Электр қауіпсіздігі Жоспар


Статикалық электрленудің зиянды әсерін өндіру технологиясын жаңалау жолымен жою



бет22/27
Дата14.12.2023
өлшемі153.18 Kb.
#486548
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
f61dbbe17d5d170

2 Статикалық электрленудің зиянды әсерін өндіру технологиясын жаңалау жолымен жою
Таспалы және ленталы тасымалдаулар. Статикалық электрленуден қорғау түгелдей алғанда электростатикалық өткізетін материалдан шкивті құру және қондырғының өткізгіш элементтерін жақсы жерлендіру; шкивтен таспаның шығатын жерлерінде орнатылатын жерлендірілген жұмсақ металл щетканың көмегімен зарядтарды тікелей алу; таспаны өткізетін қоспамен жабу; ауаны жалпы ылғалдау арқылы жасалады
Шаң. Өндірістік шаңның электрлену қаупін ескерту үшін келесі шараларды қолданады: аэрозольдар пайда болуы мүмкін болатын шаңды сүзгілеу, елеу, ұсақтау, сепарациялау, жылжыту, тасымалдау үрдістері жүретін құбырларды, машиналардың, аппараттардың, сүзгілердің, елегіштердің кожуқтарын жерлендіру; майлы қабыршықпен подшипниктен оқшаулануы мүмкін (бұл кезде әсіресе валмен түйісуді тыянақты орындау талап етіледі) машина валын немесе трансмиссиясын щеткалық түйісу жолымен жерлендіру; шаң тасымалданатын құбырларды жерлендіру; құбырларда шаң өзінің зарядтарын беретін металл жерлендіргештер (торлар) орнату керек; ауаны максимумға дейін(80%) ылғалдау, егерде бұл өндірістік жағдайлар бойынша мүмкін болса.
Мұнай өнімдері. Мұнай өнімдері құбырлармен және әртүрлі сыйымдылықтармен (резервуар, цистерна) өте отырып, төменгі электр өткізгіштігінің салдарынан күшті электрленеді. Статикалық электрленудің қауіпті байқалуын болдырмау мен қорғанудағы іс-шараларды мұнай өнімдерінің физикалық-механикалық қасиеттерін, олардың жарылғыштығын және температураларын, электрлену және электр зарядтарын жинау қабілетін, өндірістік үрдістің сипатын есепке ала отырып нақты таңдау керек. Бұл кезде мынаны ескеру керек, көптеген көмірсутектер дұрыс атмосфералық қысымда және температурада олардың булардағы құрамы көлем бойынша 0,7 ден 8% -дейінгі шектерде болғанда жарылады.
Статикалық электрлену және оның қауіпті байқалуын болдырмау үшін жерлендіру жасайды.
Мұнай өнімдерінің берілу жылдамдығы мұнай өнімдерінің статикалық электрленуіне тікелей әсер ететін фактор болып табылады.
Құбырлардағы, шлангілердегі және жабдықтардағы зарядтардың генерленуінің әлсіреуі мұнай өнімдерінің ағын жылдамдығының 1 – 2 м/сек дейін төмендеуімен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бірақ жылдамдықты шектеу технологиялық үрдістердің қарқынды болуына кедергі келтіреді. Сол себепті зарядтардың жинақталуын болдырмаудағы бұл тәсіл қазіргі замандағы мұнай өнімдерінің өндірісі мен тұтыну масштабында тиімді деп есептелмейді. Өте тиімді болып тікелей сыйымдылық алдында орнатылатын тыныштандыру бөлімінің немесе релаксациялық сыйымдылықтың құрылғысы табылады.
Статикалық электрленуді болдырмау немесе қауіпті байқалуын әлсірету бойынша іс-шаралардың барлығының ішінен өте тиімдісі болып мұнай өнімдерінің электр өткізгіштігін жоғарылату табылады. Бұған мұнай өнімінің құрамына антистатикалық қоспаларды (заттарды) енгізу жолымен жетеді, олардың ішіндегі ең жақсысы хромның және кобальттың олеаты мен нефтепаты (хромның олеаты бензиннің Б-70 электр өткізгіштігін 1,2·104 есе жоғарлатады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет