Электр қауіпсіздігі Жоспар


Статикалық электрдің адамға әсер етуі



бет23/27
Дата14.12.2023
өлшемі153.18 Kb.
#486548
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
f61dbbe17d5d170

3 Статикалық электрдің адамға әсер етуі
Адамдардың статикалық электрмен электрленуі қазіргі кезде өте көп тараған құбылыс.
Өндірістік кәсіпорындарда жұмыс үрдісі кезінде адам электр статикалық разрядтардың әсер етуінен жағымсыз сезімді сезеді, тепе-теңдігін жоғалтады. Сонымен бірге кабель желілерін пайдаланған кезде кабельдердің сыйымдылық зарядтары 6 кВ және оданда жоғары разрядты токтардан ауыр зақымдану және тіпті өлім жағдайлары болған кездер белгілі.
3.1 Статикалық электрден адамдарды қорғау бойынша іс-шаралар
Электрленуден болатын салдарлар адам организміне қауіпті және зиянды әсер ететін статикалық электрдің алдын алу бойынша іс-шараларды жасау кректігін көрсетіп отыр.
Тұрмыста адам жоғарғы диэлектрлік қасиеттері бар материалдардан жасалған әртүрлі бұйымдармен түйіскен кезде ұзақ электрлену үрдісіне ұшырауы мүмкін. Электрленудің мұндай көздер санына жататындар: синтетикалық және басқада электр өткізбейтін материалдардан жасалған едендер төсеніш кілемдер; жоғарғы кедергісі бар рәзеңке, каучук, тері алмастырғыш табанды электр өтізбейтін аяқ киім; жасанды елтіріден жасалған киім; жоғарғы оқшаулағыш қасиеттері бар материалдардан және маталардан жасалған киім және іш киім; электр өткізбейтін материалдардан жасалған жиқаз. 
Адамдар болатын және әсіресе арнайы арналған ғимараттардың (бала-бақшалардың, мектептердің, балалар сарайының, ауруханалардың, дем алыс орындарының және т.б.) барлық бөлмелерінің едендері электр өткізетін болулары керек.
Едендерге төсеу үшін арналған плиталар материалы былай таңдалып алынуы керек, бір плиталар оң электрленсе, басқалары теріс электрленуі керек.
Белгілі бір тәртіппен плиталарды орналастырған кезде адам аяғы бір мезгілде қос-қостан плиталарды басып тұратындай болғанда, еденмен жүрген кезде пайда болатын элетрленуді біршама дәрежеге төмендетуге болады.
Кілем, төсеніш кілемшелерді, жиқаз үшін жабулар және т.б. материалдарын таңдағанда, оларды әртүрлі белгілі (біреулері-оң, басқалары-теріс) электрленетін талшықты және басқада материалдардан орындағанда осы әдісті пайдалануға болады.
Өндірістік бөлмелерде электр өткізетін еден үшін мастиканы пайдалануға болады. Мастика, еденнің немесе басқада электр өткізетін төсеніштердің электр өткізгіштігін жоғарлата отырып адам организміне статикалық электрдің биологиялық әсерін төмендетеді.
Адамдардағы аяқ киім, электрлену мүмкін болатын жағдайларда, электр өткізетін табандары теріден немесе жасанды материалдардан жасалған электр өткізгіш болулары керек.
Жиқаз оның мықтылығына жауап беретін мықты және электрленбейтін кез-келген материалдардан жасалуы мүмкін.
Адам денесінің терісімен жанасқанда маталардың электрленуін болдырмау үшін киім, іш киім, төсеніш және арнайы арналған киімдер үшін маталар дайындалатын бастапқы материалдарды (материалдарды таңдау әдісімен) араластыру келесі түрде ұсынылады: барлық гигиеналық материалдар, яғни адам денесімен үйкелген кезде оң электрленетін материалдарды бір-бірімен кез келген қатынаста және қалауда араластыруға болады; адам терісімен үйкелген кезде оң өріс алатын материалдарды сондай жағдайдаларда теріс өріс алатын материалдармен араластыру тең мөлшерде жүргізіледі. 14.1-кестеде материалдардың электр статикалық қатарлары келтірілген, оларды адам денесінің терісімен жанасқанда электрленетін және адамның өзін электрлендіретін киім және арнайы іш киім таңдағанда ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет