Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Сақтандыру нарықтың теориялық және тәжірибелік негізін, сақтандыру нарықтың потенциалын, сақтандыру нарықтың қаржылық құралдарын, сақтандыру нарықтың заңды негізі және сақтандыру қызмет түрлерін зерттеу. Қысқаша мазмұны: Сақтандыру нарығы қызметінің экономикалық мәні. Сақтандыру бойынша қызмет ұсынатын сақтандыру нарығының ерекшелігі қаржылық нарықтың бөлігі ретінде. Ұйымдастыру және жүргізу нысаны бойынша, салалық белгілері бойынша сақтандырудың жіктелуі. Сақтандыру ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бақылау, міндетті лицензиялау сияқты сақтандыру қызметті мемлекеттік реттеу. Сақтандыру нарығының қалыптасуы және даму кезеңдері. Сақтандыру тарифін құру мәні, міндеттері және олардың түрлері. Тарифтік саясаттың принциптері. Сақтандыру нарықтың динамикасы, сақтандыру нарықты қалыптас-тыру және дамыту бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық шарала-ры, сақтаныдру қызметтің нақты түрлеріндегі келісім-шарттар (сақтандыру өнімдер), авариялық жазылу (авариялық бонд).
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Сақтандыру ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бақылау жүйесін біледі. Нарық конъюнктурасына сақтандыру компаниялардың бағыттылығы, қанағаттанарлықсыз және потенциалды сақтандыру мүдделеріне жасалынған шарты жекелеген сақтандыру түрлерінің максималды бейімделуі.
Икемділік: Сақтандыру қоғамында орын алған экономикалық және әлеуметтік дәлелденген клиенттердің сақтандыру мүдделерін анықтай алу.
Дағды: Сақтандыру нарығына қатысушылардың өзара іскерлік бойынша дағдыға ие болады. Үнемі өзгермелі жағдайда рентабельді жұмысты қамтамасыз ету. Клиенттердің мүдделерін сақтау және сақтандырушының қоғамдық имиджін қолдау мақсатында компанияның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Құзіреттілігі: Іскерлік қатынастар тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сақтандыру компаниялардың көрсететін қызмет сапасы, көлемі және құрылымы бойынша клиенттің сұранысын максималды қанағаттандыруда базалық білімді көрсетеді. Сақтандыру компания ұжымының коммерциялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік мәселелерін кешенді шешу.
Бағдарлама жетекшісі: Құрманбекова Г.А., Омарова А.К.
25
|
SOKT 0325
|
Сақтандыру операцияларды қаржылық талдау
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Сақтандыру операцияларға экономикалық талдау жүргізу және ұйымдастырудың теориялық негізін зерттеу және оны ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар меншік құралдарын, сақтандыру компанияның төлем міндеттемелерін талдау, қаржылық нәтижелерді талдау. Сақтаныдру фирма қызметін экономикалық талдаудың шетел тәжірибелерін талдау.
Қысқаша мазмұны: Сақтандыру ұйымды басқару жүйесіндегі қаржылық талдаудың рөлі мен орны. Сақтандыру компанияның қаржылық есептілігін талдау. Сақтандырушының меншік капиталын қалыптастыруды талдау. Сақтандыру қорланы қалыптастыру және орналастыруды талдау. Инвестициялық табысты қалыптастыруды талдау. Сақтандыру ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау. Сақтандырушының төлем қабілеттілігі мен актив және олармен қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің қатынастарын нормативті анықтау. Сақтандыру ұйымның өтімділігі және оны талдау. Сақтандыру ұйымның қаржылық нәтижелерін қалыптастыруды талдау. Азиаттық ел Қытай, Жапония мысалында сақтандыру компанияның қаржылық тұрақтылығын ретеу ерекшелігі. ТМД және Балтии елдеріндегі төлем қабілеттілікті есептеу ерекшелігі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Сақтандыру ұйым қызметіне кешенді қаржылық талдау жүргізу процесін біледі. Экономикалық талдау жүргізу үшін әртүрлі әдістер мен жолдарды студент меңгеру.
Икемділік: Меншік капиталды пайдалану, кіріс және шығыс, салық салу және қаржылық нәтижелер, актив сапасы, экономикалық нормативтердің орындалуы, операцияның табыстылығы көрсеткіште-ріне сауатты талдау жүргізе білу. Қалыптасатын тәуекелдерді бағалау.
Дағды: Сақтандыру компаниясы және фирма қызметіне экономикалық талдау жүргізу және ұйымдастыруда жүйелі білімді меңгеру дағдысына ие болу, сақтандыру ұйымның міндеттемелері мен ресурстарды қалыптастыру және пайдалануды талдаудың әртүрлі әдістерін меңгеру, ұйымды басқару бойынша қабылданған шешімдер стратегиясын жасау.
Құзіреттілігі: Сақтандыру компанияны басқарудағы дәлелденген шешімдерге сәйкес қабылданған талдау жүргізу әдістемесін меңгеру саласындағы базалық білімді көрсетеді; талдау жүргізуде жетілген әлемдік тәжірибені сауатты қолдану; бірнеше альтернативалардан шешімді қабылдау және нақтылай алу. Сақтандыру ұйымның қаржылық қызметін нақты сараптамалық зерттеу үшін қажетті негізді алу.
Бағдарлама жетекшісі: Есенгельдинова С.Ж., Омарова А.К.
|
«Бағалы қағаздар нарығы» білім беру траекториясы
|
26
|
KND 0326
|
Қаржылық нарық және делдалдар
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Студенттерге қазіргі қаржылық нарықта операцияларды тиімді басқар әдістемесін оқыту. Қысқаша мазмұны: Қаржылық нарық түсінігі және оның функциялары «Қаржылық делдалдар және олардың функциялары». Қаржылық нарық құрылымы. Қаржылық нарық инфрақұрылымы. Капитал нарығының түсінігі, оның құралдары мен қатысушылары. Ақшалай нарық түсінігі, оның құралдары мен қатысушылары. Валюталық нарық түсінігі, оның құралдары мен қатысушылары. Туынды бағалы қағаздар нарығы, оның құралдары мен қатысушылары. Халықаралық қаржылық нарық. Қаржылық нарықтағы коммерциялық банктердің қызметі. Қаржылық нарықтағы зейнетақылық қор қызметі. Қаржылық нарықтағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі. Қаржылық нарықтағы брокерлік-дилерлік қызмет.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қаржылық институттар ұсынатын қызметтер түрлерін, баға құру әдістемесін, оларды басқару стилін, ішкі және халықаралық нарықта тиімді қызмет ету стратегиясын білу.
Икемділік: Қаржылық нарық және оның қатысушылары қызметінің мәнін түсіну, қаржылық нарық құрылымын және қаржылық институттар ұсынатын қызметтер түрлерін біледі.
Дағды: Қаржылық нарықтың қызмет ету механизмін және қаржылық нарықтың әрбір сегментінің қызмет ету ерекшеліктерін білу. Қаржылық нарықты реттейтін нормативті құқықтық базаны қарастыру және қаржылық нарықтың әрбір құрамдас бөлігінің қызметін білу, түрлі елдердегі қаржылық институттардың, қаржылық делдалдардың, қаржылық нарықтың кәсіби қатысушыларының қызметіне әсер ететін факторларға талдау жасай білуге дағдылы.
Құзіреттілігі: Қаржылық институттардың мүмкін болатын тәуекел-дерді бағалауда және олардың жағымсыз салдарын төмендету жолдарын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Жұртыбаева И.С.
|
27
|
BKNB 0327
| |
Достарыңызбен бөлісу: |