3 Электр қауіпсіздігі бойынша нұсқаудың түрлері
Жұмыскерлерді дайындаған, қайта дайындаған, басқа мамандықты алған квалификациясын тікелей кәсіпорындарда жоғарылатқан кезде немесе техникалық еңбек қауіпсіздігіне оқытуды мамандарды дайындау бөлімінің немесе кәсіпорынның бөлімдері мен қызметкердің керекті мамандарын тарту немесе басқа ұйымдардың техникалық оқылуы.
Еңбек қауіпсіздігі бойынша оқу бағдарламалары теориялық және өндірістік оқылуды қарастыру керек.
Еңбек қауіпсіздігі мәселелері басқа жабдықтық оқу пәндеріне технологиялық құрастырмасына және т.б. байланысты енгізілуі керек.
Еңбек қауіпсіздік әдістері мен әдістемелеріне өндірістік оқыту оқытушының немесе жоғарғы квалификация жұмыскерлердің басшылығымен жүргізеді.
Еңбек қауіпсіздігін оқытуды, халық шаруашылығының кадарларын үсдіксіз кәсіби және экономикалық оқытуды, типтік жағдайға сәйкес жасалған типтік бағдарламалар негізінде құралған бағдарламалары бойынша өткізулері керек және салалық кәсіподақ ұйымдарымен еңбек қауіпсіздігіне қосымша талаптар қойылатындарға сәйкес мемлекеттік бақылау органдарымен келіседі.
Еңбек қауіпсіздігін оқыту, еңбек қауіпсіздігіне қосымша талаптар қойылатын мамандықтар бойынша жұмысшыларды дайындау кезінде еңбек қауіпсіздігі бойынша емтиханмен аяқталады.
Өткізу сипаты мен уақытына қарай нұсқау былай бөлінеді: кіріспе, жұмыс орнындағы бастапқы, қайталанатын, жоспарсыз, мақсатты.
4 Кәсіпорындағы электр қауіпсіздігіне және электр қауіпсіздігі бойынша ережелерді бұзуға жауапкершілік
4.1 Өндірістік кәсіпорындағы электр қауіпсіздігіне жауапкершілік
Кәсіпорындағы электр шаруашылығы қауіпсіздігіне және құрылғыны, электр қондырғыны техникалық пайдалануда және қауіпсіз қызмет көрсетуде істегі ережелерін орындау бас инженерге, бас энергетикке (бас механикке), электр цехтың бастығына, цех энергетиктеріне және кәсіпорынның кез келген бөлімін басқарушыға жүктеледі.
Кәсіпорынның бас энергетигі электр жабдыққа дер кезінде тексеруді, ағымдық және жоспарлық жөндеуді, жарықтағыш аппаратураны және жарық шағылыстыратын беттерді тазалауды, дер кезінде электр жабдықтардың тозуынан және ақаулығынан электр жарақаттарды дер кезінде алдын алуды; электр жабдықтарға қызмет көрсететін тұлғалардың білімін тексеруді; қызметкерлерді нұсқаулармен қамтамасыз етуді, электр қауіпсіздігі бойынша арнайы іс-шаралар өткізуді (қорғағыш құралдарды сынауды, оқшаулау және т.б.); жерлендіру жағдайын тексеруді; дер кезінде паркті электр қондырғыға керекті қосымша бөлшектермен толықтыруға; электр қондырғылардың тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуіне себеп болатын жаңа техниканы енгізуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |