойынша, салалық белгілері бойынша жіктелуі. Сақтандыру қызметінің құқықтық негізі. Сақтандыру келісім шарты. Сақтандыру қызметі үшін бақылау қызметінің функциясы. Сақтандыру тарифін құру мәні мен міндеттері және оның түрлері. Тарифтік саясаттың принциптері. Сақтандыру жарналарының түрлері. Тәуекел және сақтандыру. Тәуекелдің жіктелуі және бағалау. Қайта сақтандыру, қайта сақтандыру келісім шарттары және олардың түрлері. Рестроцессия. Әлеуметтік сақтандыру. Мүліктік және жеке сақтандыру. Өмірді сақтандыру. Медициналық сақтандыру.


Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сақтандырудың арнайы ерекшелігі мен ұйымдастырудың негізгі принциптерін; сақтандырудың негізгі экономикалық категориясын, сақтандырушының негізгі қызметін, қайта сақтандыру және өзін сақтандыру қызметінің негізі, шетелдегі сақтандыру нарығының қызмет ету негізін білу.

Икемділік: Тәжірибеде алған теориялық білімді қолдана білу, жеке және мүліктік сақтандыру келісім шарттарын жасауда сақтандыру операцияларын бағалау және талдау жүргізу, сақтық қорғаныс түрлерін жасау.

Дағды: Сақтандыру саласында кәсіби қызығушылықты өңдеу дағдыларының болуы; сақтандыру саласында әртүрлі қаржылық-экономикалық міндеттерді шешуде талдаушылық ойлауды қалыптасытыру және дамыту.

Құзіреттілігі:Оның тиімді қызмет ету мақсатында кәсіби қызмет пен ептілікті жүзеге асыруда базалық білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: доцент м.а. Хасенова К.Е.

22

SI 0322


Сақтандыру ісі

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит



Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Бітіруші сақтандыру ісінің бітіруші маманы ретінде әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы сақтандыру ұйымдарында, сақтандыру қызметін мемлекеттік бақылау қызметіне кәсіби дайындалған болуы керек.

Қысқаша мазмұны: Сақтандыру қызметін ұйымдастыруды реттеуші заңды және нормативті актілер, басқарушы және әдістемелік материалдар мен құжаттар; сақтандырудың мәні мен қызметі, оның нарықтық экономикадағы рөлі мен орны; сақтандыру қызметінің түрлері, сақтандырудың типтік ережесі мен шарты; сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша мәміле және келісім шарт жасау тәртібі, үшінші тұлғаның тұлғаның сақтандырылған мүліктің зақымдалуы немесе жойылуы үшін зиянды анықтау, сондай-ақ сақтандыруды қамтамасыз ету және сақтандырудың орнын толтыру сомасын төлеу тәртібі; сақтандыру ұйымдарына салық салу, салық түрлері, салықтық бақылау және жинауды ұйымдастыру тәртібі; аймақтық ерекшеліктерінің шарттарын есепке ала сақтандыру қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізі; мемлекеттік бақылау: ревизия мен тексерулерді жүргізудің түрлері мен әдістемесі, олардың нәтижелерін рәсімдеу тәртібі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сақтандыру қызметін ұйымдастыруды реттеуші заңды және нормативті актілер, басқарушы және әдістемелік материалдар мен құжаттар; сақтандырудың мәні мен қызметі, оның нарықтық экономикадағы рөлі мен орны; сақтандыру қызметінің түрлері, сақтандырудың типтік ережесі мен шарты; актуарийлі есепті жүргізу негізі; аймақтық ерекшеліктерінің шарттарын есепке ала сақтандыру қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін біледі.

Икемділік: Мүліктік және жеке сақтандыру келісім шарттарын жасау, сақтандыру жауапкершілігі, қайта сақтандырылу келісім шарттар мен келісімдер бойынша операцияларды жүзеге асыра алу, сақтандыру өнімдеріне (қызмет) сұраныс пен аймақтық жағдайын зерттеу; сақтанушы және сақтандырушы арасындағы қатынастарды реттеуші сақтандыру келісім шарттарын жасау және рәсімдеу; сақтандыру қызметіне келісім-шарттарды жасауда тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыру; сақтандыруды ұйымдастыру қызметіне жоспар (болжам) құру және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттық базаны пайдалану, сақтандыру шарты мен сақтандыру тарифін өңдеу, сақтандыру ұйым қызметінің қаржылық нәтижесін және сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігі мен сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуші бағыттарын анықтау; бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізу, бекітілген нысан бойынша есептілікті құру; сақтандыру ұйым жұмысына және олардың филиалдарына тексеру, клиенттерге сапасыз қызмет көрсеткені үшін қызметтік тергеу жүргізу; кәсіби міндеттерді шешу үшін маманданды-рылған бағдарламамен қамтамасыз етуді қолдана білу.

Дағды: Жеке, мүліктік сақтандыру келісім-шарт жасау, сақтандыру жауапкершілігі; сақтандыру орнын толтыру сомасы мен зиян көлемін анықтау дағдысына ие болады.

Құзіреттілігі:Сақтандыру туралы заңның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру ұйым, сақтандыру агент қызметін тексеру, сақтандыру қызметінің негізгі көрсеткіштерін анықтау бойынша есепті жүргізу саласында базалық білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Акишева Д.М.

23

StdT 0323

Сақтандыру тәуекелі

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Сақтанушы алдында міндеттемелерді орындау үшін сақтандырушының сақтандыру қорын құру үшін сақтандыру тәуекелді бағалаудың теориялық негізін зерттеу.

Қысқаша мазмұны: Сақтандыру тәуекелі. Сақтандыру тәуекелді анықтаудың негізгі критериялары. Тәуекелді басқару (тәуекел менеджменті). Тәуекел-менеджменті. Сақтандыруда тәуекелді басқару-дың тұжырымдылық көзқарас. Тәуекел жағдайында экономикалық субъектілер қызметінің салдарын анықтау. Бұл қызметте мүмкін теріс салдарды сезіне алу. Қабылданған әрекеттің жағымсыз нәтижесінде бейтараптау және компенсациялау бойынша шараларды өңдеу және жүзеге асыру. Тәуекел түсінігі және түрлері. «Сақтандыру тәуекел» түсінігі. Сақтық қорғаныс және оны ұйымдастыру нысандары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сақтандыру тәуекелдің теориялық негізін, түрлерін, негізгі принциптерін біледі.

Икемділік: Сақтандыру тәуекелді бағалау және оларды белгілі жағдайда төмендете алады.

Дағды: Сақтандыру тәуекел саласында білімді тәжірибелік қолдану дағдысына ие болады.

Құзіреттілігі:Сақтандыру тәуекелін төмендету мүмкіндігі және қажеттілігін реттеу қабілеттілігнде базалық білімді көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Жұртыбаева И.С.

24

StdN 0324


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет