«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» акционерлік қОҒамы



бет6/9
Дата24.02.2016
өлшемі0.91 Mb.
#16224
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8. БАСҚА ДА ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР
2008 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша 88,046 мың теңге сомасына басқа да ұзақ мерзімді активтер Топтың қызметкерлеріне пәтер сатып алу үшін берілген пайызсыз заемдармен берілген (2007 жылғы 31 желтоқсанда: 17,512 мың теңге). Топ аталған заемдарды 2008 жыл ішінде 10,86% (2007 жылы 8,33%) құрайтын тиімді пайыздық мөлшерлемені қолдана отырып, өтелім құны бойынша бағалайды.
9. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР
Тауарлы-материалдық қорлар 2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша мына түрде берілген:





2008

2007

Қосалқы бөлшектер

954,335

1,029,825

Шикізат пен материалдар

512,920

483,995

Жанар-жағар май материалдары

109,806

84,308

Басқа да бөлшектер

100,569

133,176

Қызметкерлерге арналған пәтерлер

8,528

30,088




1,686,158

1,761,692

Өтімсіз тауарлы-материалдық қорларға резервтерді шегерумен

(443,836)

(502,755)




1,242,322

1,258,637

2004 жылы Топ өзінің әкімшілік кеңсесін Алматы қаласынан Астана қаласына көшірді. 2007, 2006 және 2005 жылдары Топ бұдан кейін өздерінің көшіріліп келген қызметкерлеріне жеңілдетілген шарттармен сату үшін тұрғын үйлерді сатып алды және салды. 2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша тауарлы-материалдық қорларға есептік кезеңнің соңында қызметкерлерге сатылмаған және келесі есептік кезең ішінде сатылуы тиісті пәтерлер кіреді.


2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша теңгерімдік құны 697,807 мың теңге және 615,143 мың теңге тауарлық-материалдық қорлар, сәйкесінше, авариялық қорларға енгізілді (30-ескертуді қараңыз).
2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы өтімсіз тауарлы-материалдық қорлар резервтердегі өзгеріс мына түрде көрсетілген:





2008

2007

1 қаңтарға қарай

(502,755)

(597,812)

Бұрын құрылған резерв есебінен тауарлы-материалдық қорларды есептен шығару

58,919

95,449

Резервтерді есептеу

(22-ескертуді қараңыз)



-

(392)

31 желтоқсанға қарай

(443,836)

(502,755)


10. САУДА-САТТЫҚ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК
Сауда-саттық дебиторлық берешек 2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша мына түрде ұсынылған:




2008

2007

Қуатты реттеу

490,797

594,440

Электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру

395,211

-

Электр энергиясын жеткізу

233,017

292,807

Техникалық диспетчерлеу

210,112

113,839

Тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі құралдарды сату

23,292

99,327

Электр энергиясын резервтеу

33,580

22,974

Сатымдық электр энергиясы

49,813

12,199

Басқа да

75,615

47,626




1,511,437

1,183,212

Күмәнді берешектер бойынша резервтен шегерумен

(600,254)

(638,333)




911,183

544,879

2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ірі тұтынушылардың 73,710 мың теңге және 92,292 мың теңге сомасына электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметі үшін дебиторлық берешегі, сәйкесінше, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі («ЕҚДБ»), Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі («ХҚДБ») және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («ҚДБ») «500 кВ Солтүстік-Оңтүстік транзитінің екінші электр жеткізу желісін салу» 1-2-3-кезеңдері жобасы бойынша берген несие желілерін кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады (16-ескертуді қараңыз).






2008

2007

1 қаңтарға қарай

(638,333)

(739,763)

Бұрын құрылған резерв есебінен сауда-саттық дебиторлық берешекті есептен шығару

151,693

506,849

Бұрын құрылған резервті қалпына келтіру (22-ескертуді қараңыз)

31

37

Резервті есептеу (23-ескертуді қараңыз)

(113,645)

(405,456)

31 желтоқсанға қарай

(600,254)

(638,333)

2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша сауда-саттық дебиторлық берешек теңгемен берілді.


11. ӨТЕЛЕТІН САЛЫҚТАР
2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша өтелетін салықтар мына түрде берілген:




2008

2007

Қосымша құн салығы («ҚҚС»)

372,042

571,929

Мүлік салығы

21,536

29,534

Жеке табыс салығы

16,557

40,396

Әлеуметтік салық

1,374

18,252

Басқа да салықтар

9,931

2,623




421,440

662,734


12. БАСҚА ДА ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕР, АЛДАҒЫ КЕЗЕҢДЕРДІҢ ШЫҒЫСТАРЫ МЕН БЕРІЛГЕН АВАНСТАР
Басқа да дебиторлық берешек, алдағы кезеңдердің шығыстары мен берілген аванстар 2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша мына түрде берілген:




2008

2007

Орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметтерге және ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға аванстар

12,568,882

10,665,257

Материалдарды және басқа да активтерді жеткізуге аванстар

121

982,240

Алдағы кезең шығыстары

24,194

11,761

Басқа да дебиторлық берешек

38,964

24,171




12,632,161

11,683,429

Берілген аванстардың құнсыздануы және басқа да күмәнді дебиторлық берешек бойынша резервті шегергенде

(25,232)

(23,559)




12,606,929

11,659,870

Ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға берілген аванстарды шегергенде

(9,181,358)

(11,598,700)




3,425,571

61,170

2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсанда аяқталатын жылдағы берілген аванстардың құнсыздану бойынша және басқа да күмәнді дебиторлық берешек бойынша өзгерістер мына түрде берілген:







2008

2007

1 қаңтарға қарай

(23,559)

(194,177)

Бұрын құрылған резерв есебінен берілген аванстарды есептен шығару

2,051

10,435

Бұрын құрылған резервті қалпына келтіру

(22-ескертуді қараңыз)



796

160,183

Резервті есептеу (22-ескертуді қараңыз)

(4,520)

-

31 желтоқсанға қарай

(25,232)

(23,559)

2008 жылғы 30 қарашада Топ Қырғыз Республикасы, «Электр станциялары» ААҚ-на 2009 жылғы мамыр-қыркүйекте жеткізілетін электр энергиясын сатып алу үшін 3,000,000 мың теңге мөлшерінде аванс берді (15-ескертуді қараңыз).


13. БАСҚА ДА ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕР
2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша басқа да қаржылық актитвтер мына түрде берілген:





2008

2007




% мөлшерлеме

сома

% мөлшерлеме

сома

«Батыс-транзит» АҚ-ның облигациялары

19%

1,110,103

9%

713,197

«Батыс-транзит» АҚ қаржылық көмек

-

1,000,000

-

-

«АТФ Банк» АҚ-дағы депозит

10,5%

428,205

10%

409,398










2,538,308

1,122,595


2008 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша басқа да қаржылық активтер «АТФ-Банк» АҚ-да 428,205 мың теңге сомасына тіркелген пайыздық мөлшерлемесі жылдық 10,5% депозитпен берілген (2007 ж. 31 желтоқсан: 409,398 мың теңге). Депозит тек қана Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы ХҚДБ-ның заемдары бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімге сәйкес қолданыла алады (16-ескертуді қараңыз).
2008 жылғы сәуірде және 2007 жылғы қазанда Топ сәйкесінше 6,720,000 дана және 3,000,000 дана көлемінде «Батыс-транзит» АҚ-ның купондық облигациясын сатып алды. Сатып алу сәтіндегі табыстылық сәйкесінше, 18,39% және 9,081% құрады. Есептелген купонды өтеу әр жылдың 30 наурызы мен 30 қыркүйегінде жүзеге асырылады. Облигацияларды өтеу күні – 2019 жылғы 30 наурыз, бірақ Топтың бастапқы талап етуі бойынша 2008 жылғы 30 наурыздан кейін кез-келген уақытта облигацияларды Топтың сату құқығы мен «Батыс-транзит» АҚ-ның сатып алу міндеттемелері туралы уағдаластық бар, сәйкесінше, аталған облигациялар басқа да қаржылық активтер сияқты көрсетілген.
Өңіраралық электр жеткізу желісін аяқтау үшін «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облыстары» инфрақұрылымдық жобасын іске асыру мақсатында 2008 жылы Топ «Батыс-транзит» АҚ-ға, қауымдастырылған компанияға 1,000,000 мың теңге мөлшерінде 360 күнге дейінгі мерзімге қайтарымдылық негізде қысқа мерзімді қаржылық көмек көрсетті (2007: нөл).

14. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАЛАМАЛАРЫ
Басқа да қаржылық активтер 2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша мына түрде берілген:




2008

2007

Банк шоттарындағы ақша қаражаттары қазақстандық теңгемен

4,340,153

3,552,085

Банк шоттарындағы ақша қаражаттары, шетел валютасымен

1,491,023

1,913,548

Қысқа мерзімді депозиттер

6,227,128

1,645,416

Арнаулы шоттардағы ақшалар

3,907

4,791

Кассадағы ақшалар

4,708

7,181




12,066,919

7,123,021

2008 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша ақша қаражаттары мен олардың баламлары мына валюталарда берілген:







2008

2007

Теңге

10,575,896

5,209,473

АҚШ доллары

1,489,165

1,912,442

Еуро

984

1,013

Ресей рублі

874

93




12,066,919

7,123,021

2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Топтың 3,527,229 мың теңге және 2,504,871 мыңтеңге сомасына ақша қаражаттары, сәйкесінше, ЕҚДБ, ХҚДБ мен ҚДБ ұсынған кредиттік желілердің кепілдікті қамтамасыз етілуі болып табылады (16-ескертуді қараңыз).


2008 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша банк шоттарында көрсетілген 5,231,835 мың теңге сомасына ақша қаражаттарын ЕҚДБ, ХҚДБ мен ҚДБ-мен жасалған кредиттік келісіммен анықталған мақсаттар үшін ғана пайдалануға болады (2007 ж. 31 желтоқсан: 4,804,477 мың теңге) (16-ескертуді қараңыз).
2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша депозиттер мен ағымдағы шоттар бойынша пайыз түріндегі есептелген, бірақ алынбаған табыстардың сомасы сәйкесінше, 146,719 мың теңгені және 56,525 мың теңгені құрды.
31 желтоқсандағы жай-күй бойынша банктерде депозиттер мына түрде берілген:





2008

2007




% мөлшерлеме

сома

% мөлшерлеме

сома

«Халық Банкі» АҚ

10,5%

2,050,372

-

-

«Алматы Сауда-Қаржы Банкі» АҚ

10,5%

1,315,894

-

-

«БТА банк» АҚ

11,7%

1,028,454

-

-

«БТА банк» АҚ

11,5%

516,156

-

-

«Алматы Сауда-Қаржы Банкі» АҚ

11%

506,532

9,0%

307,819

«Банк Центркредит» АҚ

12,0%

507,126

-

-

«Казкоммерцкбанк» АҚ

-

-

9,0%

718,594

«Казинвест Банк» АҚ

-

-

9,6%

515,273

«Цесна-Банк» АҚ

-

-

10,0%

103,730










6,227,128

1,645,416

Депозиттер банктерде 3 айға дейінгі бастапқы өтеу мерзімімен немесе Топтың талап етуі бойынша қайтару шарттарында орналастырылған.


15. ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ
2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Топтың жарғылық капиталы, сәйкесінше, әр қайсысының атаулы құны 10,000 теңге 8,285,588 және 7,562,588 орналастырылған және төленген жай акциялардан тұрды. Әр жай акцияның бірдей дауыс беру құқығы бар. Топтың 2008 ж. мен 2007 ж. 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша артықшылықты акциялары жоқ.
Топтың мемлекеттік акция пакеттерін орналастырылатын акцияларды төлеу үшін Самұрыққа табыс ету туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі №142 бұйрығына сәйкес 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ-ның жалғыз акционері «Самұрық» болып табылды.
2007 жылы Самұрық Топ шығарған атаулы құны 10,000 теңге бір жай акцияны сатып алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №699 Жарлығына сәйкес «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ мен Самұрық бірігу жолымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына») қайта құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қабылданған шешімдері негізінде Самұрықтың жарғылық капиталындағы 100% акциялар Самұрық-Қазынаның меншігіне табыс етілді. 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Топтың жалғыз акционері Самұрық-Қазына болып табылды.
2008 жылғы 11 ақпанда Самұрық жарияланған жай акциялардың санын арттыру және оларды 9,350,000 мың теңге сомасына сатып алу арқылы Топтың қызметіне қатысу туралы шешім қабылдады. Аталған қаражаттарды Топ «Мойнақ ГЭС қуатын беру» және «Ұлттық электр желілерін жаңғырту, 2-кезең» сияқты жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Бұл шешімнің негізінде 2008 жылғы 29 тамызда Топ 935,000 жай акцияларды 10,000 теңге атаулы бағасы бойынша орналастыру туралы шешім қабылдады. 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша 423,000 жай акциялар орналастырылып, Самұрық-Қазына сатып алды. Акциялардың 512,000 жай акциялар көлеміндегі қалған бөлігі 2009-2010жж. орналастырылатын және төленетін болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы №952 қаулысына сәйкес Үкіметтің резервінен Топтың жарғылық капиталын арттыру үшін Самұрық-Қазынаға 3,000,000 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінген болатын. Көрсетілген қаражаттар мақсатты болып табылады және Қырғыз Республикасында сатып алынатын электр энергиясын алдын ала төлеуге бағытталған (12-ескертуді қараңыз). Аталған қаулыға сәйкес 2008 жылғы 24 қарашада Топ Самұрық-Қазына 10,000 теңге атаулы құны бойынша сатып алған 300,000 жай акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдады.
Жай акцияларды ұстаушылардың дауыс беру құқығы бар, бірақ дивидендтер төлеуге кепілдік берілмеген. 2008 жылы Топтың жалғыз акционері 2007 жылғы қорытынды бойынша 136,607 мың теңге сомасына жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады (2007ж.: 2006 жыл қорытындысы бойынша 81,802 мың теңге).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет